Ашық сабақ Есепті теңдеу құру арқылы шығару

Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Үміткер орта мектебі



Математика пәнінен өткен ашық сабақ.



Тақырыбы: «Есепті теңдеу құру арқылы шығару».


Өткізген бастауыш сынып мұғалімі:

Қаузова Б.Қ.



Сабақтың тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару

Сабақтың мақсаы: Есепті теңдеу құру арқылы шығарудың басқа тәсілдерден ерекшелігіне оқушылардың көзін жеткізу. Оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

Кестелер,кесе,құрма түрінде жасалғанүлестірмелі қима- қағаз, әтеш, сағат, түйеге мінген бала,молда макеті.

«Оразаң қабыл болсын ұстаған жан»буклет.

Сабақтың барысы:

.Ұйымдастыру

.Жаңа сабақ

.Қортындылау

І. Ұйымдастыру:Балалар бүгінгі біздің математика сабағымыздың мақсаты-өзімізді имандылыққа тәрбиелей отырып,есепті теңдеу құру арқылы басқа тәсілдерінің ерекшелігіне назар аудару.

-Қазір Ораза айы немесе Рамазан айы дейміз.

-Рамазан айының өту барысы туралы

«Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан! » буклетімен танысамыз. -Енді біз де Рамазан айында ораза ұстауға қатысайық.

- Түн.

- Оқушылар бастарын партаға қойып ұйықтайды.

- Тақтада әтеш пен сағаттың суреті.Әтештің дауысы естіледі.

- Балалар ұйқыдан оянады.

- Балалар қазір ауыз жабылып, намаз басталады. Кешкі ауыз ашарға дейін шыдау үшін тамақтанып алайық. (Тамағымыз математикалық диктант) Өткен сабақты қайталау.

Өрнек түрінде жаз.

а - ның 80- ге бөліндісін 5 есе арттыр.

90 мен с- ның қосындысын 60- қа көбейт

70-тің 5-ке бөліндісін 42- нің х- ке бөліндісін қос.

984 пен 324-тің қосындысын а мен 412-нің қосындысына бөл.

- Ауыз жабылды.(сағат ауыз жабар уақытқа қойылады) Математикалық диктантты тексеру.

-Намаз. (уақыт қойылып, молданың суреті)

-Намаз аяқталды.

-Балалар, кешкі ауыз ашарды сумен шайып, құрмадан ауызтиеді. Ал бізде құрма өспейді.

-«Балдырған» досымыз алыс жолға түйеге мініп, құрма іздеп кеткен сол қазір келіпті.

- Балалар, Балдырғанның жүгін түсірейік. Егер тапсырмаларды орындасақ, онда жүкті түсіргеніміз болады.

-Бірінші жүкті мен түсірейін, қалған жүкті сендер түсіріңдер.

Жаңа сабақ.

1 ыдыста б3рнеше л., ал 2- ыдыста 10 л. Сүт бар еді. Біріншісіне тағы 2 л. сүт құйғанда, ал 2- нен 3 л. сүтті құйып алғанда екі ыдыстағы сүттің мөлшері бірдей болды. 1- ыдыста неше л. сүт болған?

2- ыдыста 10 л сүт - 3

1 - ыдыста - ?л. +2 л.

Енді осы есепті теңдеу арқылы шығарайық.

х +2 = 10 - 3

ІІ тапсырма № 1 №2 №3 балалар өздері орындайды.

Жүкті түсіріп болдық. Қазір ауыз ашар болады. Аузымызды сумен шайып, құрмадан ауыз тиейік. (су орнында кесе түрінде жасалған үлестірмелі қағаз)

№9,№3 116- бет

№4 Есепті теңдеу құру арқылы шығар.

-Міне, балалар, біз сендермен ауыз аштық.

- Балалар, Қадір түні - өте қасиетті, себебі Қадір ата үй аралауға шығады екен. Сондықтан біз үйлеріміздің есігін ашып, бар тілегімізді айтуымыз керек.

Өзіндік жұмыс.

- Қазір біз 116 бет № 8 есепті өзіміз шығарамыз.Егер кім бірінші болса, сщның үйіне Қадір атамыз бірінші кіреді.

Қорытынды. Бағалау. Үйге тапсырма.

116 бет №5,7

-Балалар, осымен Рамазан айы(сабағымыз) аяқталып келеді. Ораза айт мейрамымыз құтты болсын, тілектеріміз қабыл болсын!

- Үлкендердің айтуы бойынша, бейсенбі, жұма күндері тырнақ алса, сол үйдің мал, жаны өсіп, дәулеті артады екен.

Тырнақпен бірге ауру да кетеді деген ырым бар. Бұл күн аруақтарды қастерлейтін күн, шелпек пісіріліп, құран оқылады. Тағы да Ораза айт мейрамы құтты болсын!



© 2010-2022