Уроки по математике на тему Бірмүше және көпмүше тарауын қайталау (7 класс)

1.Бірмүше дегеніміз не 2. Ұқсас мүшелер дегеніміз не? 3.Бірмүшенің коэффициенті деп нені айтамыз? Жауабы:Стандарт түрде жазылған бірмүшенің санды көбейткіші 4.Бірмүшенің стандарт түрі дегеніміз не? Жауабы:Бір ғана санды көбейткіш және негіздері әртүрлі дәрежелерден тұратын бірмүше 5.Көпмүше деп нені айтамыз? Жауабы:Бірнеше мүшелердің алгебралық қосындысын көпмүше деп айтамыз 6.Көпмүшенің мүшелері дегеніміз не? Жауабы:Көпмүшенің құрамындағы бірмүшелер көпмүш...
Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Бірмүше және көпмүше тарауын қайталау.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушылардың бірмүше, бірмүшенің стандарт

түрі, көпмүше және оларға амалдар қолдану, көпмүшені

көбейткіштерге жіктеу жөнінде алған білімдерін тереңдету.

Дамытушылық:

Ой - өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, теориялық

білімін практикада қолдан білу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа,

ұқыптылыққа баулу, ұжымдық ауызбіршілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, үш топқа бөліп отырғызу, назарын сабаққа аудару, сабақтың мақсат, міндеттерін еске түсіндіру.

ІІ. Үй тапсырмасы

ІІІ. Өткенге шолу.(Ұяшық таңдау)

ІҮ. Ойлан тап (ауызша есептеу)

V. Бекіту кезеңі. (есептер шығару,тексеру тесті)

VІ. Қорытынды:

Бағалау.

Үйге тапсырма беру.

ІІ.Өткенге шолу Сиқырлы ұяшықтар

40

30

20

10бірмүше

40

30

20

10көпмүше

40

30

20

10амалдар

қолдану

Сұрақтар:

1.Бірмүше дегеніміз не

2. Ұқсас мүшелер дегеніміз не?

3.Бірмүшенің коэффициенті деп нені айтамыз?

Жауабы:Стандарт түрде жазылған бірмүшенің санды көбейткіші

4.Бірмүшенің стандарт түрі дегеніміз не?

Жауабы:Бір ғана санды көбейткіш және негіздері әртүрлі дәрежелерден тұратын бірмүше

5.Көпмүше деп нені айтамыз?

Жауабы:Бірнеше мүшелердің алгебралық қосындысын көпмүше деп айтамыз

6.Көпмүшенің мүшелері дегеніміз не?

Жауабы:Көпмүшенің құрамындағы бірмүшелер көпмүшенің мүшелері деп аталады.

7.Көпмүшенің дәрежесі дегеніміз не?

Жауабы:Стандарт түрдегі көпмүшенің құрамына кіретін бірмүшелердің дәрежелерінің ең үлкенін көпмүшенің дәрежесі деп атаймыз.

8.Ұқсас мүшелерді біріктіру дегеніміз не?

Жауабы:Ұқсас бірмүшелердің алгебралық қосындысын бір ғана бірмүшемен алмастыру арқылы көпмүшені ықшамдау

9.Көпмүшелерді қосу дегеніміз не?

Жауабы: Көпмүшелерді қосу арқылы оның барлық мүшелерін өз таңбаларымен тізбектеп жазып, ұқсас мүшелерді біріктіру

10.Көпмүшені бірмүшеге көбейту дегеніміз не?

Жауабы: Көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосу керек

11.Көпмүшені көпмүшеге көбейту деген не?

Жауабы: Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін бір көпмүшенің әрбір мүшесін екінші көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп шыққан көбейтіндіні қосу керек

12.Көпмүшені бірмүшеге бөлу дегеніміз не?

Жауабы: Көпмүшені бірмүшеге бөлу үшін көпмүшенің әрбір мүшесін берілген бірмүшеге бөліп шыққан нәтижелерді қосу керек

ІҮ. Ойлан тап

№1. Көбейтуді орындаңдар. 23*7=161 (бұл көбейтінді натурал сандар көбейтіндісі)

№2. Көбейтуді орындаңдар. Уроки по математике на тему Бірмүше және көпмүше тарауын қайталау (7 класс) (бұл көбейтінді аралас сандар көбейтіндісі)

№3. Көбейтуді орындаңдар. 2,3*0,7=1,61(бұл көбейтінді ондық бөлшектер көбейтіндісі)

№4. Көбейтуді орындаңдар. -23*60=-1380(бұл көбейтінді теріс сан мен оң санның көбейтіндісі)

№5. Көбейтуді орындаңдар. 2х2*3х5=6х7(бұл көбейтінді бірмүшелер көбейтіндісі)

№6. Көбейтуді орындаңдар. -2х2*(3х5+5х)=-6х7-10х3(бұл көбейтінді бірмүшенің көпмүшеге көбейтіндісі)

№7. Көбейтуді орындаңдар. (а-в)*(2с+д)=2ас+ад-2вс-вд (бұл көбейтінді көпмүшенің көпмүшеге көбейтіндісі)

Көпмүшені көпмүшеге көбейту :

( а - b )( 2c + d 2+ e) =a( 2c + d 2+ e) - b ( 2c + d 2+ e)=

=2ac + ad 2+ ae - 2bc - bd 2 - be

V. Бекіту кезеңі.

№1.Есептеңдер. 1)(2х3+у)(х-6) 2)(2х-у2)(х-6)

№2.Есептеңдер. 3)(5с-4)(5х+6) 4)(-д-4)(5+6д)

№3.Есептеңдер. 5)(д-4)(5-6д) 6)(д+4)(5+6д)

№4.Көпмүше түрінде келтір.1)(3х+5)(х-6)+х2 2)(2у-у2)(у-6)+у3 3)(5с+4)(3с-5)+20

ҮІ.Сергіту сәті: «Қарындаш қай қалтада»

ҮІІ. Есептер шығару: (үш топ парақшаларға жазылған есептерді шығарады)

ҮІІІ.Тексеру тест: Оқушыларға тест тапсырмалары беріледі.

Үйге тапсырма: Тест тапсырмалары

Өтемісова Айпатша Тулебайқызы

№134 орта мектептің математика пәні мұғалімі

Шакен ауылы





Уроки по математике на тему Бірмүше және көпмүше тарауын қайталау (7 класс)

© 2010-2022