Математик-кәсіпкер, сыныптан тыс шара (9-10 сынып)

Іскерлік  ойын  «Математик – кәсіпкер»   Міндеттері: −       Алынған білімдерін  өмірде  пайдалана  білуге үйрету;топта жауапкершілікті сезініп  жұмыс жасауға тәрбиелеу ; −       Экономикалық бағыттағы есептерді  шығаруға оқушылардың қызығушылығын дамыту.   Сынып оқушылары арасында рольдерді бөлу: −       5-6 адамнан екі топ ойнайды. −       Топқа кірмейтін екі адам алынған пайданы есептейтін аудитор тағайындалады. −       Қалған оқушылар тең екіге бөлініп акционерлер болады.    
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Математик-кәсіпкер

9-10 сыныптар

Өткізген: математика мұғалімі З.Капарова



Іскерлік ойын

Х.Наубетов атындағы орта мектеп










2011-2012 оқу жылы

Іскерлік ойын «Математик - кәсіпкер»


Міндеттері:

  • Алынған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету;топта жауапкершілікті сезініп жұмыс жасауға тәрбиелеу ;

  • Экономикалық бағыттағы есептерді шығаруға оқушылардың қызығушылығын дамыту.

Сынып оқушылары арасында рольдерді бөлу:

  • 5-6 адамнан екі топ ойнайды.

  • Топқа кірмейтін екі адам алынған пайданы есептейтін аудитор тағайындалады.

  • Қалған оқушылар тең екіге бөлініп акционерлер болады.

Мұғалім: Сіздер -банк қызметкерлерісіздер.Яғни ақша есептеу арқылы «капиталдарыңды» өсіресіздер.

Оқушылар: Банктердің атын қояды. «Астана» және «Алтын адам».

Сіздердің мақсаттарың - ақша, кіріс, табыспен байланысты экономикалық есептерді шеше отырып, алғашқы капиталдарыңды көбейту.Сіздердің акционерлерің бар,сұрақтарға жауап бере отырып олар да сіздерге табыс әкеледі.

Көп «табыс» алған фирма жеңеді.

Ойын ережесі.

  1. Банк басқармасын таңдау.

  2. Әрбір банкінің бастапқы капиталы - 100 000 тг.

  3. Әрбір банкі кезек-кезек бағасы 500 -ден 2 000 тг.дейінгі сұрақ таңдайды.

  4. Егер сұраққа дұрыс жауап берілсе,капиталы сұрақ құнына өседі.

  5. Жауап қате болса,онда капиталы:

а) егер келесі банк та дұрыс жауап бере алмаса, сұрақтың бағасының 50% -іне кемиді.

б) егер келесі банк дұрыс жауап берсе,100% -ке кемиді.

  1. Өзара келісіп,өз тапсырмасын сата алады.есеп шешілсе,есептің құны қосылады.

  2. Уақыттың бөлінуі


Сұрақтың құны

500

1000

1500

2000

уақыт

30 с

1 мин

1 мин 30 с

2 мин


  1. Акционерлер қосымша сұрақтарға жауап берсе,капитал 500 тг. өседі.


500 тг. сұрақтар

  1. Шебер кеудеше тоқып 1000 тг. сатты.Егер тоқу үшін 200 тг -ден үш орам жіп,ал әдемілеу үшін 100 тг бисер пайдаланылса,оның түсірген табысы қандай?

  2. Екі бизнесмен бәстесті:кім көп табыс табады. Біреуі өз товарын сатып,50000 тг пайда тауып,30000 тг шығын болды.Ал екіншісі 10000 тг кем сауда жасап,20000 тг жұмсады. Бәс тігуде кім жеңді?

  3. Костюм 110 $ тұрады.Егер франкінің долларға қатысты бағамы 5,5 болса,костюге қанща франк төлеу керек? 1$=5,5 франк.

  4. Екі дос ақша тапқысы келді.Олар дүңгіршектен әрқайсысы 3 теңгеден 100 газет алып 5 теңгеден сата бастады.Егер барлық газетті сатса,қанша пайда табады?

  5. Бірінші әке баласына 1500 тг, ал екіншісі - 1000 тг берді.Сонда екі бала бірігіп капиталдарын 1500-ге өсірген болды.Ол қалай?

  6. Түлкі аралардан 100 кг балды 10000 тг. сатып алды, ал базарға апарып 1кг-ын 130 тг .сатты. барлық балды сатып болғанда түлкі қандай пайда табады?

Жауаптар.

1. 300 т.; 2. ешкім; 3. 605 франк; 4. 2000 тг. 5. Олар үшеу:атасы,баласы,немересі. 6. 3000 тг.

1000 тг сұрақтар.

  1. Қанат бәліш пісіріп базарда сатты.Бірінші күні 10 тг-ден 100 бәліш сатты.Екінші күні бағасын 10 % -ке азайтып ,110 бәліш сатты.ол қай күні көп ақша тапты?

  2. Бизнесмен банкіге 100 000 тг салды.бір жылдан соң банкіден 150 000 тг алды. Өсім неше % ?

  3. Бір өндірістің өнімін сатқаннан кейін түскен пайдасы 500000 тг.Және сол кездегі шығыны:

Шикізатқа 200 000 тг.

Отынға 15 000 тг.

Жалақы 145 000 тг.

Кредит, салық 45 000 тг.

Математик-кәсіпкер ,сыныптан тыс шара (9-10 сынып)

Барлығы 405 000 тг.

Оның табысы мен рентабельдігі қандай?

  1. Әжей базарда күшік сатады.Қасынан өтіп бара жатқан үш бала 100 тг-ден жинап 300 тг-ге ортақ достарына сыйлай үшін сатып алды.балалар кеткен соң әжей қымбат саттым деп ойлап,басқа балаға оларды қуып жетіп 50 тг. қайтаруды сұрайды.Ал бала ойлайды. «Олар 50 тг-ні-өзара қалай бөледі.30 -ын беріп,20-ын өзім алайын дейді де солай істейді.Сонда әрбіреуі 90 тг төлейді.20 тг балада, 10 тг қайда кетеді?

  2. Екі бала кітап сатып алғысы келеді.Біреуіне 50 тг,екіншісіне 10тг жетпейді.Олар ақшасын қосып еді бәрібір жетпеді. Кітап қанша тұрады?

Жауаптар :1. Бірінші күні ; 2. 150 %; 3. пайда 95 000 тг., рентабельдігі 95:405·100%=23,5%; 4. Кіріс пен шығысты қосуға болмайды. Шығын кіріске тең; 5. 50 тг.

Құны 1500 тг сұрақтар.

  1. Әкесі әрбір дұрыс шығарылған есептер үшін 12 тг беріп отыратынын,ал әрбір қате шығарылған есеп үшін ұлы 10 тг қайтару керектігі айттты.20 есеп шығарылғаннан кейін ұлында 86 тг болды.Ұлы неше сесепті дұрыс ,неше есепті қате шығарды?

  2. Сіз сусын сатасыз.1 стақан сусынды өндіруге және сатуға 60 тг шығын жұмсалады. 120 тг күніне 130 стақан ,ал 100 теңгеден 200 стақан сатуға болатын болса,көп табыс алу үшін қай бағаны қояр едіңіз?

  3. Қызы анасына көмектескісі келіп кешкіасты дайындағы сы келді.Яғни: омлет,салат,котлет және картоп пбресін жасағысы келді.Анасының келуіне 1 сағ уақыт бар.Тамақтарды дайындауға кететін уақытты қызы білетін .

10 мин - көкөніс жууға;

10 мин - оларды кесуге;

10 мин - картоп тазалауға;

30 мин - оны пісіруге;

10 мин - пюре дайындауға;

10 мин - фарштан котлет дайындауға;

30 мин - котлетті қуыруға;

10 мин - столды жасауға.

Барлығы : 2 сағат.

Бірақ қызының 1 сағат уақыты бар.Анасы келгенде кешкі ас дайын болу үшін қызы қандай реттілікпен дайындау қажет?

4 . 4 ағайынды балада 450 тг бар.Егер біріншісінің ақшасын 20 тг арттырып,екінішісінің ақшасын 20 тг кемітсе,үшіншісінікін екі есе арттырып,төртіншісінікін - екі есе кемітсе ,онда барлық баланың ақшасы бірдей болады. Әрбіреуінде қанша ақша бар?

Жауаптар:.

1. 12 есеп дұрыс, 8 - қате; 2. 100. Стақан үшін; 3. 1 - картоп аршу; 2 - оны пісіру,осы уақытта: а) котлет дайындау; б) котлетті қуыру; в) көкөніс жуу және турау; 4. 1 - 80 тг., 2 - 120 тг., 3 - 50 тг., 4 - 200 тг.

Құны 2000 тг есептер.

  1. Сіздің банкіге ақша салуға бірнеше мүмкіндігіңіз бар:

а) 800 тг салып 1000 тг алу.;

б) 200 тг салып 300 тг алу.;

в) 1000 тг 1400 тг алу.

Сіз қай нұсқаны таңдайсыз?

  1. Сіздің банкіге 10% жылдық өсіммен 500000 тг салынды.Жарты жылдан соң қанша ақша қайтарып бере аласыз?

  2. Сіздің банкіге 10% жылдық өсіммен 500000 тг салынды.5 жылдан соң қанша ақша қайтарып бере аласыз?

  3. Фермер тағасының шегесінің санына қарай жылқы сатты.Шегенің саны-16. Бірінші шеге үшін 10 тг, екіншісі үшін- 20 тг,үшінішісі үшін - 40 тг. және т.с.с. Яғни әрбір келесісіне алдыңғысына қарағанда екі есе алады.Фермер жылқыны қаншаға бағалады?

Жауаптар.

1. екіншісі; 2. 525 мың тг; 3. 805 мыңға жуық тг; 4. 635350 тг.

Акционерлер үшін сұрақтар.

  1. Сөздерді жалғастыр:

Қымбат - арзан

Кіріс -

Пайда -

Сатушы -

  1. Акция сатып алатын жер( биржа)

  2. Ақшаға сатып алатын зат (товар)

  3. Шешей шұлық тоқып базарда жіптің бағасынан арзанға сатты.Ол неге батты?(шығынға)

  4. Девиденд алу үшін не болу керек? (акция)

  5. Табыс әкелітін іс қалай аталады? (бизнес, коммерция, …)

  6. Товардың өтуіне не көмектеседі? (жарнама)

  7. Шетелдің ақшасы қалай аталады? (валюта)

  8. Кредит үшін төленетін төлем. (процент)

  9. Экономикалық көмек қанадай түсініктермен беріледі? (субсидия, субвенция, заем, кредит)

  10. Ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуі. (инфляция)

  11. Биржадағы сатушы мен сатып алушының арасындағы делдал. (брокер)

  12. Вексель, банкнот, чек, акция ұғымдарын жалпылайтын сөз? (құнды қағаздар)

Мұғалім: Біздің ойынымыз аяқталды.Аудиторлар тапқан табысты айтқаннан соң жеңіске жеткен топты хабарлаймыз.


© 2010-2022