Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу тақырыбына есептер шығару 8-сынып

Сабақ жоспары: Геометрия Сыныбы: 8б Сабақтың тақырыбы: Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу. Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу жолдарын үйрету. Дамытушылық: Тікбұрышты үшбұрышты шешуде Пифагор теоремасын, сүйір бұрыштың мәндерін қолданып есептерді орындай білуге дағдыландыру. Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу. Міндеттері: - Тікбұрышты үбұрыштарды шешуді үйрену - Тікбұрышты үбұрыштардың бұрыштарын табу Қолданылатын модульдер: 1.Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер 2.Сыни тұрғыдан ойлау 3.Оқытудағы ақпаратттық-коммуникациялық технолог...
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы






Геометрия пәнінен

Ашық сабақ

тақырыбы:

«Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу»

( математика, физика, информатика пәндерінің апталығы шеңберінде)




Сыныбы: 8 «Б»


Өткізген: І санатты математика пәнінің мұғалімі

Тулеуова Баян Ануарбековна



2014-2015 оқу жылы


Күні: 20.01.2015 ж

Сабақ жоспары: Геометрия

Сыныбы: 8б

  • Сабақтың тақырыбы: Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу.

  • Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу жолдарын үйрету.

Дамытушылық: Тікбұрышты үшбұрышты шешуде Пифагор теоремасын, сүйір бұрыштың мәндерін қолданып есептерді орындай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

- Тікбұрышты үбұрыштарды шешуді үйрену

- Тікбұрышты үбұрыштардың бұрыштарын табу

Қолданылатын модульдер:

1.Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер

2.Сыни тұрғыдан ойлау

3.Оқытудағы ақпаратттық-коммуникациялық технологияны пайдалану

5.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

6.Оқытудағы басқару және көшбасшылық

Сабақ түрі: жеке және жұптық жұмыс

Сабақ типі: қорытындылау сабағы,теориялық және практикалық

Сабақтың әдістері: Сурақ-жауап, топтық әдістер. Сын тұрғысынан ойлау, проблемалық, көрнекіліктер, ұжымдық т.б

Сабақтың көрнекілігі:слайд,батман,стикерлер,флипчарт құралдары

Күтілетін нәтиже:

- Тікбұрышты үшбұрыштардың элементтерін ажырата біледі

- Тікбұрышты үшбұрыштарды шешуге Пифагор теормасын қолдана біледі.

- Тікбұрышты үшбұрышты сала біледі

Сабақ жоспары:


Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

бағалау

Ресурстар:осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет?

Сабақтың басталуын ұйымдастыру

1-мин

Психологиялық көңіл-күйді реттеу. Мақсаты: жағымды эмоция орнату.

Сәлеметсіздер ме оқушылар . Оқушылардың сабақққа қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.

Топқа бөлу:1,2,3,4,5,6-ке дейін сыныптағы оқушылар түгел санап шығады да, топтасады.

Оқушылар сәлемдеседі,

топқа бөлініп отырады.

Талап парағымен, бағалау парағымен танысады.

Жақсы, жарайсыңдар

Талап парағы

БІЛУ

Теориялық білім

«Серпілген сауал» әдісі. Қайталау сұрақтары. Мұғалім оқушыға допты бере отырып, сұрақтар қояды, оқушы жауап береді, жауап бере алмаған жағдайда басқа жолдасына бағыттайды.

  • Тікбұрышты үшбұрыш дегеніміз не?

  • Тікбұрышты үшбұрыштың элементтері ?

  • Тікбұрышты үшбұрышты шешу дегеніміз не?

  • Ол үшін не білу керек?

  • Пифагор теоремасы

  • Сүйір бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі, котангенсі?

  • Гипотенузаға түсірілген биіктік үшбұрышты нешеге бөледі?

  • Катеттің проекциясын қалай түсінесің?

  • Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын қалай есептейміз?

  • Тікбұрышты үшбұрыштың 30 градус бұрышына қарсы жатқан катет туралы теорема?

Оқушы жауап береді, жауап бере алмаған жағдайда басқа жолдасына бағыттайды.

Талап парағы

Талап парағы

Түсіну .

Практикалық бөлім

  1. Есептер шығару /ұжымдық жұмыс/ слайдтан есеп.

  2. Есептер шығару. /жұптық жұмыс/

  3. есептер шығару /топтық жұмыс/

1)Сыныппен бірге есеп талдау, шығару.

2)Жұппен талдау,шығару

3)Топпен талдау, шығару

Талап парағы

Слайд, талап парағы

Қолдану

Өмірде қалай қолданамыз? Жіп арқылы көрестіңіз.

Оқушы көрсетеді

Жарайсың!

Жіп

Қорытындылау

Алты қалпақ. Ағаштың жемісі: Жасыл -түсіндім, сабақ ұнады. Сары - түсіндім, бірақ есеп шығаруда қиналдым. Қызыл- түсінгім келетін нәрселер әлі де бар.

Топтар өздеріне берілген қалпақ түстері бойынша талдайды.

Ағашқа алма жапсырады.

Алманың суреті, қалпақтар

Бағалау

Бағалау парағы арқылы оқушылардың өз-өзін бағалауы күтіледі

Бағалау парағы



Талап парағы

Оқушының аты-жөні: __________________________



Бүгінгі сабаққа қойылатын талаптар



Сол талаптарды менің игеруім


Игеру үшін жасайтын әрекетім

«Иә»

«Жоқ»

1

Тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін ажырата аламын /катет, гипотенуза, бұрыштары/



2

Пифагор теоремасын қолдана аламын



3

Гипотенузаға түсірілген биіктікті білемін



4

Сүйір бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі, котангенсі анықтамасын білемін



5

Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын таба аламын.



Бағалау. 17-20 ұпай «5», 12-16 ұпай - «4», 6-11 ұпай - «3».

Серпілген сауал

1-сұр-1ұпай

Есептер шығару

жоғ ұпай-3

Сабаққа қатысым

1-ұпай

Барлық ұпай саны

Қорытынды баға

сынып пен

жұппен

Топ пен

Ұпай саны



Оқушыға «Жолсілтегіш».

1. «Серпілген сауал».

  • Тікбұрышты үшбұрыш дегеніміз не?

  • Тікбұрышты үшбұрыштың элементтері ?

  • Тікбұрышты үшбұрышты шешу дегеніміз не?

  • Пифагор теоремасы

  • Сүйір бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі, котангенсі?

  • Гипотенузаға түсірілген биіктік үшбұрышты нешеге бөледі?

  • Катеттің проекциясын қалай түсінесің?

  • Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын қалай есептейміз?

  • Катеттің гипотенузадағы проекциясының арасында қандай байланыс бар?

  • Тікбұрышты үшбұрыштың 30 градус бұрышына қарсы жатқан катет туралы теорема?

2. Сыныппен жұмыс №3, №20

3. Жұппен жұмыс №

4. Топтық жұмыс №

5. Ақ қалпақ: Тек фактілер !!! Сары қалпақ: Позитивті ойлау. Қарастырылып отырған құбылыстан позитивті жағын бөліп алып және неліктен позитивті екенін дәлелдеу керек. Қара қалпақ: Сары қалпаққа қарама-қайшы. Ненің қиын, түсініксіз, мәселе тудыратын, негативті екенің анықтап және себебін түсіндіреді. Үйлеспеушілікті бөліп қана қарамай, жетіспеушіліктің себебін қайта талдап мағынасын ашу. Қызыл қалпақ. Бұл сезімталдық қалпағы. Өзінің өзгеріс көніл-күйін өткен немесе өзге құбылысты сәттермен байланыстырады. Осындай немесе өзге көңіл -күй қандай сәттермен байланысқан. Сіз осындай немесе өзге жағдайды (қайғы, қуаныш, қызығушылық,тітіркену, таң қалу т.б.) не себепті бастан өткізгендігіңізді түсіндіру қажет емес. Жасыл қалпақ. Бұл шығармашылық ойлау қалпағы. Жаңа тақырыпты өткен кезде келесі сұрақтар: «Жаңа жағдайда жаңа әдіс, зщфакт немесе басқа әдіс-тәсілдерді қалай қолдануға болады?» «Өзгеше болу үшін не істеу керек?», «Осындай немесе басқа аспектіні, жаңалықты енгізу үшін не істеу керек?» қою арқылы жаңа жетістіктер тауып қолдануға мүмкіндік береді. Көк қалпақ. Бұл философиялық , пысықтау қалпағы. Көк арнадағылар өзге қалпақтардың айтқандарын талдап, пысықтап, қорытынды шығарады. Көк қалпақты таңдаған топ міндетті түрде барлық жұмыс уақыттарын әр түрлі екі бөлікке бөлулері керек: біріншіден- басқа топтарды аралап, олардың көзқарасын қабылдап , екішіден- өз топына қайта оралып , жинаған материалды пысықтайды, қорытады. Олар соңғы сөзді айтады.

6. Алманың түсіне қарай жапсыру керек. Жасыл -түсіндім, сабақ ұнады. Сары - түсіндім, бірақ есеп шығаруда қиналдым. Қызыл- түсінгім келетін нәрселер әлі де бар.

7. Бағалау. 17-20 ұпай «5», 12-16 ұпай - «4», 6-11 ұпай - «3».


© 2010-2022