5-сынып. Математика. Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу тақырыбына сабақ жоспары

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5-сынып. Математика. Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу тақырыбына сабақ жоспары5-сынып. Математика

«Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу» тақырыбына сабақ жоспары

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың натурал сан, құрама сан туралы білім, білік, дағдыларын кеңейту, құрама санды жай көбейткіштерге жіктеудің тәсілдерімен таныстырып, есептер шығару барысында қолдануға дағдыландыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушылардың құрама туралы ұғымдарын кеңейте отырып, құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу арқылы жазуды және көбейткіштері арқылы құрама санды табуды үйрету;

Дамытушылық: оқушылардың натурал сан туралы ой-пікірлерін кеңейту, құрама санға және жай санға есептер шығара отырып, шығармашылық-танымдық қабілеттерін қалыптастыру;

Тәрбиелік: оқушыларды есептер шығару барысында ұжым болып жұмыс жасауға, сонымен қатар, ұқыптылыққа,өз бетімен есеп шығаруға, жүйелі түрде әрекет етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, есептер шығару, ой қорытынды

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі: оқулық, сызбалар,суреттер.

Сабақтың пәнаралық байланысы: математика.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесіп,сыныпты түгелдеу.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.Оқу құралдарының дайындығын тексеру.


ІІ.Оқушылардың қызығушылығын ояту

5-сынып. Математика. Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу тақырыбына сабақ жоспары

ІІІ Жаңа материалды игертуге дайындау

Натурал санның жай және құрама сан болып бөлінетіндігін еске түсіру, құрама сан және жай санға түсінік беру. Дәреже ұғымын еске түсіру.

ІҮ Жаңа материалды түсіндіру

І. Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу

Әрбір құрама санды жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазуға болады. Мысалы, 15=3*5, 28=2*2*7, 99=3*3*11

Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу дегеніміз оны тек қана жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу.

Мысалы, 90 саны - құрама сан: 90=2*3*3*5

Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеудің екі тәсілі бар.

1-тәсіл. Берілген құрама сан екі көбейткіштің көбейтіндісі ретінде жазылады. Егер көбейткіштердің арасында құрама сан болса, ол екі жай санның көбейтіндісі түрінде жазылады. Нәтижесінде берілген құрама сан жай сандардың көбейтіндісі түрңнде жазылады. Мысалы, 75=5*15=5*5*3. 63=7*9=7*3*3.

Көбейтіндідегі жай сан көбейткіштер қысқаша «жай көбейткіштер» деп аталады.

2-тәсіл. Натурал сандардың бөлінгіштігін пайдаланып, құрама сандарды жай көбейткіштерге (өсу ретімен) баған түрінде жіктеу.

Құрама санды өсу ретімен баған түрінде жіктегенде:

  1. Берілген құрама сан жазылып, оның оң жағынан вертикаль сызық сызылады.

  2. Берілген құрама санның ең кіші жай бөлгіші таңдап алынып, ол вертикаль сызықтың оң жағына жазылады. Жай сан бөлгіштерді өсу ретімен таңдап жазу келісілген.

  3. Вертикаль сызықтың сол жағына, берілген құрама санның астына, әрбір реттегі бөлуден шыққан бөлінділер жазылады.

Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу сол жақ бағандағы бөліндіде 1 шыққанда аяқталады.

Вертикаль сызықтың оң жағындағы бағанда берілген құрама санның жай көбейткіштері өсу ретімен жазылады.

Жай көбейткіштерді тауып, баған түрінде жазғаннан кейін, оларды көбейтінді түрңнде жазу керек. Мысалы, 780 санын жай көбейткіштерге жіктейік:

780 2

390 2 жай көбейткіштер:

195 5 780=2*2*5*3*13

39 3

13 13

1

Бұл тәсіл көбінесе үлкен құрама сандарды жіктеуде пайдаланылады.

Құрама сан өзі жіктелген жай көбейткіштердің көбейтіндісіне тең.

Берілген құрама санның жай көбеткіштерге жіктелуінде жай көбейткіштер құрамы бір ғана түрде болады, тек олардың жазылу реттілігі әр түрлі болуы мүмкін.

Ү. Есептер шығару

№670 есеп. Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеңдер:

  1. 14=2*7

26=2*13

35=5*7

38=2*19

52=2*2*13

87=3*29

  1. 4=2*2

9=3*3

25=5*5

32=2*2*2*2*2

49=7*7

92=2*2*23

  1. 12=2*2*3

18=3*3*2

51=3*17

58=2*29

78=2*3*13

105=5*3*3*3

№671 есеп.Көбейтінділер қандай құрама санның жай көбейткіштерге жіктелуі болады?


  1. 2*3*5=30

  2. 2*2*3*7=84

  3. 2*3*3*5=90

  4. 2*2*2*5=40

  5. 2*5*7*11=770

  6. 2*3*3*11=1980

№672 есеп. Құрама санның жай көбейткіштерге жіктелуі бойынша:

а= 2*7*13=182

в=5*7*11=385

с=3*7*11=231

d=2*3*11=66

x=3*7*13=273

m=3*5*7=105

n=5*11*13=715

y=2*7*11=154

d=2*3*19=114

2-ге бөлінетін сандар: 182,66,154,114

3-ке бөлінетін сандар: 231,273,105,66,114

5-ке бөлінетін сандар:385,105,715

№673 есеп. а:в бөліндісінің мәнін табыңдар.

  1. а= 5*7*13, в=7*13 болса, а:в=5

  2. а= 11*13*41, в=11*41 болса, а:в=13

  3. а= 7*3*19, в=7*19 болса, а:в=3

  4. а= 2*2*41, в=2*41 болса, а:в=2

  5. а= 3*3*29, в=3*29 болса, а:в=3

  6. а= 2*11*37, в=2*37 болса, а:в=11

ҮІ. Жаңа білімді бекіту

Жаңа материалды бекіту сұрақтары:

  1. Қандай өрнек дәреже деп аталады?

  2. Құрама сан дегеніміз не?

  3. Жай сан деп нені айтамыз?

  4. Жай көбейткіштер деп нені айтамыз?

  5. Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу деген не?

  6. Неше тәсілі бар?

Үйге тапсырма: №674 есеп (нұсқау беру), тақырыптың мазмұнын оқу.

Қорытындылау: сабақ өз мақсатына жеткенін хабарлап, сабақты қорытындылаймын.

Бағалау: Оқушылардың сабақ барысында көрсеткен білім деңгейін, өзіндік жұмыс нәтижесін ескере отырып бағалау.



© 2010-2022