Оқушыларды математикадан ҰБТ-ға дайындаудағы топтық-бірлескен жұмыстың тиімділігі

Раздел Математика
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 23 жалпы білім беретін мектеп КММ



Жаратылыстану-математика пән мұғалімдерінің

қалалық семинары



Семинардың тақырыбы:



Оқушыларды математикадан ҰБТ-ға

дайындаудағы топтық-бірлескен жұмыстың

тиімділігі

Оқушыларды математикадан ҰБТ-ға дайындаудағы топтық-бірлескен жұмыстың тиімділігі



Математика пәні мұғалімі:

Муздыбаева Б.Н.

Шакенова Г.О.





2015-2016 оқу жылы

Өтетін күні: 12.03.2015ж

Өтетін орны: ЖББМ № 23 КММ, №219 каб

Тақырыбы:

Оқушыларды математикадан ҰБТ-ға дайындаудағы топтық-бірлескен жұмыстың тиімділігі

Мақсаты:

Бірлескен топтық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың алған білімдерін есеп шығару барысында қолдана алу қабілеттерін арттыру,әрбір есепті шығару барысында оқушылардың шығармашылық тұрғыда ізденіс жасауы арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру

Міндеттері:

- есептер шығару барысында көрсеткіштік теңдеуді шешудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдану, теория мен практиканы ұштастыра білу, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру

-өздігінен және серіктестің көмегімен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру;

-түпкі нәтижеге жетуге ынталандыру

Модульдер:

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану», «Оқытудағы басқарушылық және көшбасшылық»

Әдіс-тәсілдер:

Топтық-бірлескен жұмыс, видео-сабақ, « Математикалық шайқас», рефлексия

Барысы:

  1. Кіріспе

  2. Бақыткул Нұрмұханқызы:

Қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Ал білім беру жүйесіндегі тәуелсіз бағалау элементтерін қамтитын ұлттық білім беру сапасын бағалау формасы- ҰБТ болып табылады. ҰБТ жалпы білім беру ұйымдары бітірушілерінің мемлекеттік қорытынды аттестаттауы мен орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарына қабылдау емтихандары біріктіріліп өткізілетін сынақ. ҰБТ- оқушы білімінің қорытынды көрсеткіші емес өз таңдауы бойынша болашақ мамандығына жолдама алу кепілі. Видео сабақ (Ынтымақтастық сабағы)

  1. Гульшат Омирбековна:

Логикалық есептерді шығарудың басты мақсаттарының бірі - оқушының тереңнен ойлауын , жан-жақты ізденуін дамытады және қазіргі халықаралық талаптар деңгейінде күнделікті өмірде математиканы еркін пайдалана алуға үйретеді.

2012 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағында логиикалық есептер енуде. Әр есеп белгілі бір заңдылық бойынша құрастырылған, ал оларды мектеп математика курсының бағдарламасындағы белгілі бір тақырыптарға, ережелерге, формулаларға сүйене жан-жақты зерттеу, талдау жұмыстарын жүргізе отырып шешу керек және оқушы әрбір есепті шығару үшін көптеген теориялық материалдарды меңгеруі керек. Сонымен қатар, теория мен практиканы ұштастыру шеберліктерін шыңдай алуына ықпал етеді. Демек, мұндағы әрбір есепті шығару барысында оқушылардың шығармашылық тұрғыда ізденіс жасауы арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыратыны түсінікті.

  1. Теле-видео (шайқас)

  2. Математикалық шайқас

Математикалық шайқас - ол математикалық есептерін шығаратын екі топтың жарысы. Ең алдымен топтар есеп ережелерін алады және белгілі уақыт ішінде белгілейді. Есептерді шығарған кезде кез-келген әдебиетті қолдануға болады, бірақ есептерді шығару барысында қазылар алқасынан басқа ешкіммен ақылдасуға болмайды. Осы уақыт ішінде шайқас басталып кетеді де топтар бір-біріне есептің шығару жолын айтады. Бір топ өз шешімін айтып тұрған кезде, екінші топ жіберген қателіктерін тауып, өз жауаптарын ұсынады.

Шайқас бірнеше раундтан тұрады. Әр раундтың басында топтың біреуі екінші топты шығарылмаған бір есепке шақырады. (мысалы, «Біз қарсылас топты № 8 есебін шығаруына шақырамыз». Одан кейін шақырылған топ шақыруды қабылдайтынын, не қабылдамайтынын айтады, демек есептің шешімін айтуға (жауабын 1 минуттан астам ойлауға болмайды) келісетін болса, өзінің баяндамашысын тағайындайды, ол есеп жауабын айтып береді, ал қарсылас топтар өз оппонентін қояды, оның міндеті - жауаптан қатені табу. Егер дайын болмаса баяндамашыны шақырған топ ұсынады, ал бас тартқан топ оппонентті. Тақтаға шығуын сақтап қалғысы келген топ оппонентті ұсынудан бас тарта алады. Онда бұл раундқа қатыспайды (және өз шешімінен бас тарта алмайды).


  1. Топқа бөлу ( номерленген стикерлермен топқа бөлу)

  2. Математикалық шайқас

Тапсырмалар:

  1. Бес жерқазушы 5 сағатта 5м жер қазады. 100м жерді 100 сағатта қазып шығу үшін қанша жер қазушы қажет?

Шешуі: Бір жер қазушы 5 сағатта 1м жер қазады. («Нашар қазады екен»).

Өнімділік=нәтиже/уақыт

Өнімділік=1/5

Қанша жер қазушы қажет болады?

Х-жер қазушы

Х*(1/5)=100м/100с

Х=5



  1. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 6 тең. Осы санның цифрларының орны ауысқан санға қатынасы 4:7 тең. Осы сандарды табыңыз.

Шешуі: Айталық х және у екі сан берілсін. х+у=6 ( Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы)

ху:ух=4:7

4:7 қатынасқа байланысты бірінші цифр екіншісінен кіші болады. Яғни, х<у

1+5=6 Тым үлкен айырмашылық 15:51, жуықтауы 0,33

2+4=6 (24:42=4:7)

3+3=6 бұл қатынас та келмейді (33,33)

Сонымен, х=2, y=4



  1. Кестедегі көлденең жолдарды зерттей отырып, бос орындардағы санды табыңыз?

5

6

7

7

20

12

15

30

16

10

2

5

10

25

22

?

Шешуі: 5*7=35, 35-20=15

10*5=50, 50-25=25

  1. 8+4*4-3*2+25=153 теңдеуін шешіңіз

  2. 8х+2х/4х-2=5 теңдеуін шешіңіз



  1. Қорытынды. Жеңімпаз команданы анықтау.

  2. Рефлексия. (Чемодан, еттартқыш, мусор себеті)

© 2010-2022