Урок 2, 5 және 10 сандарына бөлінгіштік белгілері

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі

12.11.2015ж

Пәні

Математика

Пән мұғалімі

Құлымбетова Анар

Тақырыбы

2, 5 және 10 сандарына бөлінгіштік белгілері

Сабақтың мақсаттары


Оқушыларды жұп, тақ цифрлармен, жұп, тақ сандармен таныстыру және 2;5;10 сандарына бөлінгіштік белгілерін түсіндіру.Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Оқушыларды өзара көмек беруге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі


Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың көрнекіліктері

Ноутбук, кеспе қағаздары, білім бағалау парағы, жауап парақшалары, 5 минуттық жұмыс


Күтілетін нәтиже

Оқушылар жұп, тақ цифрларды ажырата алады және 2;5;10 сандарына бөлінгіштік белгілерін түсінеді және есеп шығару барысында қолдана алады.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Психологиялық дайындық

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4.Оқулықпен жұмыс жүргізу.Практикалық бекіту

5. Үй тапсырмасын беру

6. Сабақты қорытындылау

7. Оқушыларды бағалау

8. Кері байланыс

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сыныптағы оқушылардың сабаққа даярлықтарын анықтау.

Сыныпта жоқ оқушылардың тізімін айтады


Психологиялық дайындық

Шағын тест

1. 3,7,10,15,18,30 және 84 сандарынан:

3) 2-нің еселіктері 4) 5-тің еселіктері:

2. 1) 2 және 3 сандарна; 3) 9 және 12 сандарына;

2) 6 және 8 сандарын 4) 15 және 21 сандарына

еселік болатын ең кіші натурал санды жазыңдар.

3. 65 түп ағаш көшеттерін, әр қатардағы көшеттер саны бірдей етіп, неше қатарға отырғызуға болады?

Тақырыпқа алдын - ала даярлық тапсырмасында оқушылар өздігінен:

10- нан 30-ға дейінгі 2-ге еселік сандарды (12,14,16,...), 10-нан 40-қа дейінгі 5-ке еселік сандарды (10,15,20 ...) , 10-нан 100-ге дейінгі 10-ға еселік сандарды жазады.

Кеспе қағазда берілген тапсырманы оқушылар дәптерге шығарады. Бірін-бірі тексеріп отырады.

Оқушылар тапсырмаларды орындауда қандай цифрлармен аяқталатын сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінетіндігін ажыратуға өздігінен үйренеді.

Жаңа сабақты түсіндіру

Сандардың жазылулары бойынша, бір санның екінші санға бөлінгіштігін анықтайтын ереже бөлінгіштік белгісі деп аталады.

1. 2 санына бөлінгіштік белгісі:

2-нің еселіктері: 2,4,6,8,10,12,14,16,18,20...

Жазылуы жұп цифрлармен аяқталатын натурал сандар 2-ге бөлінеді.

2-ге бөлінетін сандарды жұп сандар, 2-ге бөлінбейтін сандарды тақ сандар деп атайды.

Мысалы:10,46,18,24 -жұп сандар, 15,13,27,39- тақ сандар

2. 5 санына бөлінгіштік белгісі.

5санына еселік сандар:

Жазылуы 0 немесе 5 цифрымен аяқталатын натурал сандар 5-ке бөлінеді.

3. 10 санына бөлінгіштік белгісі:

10санын еселік сандар:10,20,30,40,50,60...

Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар 10-ға бөлінеді.

Оқушылар 2 санына еселік сандар жазылуы 0,2,4,6,8 цифрларымен аяқталатын сандар екенін өздері атап отырады.

Жұп цифрлар: 0,2,4,6,8

Тақ цифрлар: 1,3,5,7,9

Оқушылар жұп және тақ сандарды жақсы ажырата біледі.

Мысалдарды өздері келтіреді:

5,10,15,20,25,30,35...

Мысалы:125:5=25, 220:5=44

Мысалы:30:10=3 120:10=12 1070:10=107

Оқулықпен жұмыс

№605 (4 ұпай)

Тақ сандарды жаз

Жұп сандар жаз

71, 107, 379, 653, 10895

54, 60, 102, 208, 420, 620, 1000, 5632, 13786

№606(4 ұпай)

2-ге бөлінетін сандар

144, 184, 278, 520, 990, 646

5- ке бөлінетін сандар

520, 990, 825, 975

10-ға бөлінетін сандар

520, 990

№607(4 ұпай)

2-ге бөлінетін сандар

5-ке бөлінетін сандар

10-ға бөлінетін сандар

63*

632

635

630

37*

374

375

370

49*

496

395

390

№608 а) (916+328):2=916:2+328:2=458+164=622

(4 ұпай)

№610(4 ұпай) № 612(4 ұпай)

Берілген тапсырмаларды оқушылар жеке-жеке дәптерлеріне орындайды. Орындау барысында жіберілген қателіктер бойынша қосымша түсіндіру жүргізіледі.

Тапсырмалар жұпта талқыланады.



Үш топ тапсырмаларды орындайды. Орындап, тақтада талқылайды.

Бекіту сұрақтары

1.Қандай цифрлар жұп цифрлар деп аталады?

2.Қандай цифрлар тақцифрлардеп аталады?

3. Қандай сандар жұп сандар деп аталады?

4. Қандай сандар тақ сандар деп аталады?

5. Қандай сандар 2-ге бөлінеді?

6. Қандай сандар 5-ке бөлінеді?

7. Қандай сандар 10-ға бөлінеді?

Берілген сұрақтарға жауап береді

Сабақты қорытындылау

Оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты сабақты қалай меңгергендіктерін талдау, жақсы түсіне алмаған жерлерін қайталап түсіндіріп беру. Сабаққа қатысқан оқушылардың жұмысын бағалау.

Үйге тапсырма: №609, 610, 611,613

Оқушылар сабақта үйренген материалдарын бірге талқылайды.

Бағалау

Жинаған ұпай сандары бойынша бағаланады. Және сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытқан оқушыларды мадақтаймын.

Оқушылар әр тапсырмадан жинаған ұпай сандарын есептеп, бағаларын шығарады

0-6 ұпай -«2» 14-22 ұпай - «4»

7-13ұпай - «3» 23-24 ұпай - «5»



© 2010-2022