Внеклассное мероприятие Спорт және математика

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Внеклассное мероприятие Спорт және математикаВнеклассное мероприятие Спорт және математикаВнеклассное мероприятие Спорт және математикаВнеклассное мероприятие Спорт және математикаВнеклассное мероприятие Спорт және математикаВнеклассное мероприятие Спорт және математикаВнеклассное мероприятие Спорт және математикаАстана қаласы

№68 орта мектептің

Математика пәнінің мұғалімі

Мирзамуратова Гүльшат Омарқызы

Спорт және математика

Мақсаты: Математика пәніне деген қызығушылығын артыру, оқушылардың ой - өрістерін кеңітіп, шығармашылық қабілетін дамыту, еңбекке, өзін - өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа және дәлдікке, қимыл мен ойды ұштастыра білуге, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Еліміздің ертеңі білімді, дені сау азаматтың қолында екені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында айтып кеткендей «Біздің болашақ ұрпағымыз өсіп жетілуіне әлеуметтік жағдайларын дұрыс қалыптастырып, балалардың білімді, дені сау, епті, күшті, сымбатты болып өсуіне көңіл бөлу қажет»- деген. Олай болса, бүгін сіздер математиканың, спорттың жұмбақты да, қызықты әлеміне сапар шегесіздер. Және сіздер бұл әлемнің сан алуан екендігіне көз жеткізесіздер!

Ендеше, «Спорт және математика» деп аталатын сайысымызды бастаймыз.

Әр таңды бақытпенен атырамыз,

Спорт пенен білім қуған,

енді ортаға

Спортшы оқушыларды шақырамыз

Ендеше, матиматиктеріміз бен спортшыларымыз «Өркен» командасы және «Қыран» командасын қарсы алайық.

І. «Өркен» командасы

Бұл сайысты көптен біздер күткенбіз

Жалындаған жастармыз біз көктембіз

Мақсатымыз биіктерден көріну,

Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз.

Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келер кемеміз,

Білімменен қаруланған тобымыз

«Қыран» тобын қалайда біз жеңеміз.

Ұраны:

Шынығып, шымыр боламыз

Біліммен шыңға шығамыз!

«Қыран» командасы

Ай-хой құрбы-достарым, қарсыластарым

Біз тұрғанда сөздің басын қалай бастадың?

Бізде кілең білім қуған спорт қыраны

Ынтымақ пен бірлікті алып қоштадым.

Қиындықтан сірәдә біз қашпаймыз

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз

Ұраны: Біріміз бәріміз үшін,

Бәріміз біріміз үшін!

Жүргізуші: Ойынымызды бастамас бұрын мынадай ескертулермен хабарландырамыз. Ойын ІV бөлімнен тұрады. 2 команда қатысады. Әр командада 6 ойыншыдан. Әр бөлімге екі командадан үш-үшеуден ойыншы ғана қатыса алады. Залдағы көрермендер немесе жеке ойыншыдан тыс ойыншылар берілген тапсырманы дауыстап, айтса сол команданың ұпай саны екінші командаға беріледі.

І «Кенгуру»

Ойынның шарты:

Бұл ойында қапты киіп, 15 метр жердегі тапсырманы орындап, қайтып келе жатқанда төрт кубиктің біреуін яғни дұрыс жауабы жазылған кубикті 2-рет айналып, қапты келесі ойыншыға ұсынады. Ойында білімге 5 ұпай, жылдамдыққа да 5-ұпай барлығы 10-ұпайдан беріледі.

(Тапсырма екі топқа бірдей беріледі.)



1. Жақшаларды ашып, өрнекті ықшамдау

(3х+у)-(х-4у)

2. Қосуды орындаңдар:

-3+(-5)+(-7)+2

3. Сандарды тауып жұлдызшаның орнына қойыңдар:

27+(-*)=-27

І Бөлім. «Кенгуру»

«Қыран тобы»

ойыншылар

1

2

3

Жылдамдық

Білім

Бағалануы:

І Бөлім. «Кенгуру»

«Өркен тобы»

ойыншылар

1

2

3

Жылдамдық

Білім



ІІ «Картоп егу» .

Ойынның шарты:

Бұл ойында оқушылар допты аяғының астына қыстырып, секіргішпен 15 метр жердегі координаталық түзуге дейін секіріп барып, себетте тұрған картопты жүйекке дұрыс етіп егеді және шелектегі сумен суарады. (Бұл ойында 15 метр жерде үлкен координаталық түзу кескінделген, сол түзуге себетте тұрған дөңгелек карточкадағы сандар мен жақшаларды дұрыс орналастырып, шелектегі қағаз қиқымдары арқылы сан аралығын белгілейді).

Тапсырма:

«Өркен»

1. (-∞;7];

2. [0;3];

3. Қиылысу

«Қыран»

1. [-3;7);

2. (2;9];

3. бірігуі

Бағалануы:

ІІ Бөлім. «Картоп егу»

«Өркен тобы»

ойыншылар

1

2

3

Жылдамдық

Білім

ІІ Бөлім. «Картоп егу»

«Қыран тобы»

ойыншылар

1

2

3

Жылдамдық

Білім



ІІІ Бөлім. «Көкпар»


Ойынның шарты:

Бұл ойында оқушылар бірін-бірі арқалап барып, қарсылас топпен жарыса отырып берілген тапсырманың дұрыс жауабын бірінші болып алып қашу. ( 3 тапсырма екі командаға да бірдей үш-үштен ойыншылар қатысады, тапсырманың жауабы біреу ғана болады осы жауапты бірінші болып алып кету. (тақтада 12 шарға жазылған жауаптар ілінеді/). Дұрыс жауапты алып келген топқа ұпай беріледі.

1. Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?

2. 3 санына қарама-қарсы сан?

3. 5 санына кері сан?

1. 0

2. 1

3. -1

4. 2

1. Внеклассное мероприятие Спорт және математика

2. 3

3. -3

4. 6

1. 5 санының өзі

2. -5

3. 0

4. Внеклассное мероприятие Спорт және математика



ІІІ Бөлім. «Көкпар»

«Өркен тобы»

ойыншылар

1

2

3

Жылдамдық

Білім

ІІІ Бөлім. «Көкпар»

«Қыран тобы»

ойыншылар

1

2

3

Жылдамдық

Білім







ІҮ Бөлім. «Шегіртке ойыны»


Бұл ойында берілген тапсырманың жауабы ойыншылардың басына карона түрінде кигізіледі. Сол тапсырманың дұрыс жауабы жазылған каронадағы оқушылар рет-ретімен шарға мініп секіріп барып, шарды сонда мәреге қалдырып, бір шетке тұра қалады. Сол шарды бос ойыншы жүгіріп барып, шарға мініп секіріп келеді де, келесі ойыншы ойынды жағастырады.

1. Қандай теңдек бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады?

2. Шаршының периметірі неге тең?

а

4

=

х

а

ІҮ Бөлім. «Шегіртке ойыны»

«Өркен тобы»

ойыншылар

1

2

3

Жылдамдық

Білім

ІҮ Бөлім. «Шегіртке ойыны»

«Қыран тобы»

ойыншылар

1

2

3

Жылдамдық

Білім



Қорытынды. Ал балалар бүгінгі ойынымыз осымен мәресіне жетті. Әділқазылар алқасы барлық ұпайларды есептеп болғанша көрермендеріміз арасында санға байланысты мақал-мәтелмен жарыса отырайық.

1. Досыңды үш күн сынамы, үш жыл сына.

2. Бір елі ауызға - екі елі қақпақ.

3. Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.

4. Отыз тістен шыққан шыққан сөз, отыз елге тарайды.

5. Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.

6. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді.

7. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім іл

8. Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

9. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.

10. Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені, еменнің иілгені - сынғаны

Сайыс қорытынды шығарумен және мұғалімнің жеңімпазды құттықтау сөзімен аяқталады. Сайыс бірқалыпты өтетін сабақты жандандырып, оқушылардың белсендігін арттырады.



© 2010-2022