Бала тәрбиесіндегі отбасы мен балабақшаның ынтымақтастығы

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бала тәрбиесіндегі отбасы мен балабақшаның ынтымақтастығы.

Бүгінгі таңда ата - анамен тәрбиеші арасындағы отақ мәселе - бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім . Ата - ана үшін бала төмір жалғасы , көздің нұры , үміт күткен шырағы ,келешек қызық көрсетер болашағы десек ,тәрбиеші үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады . Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланытырады . Міне сондықтан да : «ана үйдің берекесі, бала үйдің мерекесі» , «Бала болсаң болғандай бол , айналаңа қорғандай бол» деген қағиданы берік ұстанған ата бабаларымыз өз ұрпағын « адамзат азамат деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен . Бала тәрбиесінің қай саласында болсын , ата - ананың өнегесі үлкен роль атқарады . Егер баланың ата - анасы үйді таза ұстап , өздерін күте білсе , жақындарымен сыпайы қарым - қатынаста болса , жақсы кітап , кино , шығармалар жайлы әңгімелоеп отырса баланың эстетикалық танымын күшейте түсері хақ .Отбасы - бұл баланың өмір сүру ортасы қамқорлықтың тұрақты көзі тәрбиелеу мен қарапайым білім мен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орын .

Отбасында тұрақты жылы жағдай қалыптасқан болса , ондай ортада тәрбие алып өскен бала да жақсы жетістіктерге жетіп , өзінің даму әлеуетіне көтеріле алады .Алайда , заманауи отбасылары қоғамдық дамудың сапалы және қарама - қайшы жағдайында қалыптасады .

1.Қоғамның қарқынды жіктелуі( материалдық байлығының деңгейі және әлеуметтік мәртебесі бойынша).

2.Балалардың психикасына кері әсерін тигізетін ажырасулар санының артуы .

3.Бір ата - ана ғана тәрбие беретін отбасылар санының өсуі .

4.Бұқаралық ақпарат құралдары мен инт ернет жахандық желісінің қуатты озбырлық ықпалы .

Сапалық тұрғыдан алғанда отбасын нығайту жөнінде кешенді бағдарламалар әзірленіп жүзеге асыруда .Ал отбасындағы қарама - қайшы мәселелерді шиеленісуге әкеліп соқтыратын жағдайлар.Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық - баланың қанағаттану деңгейімен тәрбиеші жұмысының сапасын арттырады . Осының барлығы отбасымен қоғамдық мекемелердің бірігіп жұмыс жасауының нәтижелі болатына көз жеткізеді . Ол үшін алдымен баланы отбасылық ортасы зерттелуі керек .

Зерттеу әдістері : бақылау , әңгімелесу жеке және топтық , сауалнама іскерлік ойын арқылы балалардың отбасылық ортасына зерттеу жүргізіледі .

Отбасылық орта мынадай параметрмен анықталады .

1.Әлеуметтік мәдени орта , ата - аналардың және отбасының басқа мүшелері , ата - аналардың білімдік деңгейі , қоғам өміріне , балабақша істеріне қызығушылығы .

2.Әлеуметтік экономикалық орта: мүліктік сипаттамалар , ата - аналардың жұмыста болуы , еңбекпен қамтылуы .

3.Техникалық гигиеналық орта: тұрмыс тіршілік жағдайлары , үй жайдың жабдықталуы , тұрмыс салтының ерекшелігі .

4.Демографиялық орта : отбасы құрылымы , оның жасқа байланысты құрамы .

Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар: 1.Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуының физикалық , психикалық , адамгершілік саулылығынң негіздері .

2.Отбасы баланы әлеуметтендірудің қалыптасуының алғашқы институты .

3.Баланың қоғамда өмір сүру даярлығын реттеу және бақылау .

4.Ата - аналардың баланың денсаулық жағдайларына дене бітімінің даму деңгейіне отбасы мүмкіндігіне сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарды таңдау құқығы бар .

Отбасы тіршілігін , дәстүрі мен рухани бағдарын зерттеу арқылы баланың мінез құлық жағдайын анықтауға болады . Отбасындағы тәрбиелеу жұмыстарымен танысқаннан кейін алынған ақпарат ата - аналарды балабақша жұмысына қызықтыратын оңтайлы жағдайда құрылуы керек . Яғни ата -ана балабақшада өздерінің балаларына деген құрмет пен махабатты сезіну керек .


© 2010-2022