Рационал сандарды қосу мен азайту (6 сынып)

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6 сынып Математика


Сабақтың тақырыбы:

Рационал сандарды қосу мен азайтуды қайталауға арналған жаттығулар.

Сабақтың білімдік мақсаты:

Рационал сандарды қосу мен азайтуға жаттықтыру.

Дамытушылық мақсаты:

Іскеріліктерін, ауызша және жазбаша есептеу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты:

Ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулу, ұлттық сана - сезімін қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

І. «Хан» ойыны.

Ойынға 5 оқушы қатысады. Алдымен жеке - жеке асық иіреді. Кімнің асығы алшысынан түссе, сол хан, кімнің асығы бірінші тәйкесінен түссе, сол уәзір болады. Уәзір сыныптағы оқушыларға сұрақтар қояды. Хан олардың жауаптарын бағалайды.

өткен тарау бойынша қойылатын сұрақтар.

  1. Таңбалары бірдей сандарды қосу ережесі.

  2. Таңбалары бірдей сандарды қосуға мысал келтір.

  3. Таңбаларды әр түрлі сандарды қосу ережесі.

  4. Таңбалары әр түрлі сандарды қосуға мысал келтір.

  5. Алгебралық қосынды деп қандай сандардың қосындысын айтамыз?

  6. Қарама - қарсы сандардың қосындысы неге тең?

  7. Таңбалары әр түрлі сандарды азайту ережесі.

  8. Таңбалары бірдей сандарды азайту ережесі.

  9. Рационал сандар қалай азайтылады?

ІІ. «Теңге алу» ойыны.

Есепті тақтаға 3 қатардан 3 оқушы шығып шығарады. Дұрыс шығарған оқушы теңге алып отырады. Қай қатардың теңгесі көп, солар жеңіске жетеді.

Амалдарды орындайды.

ІІІ. «Аңшылар» ойыны.

Ойынға сынып түгел қатысады. Сыныптан өз еркімен 2 оқушы аңшы болады. Қалған оқушылар үйректер болады. үйректер аңшыларға есетер ұсынады. Аңшылар есепті дұрыс шығара алса үйректерді атып алғаны. Аңшылар ауыстырылып отырады.

ІV. «Аламан бәйге» ойыны.

Әр қатарға есептері бар 3 бет таратылады. Қатардағы оқушылар кезекпен бір есептен шығарады. Әр оқушы өзінің есебін шығару ретіне байланысты нөмірлейді. 5 - 6 минут уақыт беріледі. Қай қатардың бірінші болғаны, дұрыс шығарғандығы соңынан қорытындыланады.

V. «Орамал тастау» ойыны.

Тақтаға шығып бір оқушы бастайды да әрбір таңбадан кейін борды бір оқушыға береді. Кезектесу арқылы орындайды.

VI. Сабақ қорытындыланып, оқушылар бағаланады.


© 2010-2022