Конспект урока по математике на тему Жай және құрама сандар

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жай және құрама сандарды ажырата білуге,жай сандар кестесін пайдалана алуға,құрама сандардың бөлгіштерін таба білуге үйрету. Білімділік мақсаты: Жай және құрама сандарды ажырата білу,құрама сандардың бөлгіштерін таба алу.Дамытушылық: Оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін,өздігінен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру. Тәрбиелік: Оқушыларды бір-бірінің жауаптарын тындап,қарым –қатынас жасай білуге адамгершілікке тәрбиелеу.Сабақтың талаптары: 1) проблемалық ситуация туғызу 2) ...
Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жай және құрама сандар.



Сембаева Бакыт Алдажаровна

« Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп » мемелекеттік мекемесі


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жай және құрама сандарды ажырата білуге,жай сандар кестесін пайдалана алуға,құрама сандардың бөлгіштерін таба білуге үйрету.

Білімділік мақсаты: Жай және құрама сандарды ажырата білу,құрама сандардың бөлгіштерін таба алу.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін,өздігінен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды бір-бірінің жауаптарын тындап,қарым -қатынас жасай білуге адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың талаптары: 1) проблемалық ситуация туғызу

2) Теориялық білімдерін практикада қолдана білу.

3) Әр түрлі тәсілдерді қолдану арқылы жай және құрама сандарды ажырату.

4) Қорытынды жасай білу.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Әдіс тәсілдер: жеке дара жұмыс,деңгейлік тапсырмалар,интербелсенді оқу технологиясының элементтерін қолдану.

Сабаққа керекті құрал -жабдықтар: интерактивті тақта,үлестірмелі карточкалар,кестелер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушыларды түгендеу,сыныптың сабаққа даындығын тексеру.

  2. Сабақ мақсатымен таныстыру.

36

31

21

7



2.Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары:1) Сандардың барлық бөлгіштерін теріп жазыңдар:

2.20-дан 40-қа дейінгі сандар ішінен 2-ге еселік сандарды атаңдар.

3.20 алманы 3 балаға бөліп берсен неше алма артық қалады?

4. Құрастыру : Жүк машинасы кірпіш әкелді.

Жүк машинасындағы қандай сан-кірпіштер? Сан-кірпіштерден басқа сандарды құрастырамыз.

Конспект урока по математике на тему Жай және құрама сандар

3.Жаңа сабақ. Тапсырма: Берілген сандардың ішінен екі бөлгіші бар сандарды бір бағанға,екіден көп бөлгіші бар сандарды екінші бағанға жазыңдар.

3;7; 9;11;17;20;24;19;23;35;37;42;51;53;60.

Қорытынды жасаңдар. Қандай сандар жай сандар деп,қандай сандар құрама сандар деп аталады?

Тапсырма: а) 2, 5, 7 үш сан-кірпіштерді алыңдар және олардың көбейтіндісін табыңдар.

Қандай сан шықты, жай әлде құрама ?

ә) 13, 2 екі сан-кірпішті алыңдар және олардың көбейтіндісін былай табыңдар:


Қандай сан шықты, құрама сан әлде жай сан ба?

4. Жай сандар кестесімен жұмыс. Тапсырма 1: 1-ден 40-қа дейінгі сандардың ішінен екі және оданда көп бөлгіштері бар сандардың астын сызыңдар. Карточка1.

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,

11,12,13,14,15,16,17,18,19,20,

21,22,23,24,25,26,27,28,29,30,

31,32,33,34,35,36,37,38,39,40


Тапсырма 2. Берілген сандардың ішінен жай сандарды ерекшелеңдер: 37,43,63,8,66,17,81,91,23,40,96,97,11.

Тапсырма 3. Берілген сандарды екі жай санның көбейтіндісі түрінде жазыңдар: 33,46,26.

5.Оқулықпен жұмыс. Есептер шығару. № 249. Натурал санның 2-ге,3-ке,5-ке,9-ға бөлінгіштік белгілерін пайдаланып,дәлелдеңдер.

1) 117,122,205,219,393,422,535,927 сандарының құрама сандар екенін.

2) 17,23,43,67,89,103 сандарының жай сандар екенін.

№251. Тік бұрышты параллелепипедтің ұзындығы 13 см, ені 7 см,биіктігі 5см.

Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табыңдар. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі жай санмен өрнектеле ме,әлде құрама санмен өрнектеле ме? Неше бөлгіші бар?

6. Қорытынды : « Эратосфен елегі » тәсілін пайдаланып

а) 2-ден 20-ға дейінгі;

ә) 2-ден 50-ге дейінгі жай сандар кестесін дайындаңдар.

7.Білім шыңы. Оқушылардың білімін бағалау.

8. Үйге тапсырма: § 2.5 ,№ 256,259. Жай ж әне құрама сандар туралы өлең құрастыр.


Павлодар облысы

Май ауданы. Қаратерек ауылы.




© 2010-2022