Математика 8 санын қосу, азайту

Раздел Математика
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сынып үздігі

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың барлық пәндер бойынша алған

білімдерін тексеру. Сынып арасынан ең үздік

оқушыны анықтау

Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп

тәрбиелеу

Көрнекілігі: слайд
Әдісі: сұрақ - жауап, ой - қозғау.
Сабаттың түрі: сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, қазақ тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар-деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, қазір біз, балалар, осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетейік.

Олай болса сайысқа қатысушылармен таныс болайық.

1. Әбдібек Балауса

2. Нұрмұхаммед Бақдәулет

3. Жүсіп Айзат

4. Білдан Мейірім

5. Қалдаман Нұрдәулет

6. Таңатбекқызы Жұлдызай

Қатысушыларды ойын шартымен таныстыру.


I. Білімді болсаң,байқап көр...

II. Ойлан да, тап.

III. Ескірмейтін есті сөз

IV. «Баспалдақ» ойыны

V. Бәйге

Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Жарыстың ба, орта жолда қалыспа.

Әділқазы бағалайды сіздерді.

Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па? дей келе, әділ қазылар алқасын сайлайық.

Сонымен, оқушылар, іске сәт!

1 бөлім: «Білімді болсаң,байқап көр...»

1. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)

2. Үш бәйтеректі ата (С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров)

3. Өсімдіктің өсуіне қолайлы жағдайлар. (Жылу, жарық, су, ауа, қорек)

4. Үш биді ата (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

5.Қазақтың тұңғыш ағартушы ұстазы. (Ы. Алтынсарин)

6. Сөйлем мүшелерін ата (тұрлаулы, тұрлаусыз)

7. Көбейтудің компоненттерін ата (көбейткіш, көбейткіш, көбейтіндінің мәні)

8. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? (М.Мақатаев)

9. Жанғыш пайдалы қазбаларды ата. (Көмір, мұнай, газ)

10. ҚР Конституциясы қашан қабылданды? (1995 ж 30 тамыз)

11. Мемлекеттік тудың авторын ата (Ш. Ниязбеков)

12. Тұңғыш президент күні қай күн? (1 желтоқсан)

13. Периметрі 16 см, ұзындығы 5 см. Ені неше сантиметр? (3 см)

14. Кенді пайдалы қазбаларды ата. (Темір, мыс, қорғасын, алюминий)

15. «Таза бұлақ», «Баланың айласы» мәтіндерінің авторы кім?

(Ы. Алтынсарин)

16. Ауданы 81 см2 шаршының қабырғасы неше сантиметр? (9 см)

17. Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем қалай аталады? (Жалаң сөйлем)

18. Ой, балалар, балалар!

Жылы-жылы жел соқты,

Жылғалардан су ақты,

Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті,

Жер қарайды-жаз кепті- өлеңінің авторы кім? (І. Жансүгіров)

19. Жұрнақ дегеніміз не? (Сөз мағынасын өзгертетін қосымша)

20. Түйенің пірі (Ойсылқара)

21.Тұңғыш қазақ ғарышкері ( Т.Әубәкіров)

Ұпайы төмен оқушы ойыннан шығады

Келді кезек жұмбақтарды шешуге,

Жауаптарын беру керек қос тілде.

Қазақ, орыс тілдерін сіз білсеңіз,

Жақсы баға, шәкірт сізге несібе.

2 бөлім «Ойлан да, тап»

Бұл бөлімде жұмбақтар жасырамын. Жұмбақтың шешуін тауып, орыс тілінде аудармасын айту керек. 2 тілдегі дұрыс жауапқа 10 ұпай, 1 тілдегі дұрыс жауапқа 5 ұпай.
1. Сылдыр сұйық, су емес,
Iшсең шөлiң қанады.
Ақ болса да, қар емес.
Шешуiн кiм табады ? Жауабы: сүт - молоко


2. Аң патшасы ...? Жауабы: арыстан - лев


3. Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. Жауабы: кiтап - книга


4.Әкеңнің анасы саған кім болады? Жауабы: әже - бабушка

5. Тіл ұшында уы бар
Ол не екенін біліп ал. Жауабы: жылан - змея


6. Көктемде ақ гүлге оранады,

Күзде қолға доп болып оралады. Жауабы: алма - яблоко


7. Қос таяқ, бастары дөңгелек,

Тұтасты кеседі, біртіндеп. Жауабы: қайшы-ножница

8. Жарық күнде жолдасың,

Қараңғыдан қорқады. Жауабы: көлеңке-тен

9.Қанаты бар ұша алмас,

Құрылықта қаша алмас Жауабы: балық-рыба

10. Тиіскенді түйреген,

Киімі бар инеден. Жауабы: кірпі-ёжик

Ұпайы төмен оқушы ойыннан шығады

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

3 бөлім «Ескірмейтін есті сөз»

- Бұл бөлім бойынша дайындалу оқушылардың өздеріне тапсырылған болатын. Күнделікті өмірде ата-әжелерің айтып отыратын ырым мен тыйым сөздер жарысын өткіземіз. Кәне, кім көп біледі екен. Экраннан қандай сөз шықса, сол сөзге байланысты айтамыз.

Мал, табалдырық, бас киім, нан, есік, сыпырғыш, бесік, таяқ,су, тізе, күл.

  • Малдың басынан ұрма.

  • Табалдырықты баспа.

  • Бас киімді баспа.

  • Нанды екі қолмен үз.

  • Есікті керме.

  • Сыпырғышты тұрғызып қойма.

  • Бос бесікті тербетпе.

  • Таяқты таянба.

  • Тізеңді құшақтама.

  • Суға түкірме

  • Күл төгілген жерді баспа

Ұпайы төмен оқушы ойыннан шығады

Көңілді, тапқыштар, білгірлер,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

4 бөлім «Баспалдақ» ойыны

Бұл бөлімде с әрпінен басталатын, 8 сөзден тұратын сөздерді баспалдаққа толтыру керек.

С

С

С

С

С

С

С

С

су

сан

сиыр

сәбіз

сақина

сиқыршы

сандуғаш

самаурын

Ұпайы төмен оқушы ойыннан шығады

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жана ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие білім табар мән.

Бұл бәйге, ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға, сол алда.

5 бөлім «Бәйге»

Барлық оқушылардан озып шыққан 2 оқушы 1 минутта бірнеше сұраққа жауап береді. Тек жылдамдық керек.

1-ойыншы сұрақтары:

  1. 5-тің квадраты нешеге тең? 25

  2. Сын есімнің сұрақтарын ата. Қандай? Қай?

  3. 1 кг темір ауыр ма, 1 кг мақта ауыр ма? Екеуі тең.

  4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? 3-ке Қатаң. Ұяң. Үнді

  5. 120 минутта неше сағат бар? 2 сағат

  6. 9 бен 4 - тің көбейтіндісі. 36

  7. Үш биді ата. Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би.

  8. Адам денесінің тірегі Қаңқа

9. Д.А.Қонаев қай жылы, қай айда , қай күні туылған? 1912 жылы 12 қаңтар

10. Үш арсыз Ұйқы, күлкі, тамақ

11. Қойдың пірі Шопаната

12. Рәміздерді ата Ту, Елтаңба, Әнұран

13. Көне заттарды сақтайтын орын Мұражай

14. Лақ ненің төлі? Ешкінің

15. Жуан дауысты дыбысты ата А;О;Ұ;Ы

2-ойыншы сұрақтары:

  1. 1-дің кубы. 1

  2. Сан есім сұрақтарын ата. Қанша? Неше? Нешінші?

  3. Тауық 1 аяғымен тұрса 4 кг, екі аяғымен тұрса неше килограмм? 4 кг

  4. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? 2-ге Жуан, жіңішке

  5. 3 сағатта неше минут бар? 180 минут

  6. 56-ның 8-ге бөліндісі 7

  7. Көкжиектің неше тұсы бар? 4

  8. Тыныс алу мүшелері. Мұрын қуысы, кеңірдек, өкпе.

  9. «Тұңғыш ғарышкер» өлеңінің авторы кім? О. Сүлейменов

  10. Мемлекеттік туда не бейнеленген? Қыран , ою, күн.

  11. Сиырдың пірі Зеңгібаба

  12. Мектептегі ең жоғары баға 5

  13. Көктем айларын ата Наурыз, Сәуір, Мамыр

  14. Қозы ненің төлі? Қойдың

  15. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата Ә, Ө, Ү, І, Е.

Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау-дей келе сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Жеңген оқушыны марапаттау



© 2010-2022