Статья Проблемалық оқытудың кейбір мәселелері

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Статья Проблемалық оқытудың кейбір мәселелеріНугербекова К.И.

№14 орта мектеп - гимназиясының математика пәні мұғалімі

Талдықорған қаласы

Проблемалық оқытудың кейбір мәселелері

Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, процессінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі - оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі.

Оқыту процесінде оқушылардың қызығушылығын ояту үшін проблемалық жағдайлар туғызу қажет. Орта мектепте геометрия пәнін оқытуда проблема туғызу оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін арттыруға көмектеседі.

Оқушының ойлау қабілетін тәрбиелеу үшін теореманы дәлелдеу, дәлелдеу есептерін шығарумен қатар, зерттеу элементтері бар, ойлау элементтері бар есептерді шығарудың, тапсырмалар орындаудың маңызы бар. Мұғалімнің сұрақ қоя білуінің де өзіндік алатын орны бар.

7-сынып геометрия пәнін оқытуда «Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы» тақырыбын түсіндіру үшін мұғалім оқушылардың әрқайсысына жұмыс жасатады.Мұғалімнің жетекшілігімен оқушылар үшбұрыш сызып, оның бұрыштарын трапнспортирмен өлшеп, қосындысын есептеп табады.

Осы ісбеттес жұмыс түрлерінің пайдалы екендігі сөзсіз.Оқушы білім алу жолында өзі еңбектенеді, аздап болса да зерттеу жүргізеді, қорытындыға келеді, нәтижені тексеру қажеттігін, яғни оның ақиқаттығына көз жеткізу үшін дәлелдеудің қажеттігін сезінеді. Осы жерде геометриялық дәлелдеу, оның не үшін қажет екендігін оқушы санасына жеткізу мүмкіндігін тудырады.

Үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы бірден проблема түрінде қоюға болады. проблеманы шешу үшін, яғни «үшбұрыштың сыртқы бұрышы өзімен сыбайлас емес екі ішкі бұрышының қосындысына тең» екендігіне көз жеткізу үшін оқушылар үшбұрыш сызып, мұғалімнің жетекшілігімен тиісті бұрыштарды транспортирді пайдаланып өлшеп, салыстырып, тиісті қорытындыға келеді. Әрі қарай теореманы, оның берілгендерін жазып, дәлелдеу жұмысы оқулықтағыдай етіп жүргізіледі.

Оқушының өзі еңбектеніп алған білімі есте жақсы сақталатындығы, тақырып оңай және игерілетіндігі белгілі. Осы орайдаосы технологияны пайдаланып геометрия пәні бойынша өткізген сабағымның үлгісін ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыш теңсіздігі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштар туралы мағлұматтар бойынша қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынастарды тұжырымдау. Үшбұрыштар қасиетін нақтылай отырып, үшбұрыш теңсіздігін дәлелдеуде белсенді шешімдер табу бейімділіктерін қалыптастыру

Дамытушылық : Оқушылардың ізденісін, зейінін, тиянақты ой қорытындысын жасай білу қабілеттілігін дамыту.

Тәрбиелік : Өзіне-өзі сын көзбен қарауға, баға беруге баулу, тапқырлыққа, адалдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: Топтастыру (ассоциациялық), проблемалық, түсіндірмелі-иллюстр. баяндау,іздену

Көрнекілік: Сызбалар, карточкалар, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.1 Оқушыларды түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу

1.2 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

1) үшбұрыштар түрлерін ассоциация (топтастыру) әдісі бойынша картаға түсіру.

2)Қағаз бетіне өз ойларын түсіру ( 1 мин)

3)Жұп бойынша талқылау;

Топ бойынша талқылау арқылы өз ойларыңды жеткізе білулерің керек. Әр топтан бір оқушының жауабы тыңдалады.

Тақтада жұмыс (карточкамен)

1) Берілгені: BC=CE, AB AD, DE AD

Дәлелдеу керек:

Дәлелдеуі: ∆ABC, ∆DEC тік бұрышты

(<В=0) (шарт бойынша) Статья Проблемалық оқытудың кейбір мәселелері

BC=CE (катеттері) шарт бойынша, Сүйір бұрышы : <1=<2 (вертикаль)

ІІ-белгі бойынша бұрыштар тең, ендеше

AB=DE

2) Берілген: CD = FE, DF = CE,

Дәлелдеу керек:

Дәлелдеуі: ∆CDE, ∆FED тік

(0) (шарт бойынша)

CE=DF (гипотенузалары) шарт бойынша,

ED-ортақ катет ІV белгі бойынша

∆DCE=∆FDE,

2) Жаңа материалды түсіндіру

Проблемалық жағдай туғызу, оны шешуге әрекет. (сурет бойынша есеп)

1) Мектеп пен үйдің арасы 1 км, үйден стадионға дейін 1,5 км. Мектеп пен стадионның арасы 3 км бола ма?

1+1,5=2,5 км<3 км болмайды.

2) Үй мен кинотеатрдың арасы 0,4 км, кинотеатрдан дүкенге дейін 0,5 км. Үй мен дүкен арасы 0,9 км. болуы мүмкін бе? Жоқ

3)Мектеп пен мұражайдың арасы 1 км, үй мен мүражайдың арасы 2,2 км. Мектеп пен үйдің арасы 3 км болуы мүмкін бе? 1+2,2=3,2>3 Ия

Осы есептерді шешуде қандай байланыс болуы мүмкін? (проблема?). Осы проблеманы шешу үшін, 1-тапсырманы орындап көрейік. AB

Теорема, 2. Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғаларының қосындысынан кіші болады.

Дәлелдеу керек: ∆ ABC- кез-келген.

Дәлелдеуі: AB <1=<2 1-теорема бойынша AB< AD

AD= AC+CD CD=BC6 AB AC+BC

∆ ABC

AB < AC+BC, Үшбұрыштар теңсіздігі

1) AC < AB+BC,

BC < AB+AC

Мысал. ∆ ABC AB > AC - BC

BC > AB - BC,

AB > AC - BC,

AC > BC - AB

Жаңа сабақты бекіту.

№185 1) 2 см, 3 см, 5 см

2+3 = 5 2) 2,1 + 2 = 4,1 > 4

5 см = 5 см 4,1 дм > 4 дм

Болмайды. Болмайды.

  1. 4м, 3м, 6м.

  2. 4+3=7 7м > 6м табылады.

Қосымша есептер : Үшбұрыш салуға бола ма?

1) а) 2см, 5см, 7 см б) 4 см, 8 см, 11 см в) 5 см, 6см, 12см.

2+5=7 жоқ 4+8>11 ия 5+6=11<12 жоқ

2) Б) №192 1)2 см, 5 см 2) 21 см және 9 см.

Жауабы: 5 см Жауабы: 21 см.

3) 6 дм және 3 дм 6+6 = 12

Жауабы: 6 дм 12дм>3 дм

С) №202 Берілгені: ΔABC тең бүйірлі AB = BC,

Дәлеледеуі: P=36 см ‹1 сырт. сүйір,

ендеше ‹2 доғал. AC ең үлкен қабырға

АВ=ВС=х десек, АС=х+6, х+х+х+6= 36 , 3x=30 , AB=BC=10см АС=10+6=16см Жауабы: 10 см, 10см, 16 см

Қорытындылау,бағалау.

(Суреттер бойынша сұраққа жауап беру)

Үйге: « Тапқырдың есебі» §3. №193,197

© 2010-2022