Тапқыр болсаң талас жоқ

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы , Қазалы қвлвсы.

Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Өтеулі Ұлдай

Сынып: 5 . Пәні : Математика.

Тақырыбы : « Тапқыр болсаң талас жоқ »

Мақсаты:

Оқушылардың танымдық деңгейлеоінің артуына ықпал ету.

Сабақтың түрі: Сайыс.

Әдісі: Сұрақ- жауап, өз бетімен жұмыс

Формалары: топтық.

Сабақтың көрнекілігі: презинтация, кесте, маркер,тарататын материалдар

Сабақтың жоспар:

  1. Ұйымдастыру кезеңі .

  2. Сайыс шарттарын түсіндіру.

  3. Сайысты жүргізу.

Сайыс шарты : Әрбір оқушы сұрақтарға жауап береді . Дұрыс жауап

5 ұпай. Ұпайды көп жинаған 4 оқушы келесі кезеңге өтеді.

Тапқыр болсаң талас жоқI кезең.

  1. Математика.

  1. Натурал сандарды атаңдар.

  2. Құрама сандар және жай сандар дегеніміз қандай сандар ?

  3. 2 ; 5 ; 10 бөлінгіштік белгілерін айтыңдар.

  4. 3 ; 9 бөлінгіштік белгілерін айтыңдар.

  5. Дұрыс және бұрыс бөлшектер дегеніміз қандай бөлшектер ?

  6. Аралас сандар дегеніміз қандай сандар ?

  7. Бөлшектерді қалай қосамыз және қалай азайтамыз ?

  8. Бөлшектерді қалай көбейтеміз ?

Тапқыр болсаң талас жоқ

  1. Формулалар.

  1. Төртбұрыштың периметрдің формуласын жазыңдар.

2. Шаршының ауданының қандай сандар ?

3. Жүрген жолдың формуласы.

4. Қосудың ауыстырымдылық заңының формуласын айтыңдар.

5. Көбейтудің ауыстырымдылық заңының формуласын айтыңдар.

6. Санды және әріпті өрнектер дегеніміз не ?

7. Бөлшектерді қосу және азайту формуласы.

8. Бөлшекті көбейтудің формуласы.

Тапқыр болсаң талас жоқ

  1. Сандар.

  1. 0 натурал сан ба?

  2. Сандарды жазу үшін неше цифр қолданылады?

  3. 720102 - саны 3-ке бөліне ме ?

  4. 241 ; 350;748 ; 693 сандарының 5-ке бөлінетіні қай сан ?

  5. 25; 13; 66 ; 11; 120 сандарының қайсысы жай сан , қайсысы құрама сан ?

  6. 2а+5 ; в-15; 102-47+22; х-2у; 53+47-28 өрнектердің қайсысы санды өрнек , қайсысы әріпті өрнек ?

  7. Ең үлкен төрт таңбалы сан.

  8. Ең кіші екі таңбалы сан.

Тапқыр болсаң талас жоқ II кезең.


Шарты: Әрбір оқушы түстерді таңдайды. Алдымен түстер сандармен көрсетіледі . Әркім өзі таңдаған түсінің сандарын есте сақтап қалуға тиіс. Егер басқа түстің санын айтса , онда жауап беру құқығынан айырылып қалады. Сондай -ақ сұраққа жауап бере алмаған ойыншының сұрағына дұрыс жауап беріп , 5 ұпайға ие болуға болады. Жинаған ұпай санына байланысты жеңімпаз анықталады.



1


2

3

4

5

6

7

8

Қызыл түс : Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнайды?
Жасыл түс: Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек.
Сия көк: Көшеде екі әкесі , екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр ?
Қанық көк : Термометр аяз болғасын - үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді.
Ашық жасыл : Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса , бөлмеде неше мысық бар ?
Сұр : Суретте неше үшбұрыш кескінделген ?

Көгілдір түс: 17+19+23+ +20 = 100 .
Ақ түс : Қай сан көрші екі айдың барлық күндерінің санына тең бола алмайды ?
А) 52 Ә ) 61 В ) 59 С ) 58


© 2010-2022