Сабақ жоспары: Жұмыс. Өнімділік. Уақыт

Раздел Математика
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика

28.10.15 ж.



Сабақтың тақырыбы

Жұмыс. Өнімділік. Уақыт.


Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор

Сабақтың жабдығы

қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Жалпы мақсаттар

Оқыту нәтижесі

1.Жұмыс, өнімділік, уақыт түсініктерін енгізу,өнімділікке берілген есептердің жаңа түрімен таныстыру,бөлшек туралы білімдерін бекіту. 2. Математикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; 3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Топқа бөлу

Парталарда суреттер тұрады, оқушылар мұғалімнің үстелінде жатқан суреттерді таңдап, сол сурет орналасқан партаға отырады. Сөйтіп 4 топ құрамыз.

Сол суреттерге байланысты төрт топқа бөлініп отырады

Ынтымақтастық атмосферасы

Күн жарығын алақанға саламын.

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Бағалау парақшасымен таныстыру

Әр топқа бағалау парағын таратамыз. Онда жалпы бағалау жүйесі мен ұпай көрсеткіштері көрсетілген.

Оқушылар бағалау нұсқаларымен танысады

Үй тапсырмасын пысықтау


Анасы мен қызы мәнті түйді. Анасы 1 минутта 3 мәнті, ал қызы 2 мәнті түйті.

-Анасы 10 минутта неше мәнті түйеді? -Қызы 10 минутта неше мәнті түйеді?

-Олардың қайсысы мәнтіні тез түйеді?

Анасының жұмыс өнімділігі 1 минутта 3 мәнті.Қызының жұмыс өнімділігі-1 минутта

2 мәнті.


Оқушылар дәптерге орындайды

Жаңа сабақ

A - жұмыс U - өнімділік T - уақыт

A = ∙ t v = A : t t = A : v

№2 Кестені толтыр. Ауызша.Дәптерге тек өрнек пен жауапты жазу.

Өткенді пысықтауға берілген есептерді орындау. № 3 - № 7

№3 Шешуі: 8 ∙ 12 - 10 ∙ 9 немесе 8 ∙ 12 + 10 ∙ 9

№4 Өрнектерді жазу және мәнін табу. Матем-қ диктант түрінде орындауға болады. .

IV. Білімді бекіту. №7 Тапсырманы орында:

-Боялған бөліктерді көрсететін бөліктерді жаз.

-Боялмаған бөліктерді көрсететін бөліктерді жаз

№8 Логикалық тапсырма. Бүтін бәліш болған.

Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Оқушылар әуенге билеп,сергиді

Ой толғаныс

Лабиринт

Шығармашылыққа тапсырма

Қанша балық

Бір аю әр күні алдыңғы жеген күніндегіден 6 балық артық жей отырып 5 күн ішінде 100 балық жейді. Аю бірінші күні қанша балық жеген? Х+(Х+6)+(Х+12)+(Х+18)+(Х+24)=100

5Х=40, Х=8 балық.


Үй тапсырмасы

№ 5, № 6 ; 109 бет.

Оқушылар күнделіктеріне жазады

Бағалау

Кері байланыс :«Екі жұлдыз, бір тілек»

Бағалау парақшасын толтырады

Кеі байланыс



Мүсілім Базарбаев атындағы №138 гимназия

Сламкулова Айжан Темирбековна

Жоғарғы деңгейдегі жоғарғы санатты бастауыш сынып мұғалімі













Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Сабақтың атауы

Қос сөздер

Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініпп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тпсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық.
Оқушылар хормен:
Мақсатымыз білім - алу
Міндетіміз - еңбектену
5 - ке қолды жеткізу.

Қызығушылықты ояту

Кейбір сөздер екі сөздің қосарлануы арқылы жасалады. Оларды қос сөздер дейміз. Жазуда қос сөздің арасына дефис (-) қойылады: қора - қора, бүгін - ертең, әке - шеше, үлкен - кіші, алыс - жақын.

Терме диктант.
Қос сөздерді теріп жазу.
Түйеқұс, ата - ана, үйір - үйір, қосаяқ, бала - шаға, алабота, анда - санда, Темірқазық, жалт - жұлт.

Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Жаңа сабақ

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Дәптермен жұмыс

1,2,3-жаттығулар топтарда орындалады.

4-жаттығу жеке жұмыс

Рефлексия

Кеспе қағаздармен жұмыс
1 - тапсырма
Өлеңнен қос сөздерді тап.
Көк құтандар көлбеңдеп
Көтеріле алмайды
Жалғыз - жалғыз ербеңдеп
Көк қояндар зулайды.

2 - тапсырма
Мақалдан қос сөздерді тап.
Көре - көре көсем болады,
Сөйлей - сөйлей шешен болады.

3 - тапсырма
Осы өлеңнің ішінен қос сөздерді тап.
Сеңгір - сеңгір таулардан
Секіріп Бурыл гуледі.
VІ. Жұмбақтар сайысы.
1. Қабат - қабат киінген
Төбеден шашы түйілген
Жеп көріп ем өзінен
Жас шығарды көзімнен
(Пияз)

2. Жерге тырс - тырс тамады,
Сайға қарай ағады.
Шешуін кім табады?
(Жаңбыр)

Үш топқа үш тапсырма
Берілген сөздерден қос сөздер жасау.
1 - топ ---------------- 2 - топ ----------------- 3 - топ
Дұп - дұрыс -------- қап - қара ------------- сап - сары
Қып - қысқа -------- тәп - тәуір ------------- шоп - шолақ
Қып - қызыл ------- моп - момақан ------- сүп-сүйкімді

Екі жақты күнделік стратегиясы

Кітаптағы жазбалар

Менің жаңалығым


Үйге тапсырма

5,6-жаттығу 107-бетте

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Кері байланыс

Сабақ жоспары: Жұмыс. Өнімділік. Уақыт.



Мүсілім Базарбаев атындағы №138 гимназия

Сламкулова Айжан Темирбековна

Жоғарғы деңгейдегі жоғарғы санатты бастауыш сынып мұғалімі





© 2010-2022