• Преподавателю
  • Математика
  • Қалалық семинарға ұсынылатын баяндама жобасы Тақырып: «Заманға сай техникалық құралдарды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану – мұғалім жетістігіне апаратын тиімді жол»

Қалалық семинарға ұсынылатын баяндама жобасы Тақырып: «Заманға сай техникалық құралдарды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану – мұғалім жетістігіне апаратын тиімді жол»

  Қостанай қаласы М. Горький атындағы гимназиясы         Қалалық семинарға ұсынылатын  баяндама жобасы     Тақырып: «Заманға сай техникалық құралдарды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану – мұғалім жетістігіне апаратын тиімді жол».                                  Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:  Бекболатова Айгүл Адамбекқызы               қ.Қостанай  26.08.2011ж                                          (1слайд) «Заманға сай техникалық құралдарды қазақ  тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану – мұғалім жетістігіне апаратын тиімді жол». Мемлекеттік тілді оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру, мемлекеттік тілді меңгеріп, сөйлеуіне жағдай тудыру.      (2слай...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Қостанай қаласы

М. Горький атындағы гимназиясы





Қалалық семинарға ұсынылатын

баяндама жобасы


Тақырып:

«Заманға сай техникалық құралдарды

қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану -

мұғалім жетістігіне апаратын тиімді жол».
















Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Бекболатова Айгүл Адамбекқызы







қ.Қостанай

26.08.2011ж

(1слайд) «Заманға сай техникалық құралдарды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану - мұғалім жетістігіне апаратын тиімді жол».

Мемлекеттік тілді оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты - оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру, мемлекеттік тілді меңгеріп, сөйлеуіне жағдай тудыру.

(2слайд) «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте - мөте қажет» деп, ел Президенті атап көрсеткендей, электронды оқыту әдіс - тәсілдерін мектеп өміріне еңгізу - жаңа білім берудің бірден - бір шарты.

(3слайд) -Менің әдістемелік тақырыбым: «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында компьютерлік технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту»

Мемлекеттік тілді сүйю, құрметтеу үшін сабақтың басында балаларға мынадай өлең оқып шығамын.

(4слайд) Қазақ тілім бас иемін мен саған

Тілге деген болу керек кең талғам.

Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,

Қазақ тілі біздер үшін жаралған.

Мемелекеттік тілдің мәдениетін көтеру, әдебиетті насихаттау, талантты жастарды іздеп табу мақсатында және өз елін, жерін, Отанын, туған халқының тілі мен салт-дәсүрін қастерелейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін сабақтарым заманға сай техникалық құралдар арқылы өтеді. Бұл орайда қазақ тілін оқытудың озық технологиясын меңгеру - үлкен істің бастамасы.

(5слайд) Оқыту технологиясы - бұл, бір жағынан, оқу - ақпаратын дайындау, өндеу, әдіс - тәсілдерінің жиынтығы, екінші жағынан, ұстаздың шәкіртіне оқыту үрдісіне қажетті технологиялық және ақпараттандыру құралдарын пайдалана отырып ықпал ету тәсілдері. Оқытудың мазмұны мен оқыту әдістері өзара тығыз байланыста болу керек.

(6слайд) XXI ғасыр есігін ашқан қазіргі таңда мектепке, мұғалімдерге үлкен талаптар жүктеледі. Елбасымыз Н.Назарбаев «Мұғалімдер - қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең санампаз бөлігі болып табылады» деп атап көрсетті. Әр мұғалім күнделікті сабақта өз ісін зерттеп, жаңашыл әдіс - тәсілдермен оқушының білім сапасын арттыруы керек. Соның бірі - ақпараттық технология. Ал ақпараттық технология дегеніміз не?

Ақпараттық технология - ақпараттарды жинау, сақтау және өндеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық - технологиялық құралдардың жиынтығы. Оқытуда ақпараттық технологияны қолдану білім сапасы жақсартуға көмектеседі, кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады.

(7слайд) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8-бап, 7- тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» міндеті қойылған.

(8слайд) Жаңа технологияларды қолданып, оқушы бойына тіл заңдылықтарын сіңіріп, қолдана білу, ауызекі сөйлеу және ойын жазбаша беру біліктерін, дағдыларын тиімді меңгеріп беруді мақсат қоямын.

Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары:

  1. Түрлі-түсті иллюстациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау процесі үшін тиімді.

  2. Әр сабақта сөйлеу әрекетінің төрт түрі де қолданылады: тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым.

  3. Әр сабақ төмендегілерді қамтиды:

а) компьютермен үзіліссіз тілдік қарым-қатынас;

б)бірнеше рет тыңдау мен оқып білген материалды қайталаудың арқасында дағдыларды машықтандырғанда дейін меңгертіледі.

  1. Компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады.

  2. Оқушымен жекелей жұмысты іске асырады.

  3. Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін табысты байланыстырады.

Мектебімізде ақпараттық технология кеңінен қолданылады. Ең бастысы әр мұғалім мониторинг жүргізу негіздерін білуі керек.

(9слайд) Мониторинг - маңызды аспектілер бойынша мәліметтер жинаудың жүйелі және реттелген процедурасы.

Педагогикалық мониторинг - педагогикалық жүйенің қызметін бақылап отыру үшін қажетті ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеуді ұйымдастырудың түрі.

Мониторинг өткізу уақыт кезендері:

  • Айлық бақылау (тест, диктанттар, бақылау жұмыстары, шығарма, мазмұндама);

  • Тоқсандық бақылау;

  • Сыныптың ораташа ұпайын анықтау;

  • Мәліметтер негізінде мониторинг графигін жасау;

  • Мұғалімдердің мониторинг нәтижесін талдау және әдістемелік бірлістігі отырысында нақты шешімдер қабылдау.

(10слайд) Үлгі ретінде мониторинг түрін ұсынамын:

Салыстыруға болады:

1.Бір мұғалімнің әр параллельдегі жұмысының нәтижелілігі.

2.Бір сыныптағы оқушылардың білім деңгейінің өсуі.

3.9А және 9Б сыныптарындағы білім деңгейінің өсуі.

4.9А және 9Б сыныптарындағы білім сапасы дәрежесін салыстыру.

(11 слайд) Қазақ тілі пәні мұғалімдеріне мониторинг пайдалану не береді?

1.Біз кез келген кезенде кез келген сыныпта оқу процесінің барысы туралы нақты мәлімет біле аламыз.

2.Салыстырмалы мониторинг оқу жылы бойында білім сапасының өзгеруде қабылдауға мүмкіндік береді.

3.Мұғалім үшін оқу әрекетіне диагностика жасап отыру нормаға айналады.

4.Өзін-өзі жетілдіруге, сабақ үрдісін ұйымдастырудың тиімді түрлерін іздеуге деген қажеттілік туады.

Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары тұлғага жекеленген пәндік білімдерді емес, интеграцияланған білімдердің қалыптастыруы. Сондай нәтижеге жетудің бір әдісі - интеграциялық оқыту.

Интеграция - бірнеше бөлшектердің бірігуі деген ұғым. Яғни интеграциялап оқытуда - барлық тіл пәндері бір ортақ, бүтін зат ретінде саналып,базалық оқытудың бөлінбес бір компоненті болып қаралуы керек. Өйткені оқыту мақсаты бір:

1.Өнімді көптілділікті қалыптастыру.

2.Түрлі тілдерді меңгеруде ортақ әдіс, ортақ тақырып, ортақ міндет, ортақ принциптің болуы.

Қазіргі уақыт талабы мұғалімнен әр түрлі іздеістер, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын қажет етеді. Нағыз сабақ - ол әрқашан диалог, ізденіс, ойын, театр, еңбек пен тәжірибенің бірлігі. Жалпы орта буын сыныптар бойынша информатика мен дамыта оқыту технологиялары арқылы балаларға білім бере отырамын. Әр оқушының психологиялық, физиологиялық, жеке-дара ерекшеліктерін ескертемін.

Дамыта оқыту мен ойын технологиясын, компьютерлік және сын тұрғысынан ойлау технологияларын қолданып, ұстаз оқушылардың сөйлеу тілі мен жазба тілін дамытуға ерекше көңіл бөлемін.

Барлық тілдері оқығандағы ортақ әрекет - мәтінді оқу, түсініп, тыңдап айтып беру, сөздікпен жұмыс істей алу, тезис, конспект құрастыру. Осы жағдайда тыңдап - түсіну, көріп - байқау құралдарының орны ерекше.

Тыңдап - түсіну, көріп - байқау құралдарының ішінде сабақ берудің барлық сатысында қолдануға болатын түрі - аудио құралдар, радио мен теледидарының хабарлары, сұхбаттар жазылған үнтаспа, т.б.

(12слайд) Аудиоматериалдар сабақта мынадай мақсатта қолданылады:

біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді;

екіншіден, оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді;

үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді.

Таспа арқылы тыңдалатын мәтін оқушының тілін дамытады. Оқушыға таспадан естігенін тілінде пайдалану қажеттігі туады. Таспадан тыңдалған мәтін бойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені оқушы сұраққа дұрыс жауап беру үшін мәтінді ынтамен тыңдап, мәтін түсінуге тырысады. Мысалы, орта буында оқушылардың аудиомәтіннің жалпы мазмұнын түсінгендіктерін тексеру үшін мынадай жұмыстар жүргіземін:

а)Мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақ беремін, әр сұраққа екі жауап ұсынамын;

ә)Бірнеше сөйлем беремін, солардың біреуі ғана аудиомәтіннің мазмұнына сәйкес келеді.

Видеосабақтарды оқу материалына тиімді еңгізу сабақтың сапасын арттырады.

Компьютерлік ойындар жаттықтыру, оқыту және дамыту сипаттарын ескере отырып жасалынса, олардың әрбір оқушының білім сапасын арттыруға тигізер пайдасы зор. 5-7 сыныпта үшін өзім қолданған ойынның ең қарапайым түрін мысалға келтірейін.

(13слайд) Дисплей экранында 10 сөз - тапсырма жазылады. Сөздің керекті жерінде К немесе Қ жазу керек. Әрбір дұрыс жауап - 1 ұпай, қате жауап - 0 ұпай. Бұл жұмысты орындауға экран бетіндегі курсор көмектеседі. Ол жауап жазатын орынға ауысып отырады. Ойын басында экран мына түрде болады: к немесе қ жаз - ба...ша, биі..., қара...ат, ме...теп, оқулы..., желто...сан.

(14слайд) Сабақ арасында мұндай ойын элементтерін тиімді пайдалану олардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра түседі, әрі баланың бойындағы қабілеттерді, ойлау мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Оқытудың техникалық құралдары үшін қолданылатын құралдар көп. Кейбір сабақтарымда берілген тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тіл байлығын, ой-өрісін, еске сақтау, ауызекі сөйлеу, жазу шеберліктерін дағдысын қалыптастыру үшін мынадай жұмыс түрлерін пайдаланамын.

(14слайд - «Сөзжұмбақты шеш!» немесе 15 слайд - практикалық тапсырма).

Мектебімізде осындай техникалық құралдарды пайдалану үшін толық жағдай жасалған. Ол үшін арнайы лингафон, мультимедиа, компьютер кабинеттері жабдықталды, интерактивтік тақталар орнатылды, интернетке шығу жолы бар.

Мектептің арнайы сайты бар,қамтығыш компьютерлік желі құрылған. Барлық пән мұғалімдерінің сабақ кестесі сай өз сабақтарын компьютер сыныптарында өткізулеріне толық мүмкіндіктері бар.

(16+17слайд) Оқушыларға тез есте сақтау, сөйлемді ойда сақтау дағдысын қалыптастыру үшін мынадай жұмыс түрлерін пайдаланамын. Компьютер экранына бір слайдта сөйлем жазылады. (Мысалы, «Туған жердің күні де, түні де ыстық!» немесе «Отан оттан да ыстық!»). Ол сөйлемдер, мақал-мәтелдер белгілі уақыттан соң өшеді. Экранда қандай сөйлем немесе мақал-мәтелдер жазылғанын есте сақтап, қатесіз компьютерге еңгізуге тиісті. Егер дұрыс жауап берілмесе, ойлану уақыты ұзартылады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың сөйлем мағынасын түсіну, ойда сақтау дағдыларын қалыптастырады. Нәтижесінде, тапсырманы қандай дәрежеде орындағандығына байланысты ұпай санын көрсету оқушының өз білім дәрежесін сезінуге мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл - ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып тұр. Сабақты қызықты өткізу үшін, сол мақсатқа дамыта оқыту технологиясын оқыту процесінде қажетті әр түрлі әдіс-тәсілдерін, тіл дамыту жаттығуларын, тест, ойын элементтерін, көрнекліктер, дидактикалық талап ретінде мақсатқа жету үшін міндеттерді іске асыру керек. Тыңдағандарыңызға рақмет!


© 2010-2022