Мәтінді есептерді теңдеудің көмегімен шығару

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: Математика

Сабақ өтілетін уақыт: 09.10.2015


Сынып: 5«Ә»

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар, оқу жоспары, оқулық

Сабақ тақырыбы

Мәтінді есептерді теңдеудің көмегімен шығару

Жалпы мақсаттар

Мәтінді есептерді талдау, белгісізді х әрпімен белгілеу, шартын құру

Оқыту нәтижелері

Мәтінді есепті талдап, теңдеу құра біледі

Ресурстар

Маркер, А3 қағаз, стикерлер, интерактивті тақта

Сабақтың типі

Практика

Сабақ барысы

Уақыты

Оқу белсенділігін арттыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау(формативті, суммативті)

Сабақ кезеңдері

1-кезең: Қызығушылықты ояту:

- ұйымдастыру

- үй тапсырмасын тексеру;

-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;

- белсенді әрекетке жұмылдырылады;

- ойлау жұмысына ынталандырылады













2-кезең: Мағынаны ажырату:

- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;


5 мин

5 мин



5 мин

Ой қозғау.

Топқа бөліну

Көшбасшыны топ мүшелері таңдайды. Бағалау критерийімен таныстыру. Сабақтың соңында көшбасшы бағалайтындарын ескерту.Парақты үлестіру

Үй жұмысын тексеру мақсатында әр топтың көшбасшылары тексереді. Дұрыс жауап тақтада көрсетіледі.

Топтық жұмыс. А4 ке теңдеулер құрастырады.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Сыни тұрғыдан ойлауға баулу мақсатында логикалық тапсырма беріледі.

Шығармашылық тапсырма

Сюжет:

Математика кабинетінде сиқырлы теңдеулер шешетін кітап жоғалған. Сондықтан ұрлаған адамның келбетін білу үшін тапсырмаларды орындау керек.ол үшін әр топ детектив болып ойнайды.

.

Тексеру үшін:

Ұрының келбеті: беті домалақ, көк көзді, тақырбас, танауы картошка тәріздес, еріні жіңішке. Барлық топта осындай жауап шығу керек.




1. «Мен өмірімді саясат пен теңдеулерге бөлуге мәжбүрмін, алайда меніңше теңдеу саясаттан гөрі маңыздырақ, себебі саясат тек қазіргі жағдаймен байланысты болса, ал теңдеу мәңгілік». Альберт Эйнштейн

2.Мультфильдердің кейіпкерлері, кино әлемінің кейіпкерлері, ертегі әлемінің кейіпкерлері, аңыздағы кейіпкерлер (4 топ 5 оқушыдан)

3.Бағалау критериін көрсету. Сабақтың соңында көшбасшы бағалайтындарын ескерту



Тапсырма: есепті шешуге теңдеулер құрастырыңдар

  1. Асқар бір сан ойлады. Егер 390-нан ойлаған санды алса, 185 саны шығады. Асқар қандай сан ойлады?

  2. Шелекте бірнеше литр сүт болды. Оған 23 литр сүт құйып, одан тағы 32 литр сүтті құйып алғанда, шелекте 24 литр сүт қалды. Шелекте алғашқыда қанша литр сүт болған?

  3. Марат 51 балық ұстап алды. Бірнеше балықты ол досына сыйлады. Маратта 37 балық қалды. Марат досына қанша балық сыйлады?

Бет әлпеті:

Бетінің пішіні:

Теңдеуді шешіңдер: х+2х=6;

а) 10; сопақ в) 3; төртбұрышты б) 2; домалақ

Көзінің түсі:

Теңдеуді шешіңдер: (х+3)*2=10.

а) 2 -көк; в) -1 - қара; б) 5 - қоңыр;

Шашы:

Теңдеуді шешіңдер: 3х+2х+1=6.

а) 1;тақырбас в) 2; қоңырқай бұйра б) 3; қою қара тік

танауы:

Теңдеуді шешіңдер: х+10 = 10.

а) х = 1; қыр мұрынды; в) х = 0; картошка тәріздес б) х = 10; таңқиған

Еріні:

Теңдеуді шешіңдер: 36:(х+3)=4.

а) у = 1; бантик тәріздес в) у = 6; жіңішке

б) у = 2; томпиған



Топқа бөлінеді.

Тексереді

Параққа топ мүшелерінің атын жазады.

Үй жұмысын жұптасып тексереді.



Топтағы оқушылар жеке шығарады, содан соң бірігіп, ортақ шешім шығарады.Оқушылар топпен бірге ойланады.

Жауап береді.





Теңдеуді шешеді, суретін салады. Фоторобот құрастыру



Ойланады, әр нәрсенің басқа қырынан көруге үйренеді.

Жауап береді.

Формативті бағаланады. (+,-) қою арқылы.

Формативті бағаланады

3-кезең: Ой-толғаныс:

  • анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;



  • синтез, бір-бірімен ой бөліседі



  • сабақ қорытындысы

20 мин

Топтық жұмыс. Қажетті білімдер мен әрекет тәсілдерін өзектендіру. А3 қағазына салу.


Тақтаға суретімен шарты беріледі, теңдеу құрып, шығарады.


Суретке қарап, теңдеу құрастырады және оны шешеді.

Бір-бірімен ақылдасады.

Бағалау критериі арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Келесі оқуға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы)

2 мин


№405, №411


Үйге берілген тапсырма бойынша бағыт-бағдар беремін.

Сұрақтар қояды.


Рефлексия


Кері байланыс (бүгін сабақ ұнады, ұнамады, әсер етпеді) ретінде оқушылардан интервью алу.

Бүгін сабақ ұнады ма, не ұнады, не ұнамады, қай жерде қалай болғанын қалар едің?

Өз ойымен бөліседі.

Топ басшысы бағалау парағын мұғалімге береді.



© 2010-2022