Математика сабағында ұлттық құндылықты қолданудың маңызы

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика сабағында ұлттық құндылықты қолданудың маңызыМатематика сабағында ұлттық құндылықты қолданудың маңызы

Математика сабағында ұлттық құндылықты қолданудың маңызы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу» делінген.
Қазақ елінің болашағы бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Ендеше, ертеңгі қоғам мүддесіне лайықты, жан жақты жетілген, бойында ұлттық тәрбие, ұлттық сана қалыптасқан, білімді, парасатты азамат тәрбиелеп өсіру басты міндетіміз екенін үнемі назарда ұстап жүруіміз қажет. Бүгінгі таңда білім беру мазмұны жаңару үстінде. Сол жаңару жолындағы міндеттерді іске асырушы маңызды мекемелер балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары.
Мектеп қабырғасынан бастап ұрпағымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар, ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық өмірдің өзегін келешек ұрпақ тәрбиесіне, соның ішінде ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бағыттауымыз керек.

Олай болса, басты мақсат - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани - мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.
«Елiмiздiң, ертеңі - бүгiнгi жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздың қолында»,- деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін ұлттық құндылықтарды оқу - тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.
Бүгінгі мектептегі оқып жатқан жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелейтін тағылымды тәлім - ұлттық рухта тәрбиелеу мен оқыту.«Тәрбие - табалдырықтан басталады» деген нақылдың өзі өмірден алынған шындық. Халық тәрбиесі ғасырдан - ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.
Нақты математикалық тақырыпты халқымыздың тұрмыс - салтымен байланыстыра оқыту оқушыларымыздың, өз халқымыздың тарихын білуге, тұрмыс салтын ұғынуға үйретеді.
Мұғалім жан - жақты жетілген, білімді, халықтық дәстүр, әдет - ғұрып пен салт - сана ерекшеліктерінен сусындаған шәкірт тәрбиелеуі тиіс. Өйткені, білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана экономикалық дамуда әлемдік дамудың алдыңғы көшінде бола алады.
Қазақ халқы ерте замандарда ғылым мен білімге еркін қолы жетпесе де өмірлік тәжірибеден оқып үйреніп талғай біліп, шеберліктің небір сан саласын асқан ұқыптылықпен сақтап, біздің дәуірімізге жеткізе білген.
Қазақ ағартушысы М. Жұмабаевтың «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелі қылуға міндетті» деген ұлағатты сөзі қазіргі заманға сай еліміздегі ұлттық мектептің қалыптасуын меңзейді.
Елбасымыздың сөзімен айтқанда, «Қазақстан біреулердің қазақтарға тартуы емес, олардың тарихи Отаны». Адам бойына біткен алуан қасиет, дарын туған топырақтан дариды. Туған жерге деген сүйіспеншілік пен мейірім кейінгі ұрпаққа ана сүтімен, бесік жырымен сіңірілген.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын туғызудың жолдарының көзі қазақ халқының тәрбиелік және танымдық мәні бар, баға жетпес асыл қазынасы, тарихи - мәдени мұраларында жатыр. Соның бірі - Қазақтың ұлттық шежіресі.«Адам ата - анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, біліп оны ескерсе, дүниедегі алыс - жақын мен жақсы - жаманды білгені мен көргені көп болған адам білімді болады» - дейді Абай Құнанбаев.
Халықтық педагогиканың бір саласы - ұлттық ойындар. Қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін өтетін тақырыпқа лайықтап пайдалану - тасада қалып келген дәстүрлерімізді қайта жандандырып, ұрпақтар бойына сіңіруге үлкен көмегін тигізеді. Сонымен бірге оқушылар халқымыздың өткен тарихына ойлы көз тастап, қарым - қатынасты, салт - дәстүрлерді саналы түрде сезінеді.


«Квадрат теңдеу» тақырыбында "Зерде" ойынында мақал - мәтелдер, даналық сөздер жүргізуге болады. Оның ішінде екі сан есім квадрат теңдеудің түбірі, яғни Виет теоремасына кері теоремасы бойынша квадрат теңдеу құру керек.
1. х2 - 11х+10=0/ х1=1; х2=10
Бір тал кессең, (он тал ек).
2. х2 - 8х+7=0/ х1=1; х2=7
Жеті рет өлшеп (бір рет кес).
3. х2 - 9х+8=0/ х1=1; х2=8
Жігіт сегіз қырлы (бір сырлы).
4. х2 - 70х+1200=0/ х1=7; х2=7
Жеті жұрттың тілін біл (жеті түрлі білім ал)
5. х2 - 10х+24=0/ D=4 х1=6; х2=4
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді (төртеу түгел болса, төбедегі жетеді).
6. х2 - 1001х+1000=0/ D=998001 х1=1; х2=1000
Білімді мыңды жығады (білекті бірді жығады).
Санға қатысты жұмбақтар:
Бес, он,
Жиырма, елу,
Жүз, екі жүз, бес жүз, мың бар.
Әрқайсысының құны бар. (Теңгелер)
2. 100 мүйізі бар
Үстінде киізі бар. (Киіз үй)
3. Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар. (Домбыра)
Математикалық сандармен берілген мақал - мәтелдер:
Ел құлағы - елу.
Елу жылда - ел жаңа.
Бір күн дәм татқанға қырық күн сәлем бер.
Халық педагогикасының тағылымдарын математика сабақтарында қолдану - оның білімдік және тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар халқымыздың салт - дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде зор мәні бар.
5 сыныпта бөлшек тақырыбын өткен уақытта бөлшектің негізгі ұғымын біздің ата бабаларымыз өте ерте кезден бері қолданғаны туралы айта кеткен жөн, яғни қазақтың төрт түлігі он екі жілікке, төрт аяқ бөлінген.

Бір жілікті - 1/12 бөлік, бір аяқты 3/12=1/4 бөлік.


Ет мүшелеу дегеніміз - сойылған малдың етін жілік - жілігімен бөлшектеу. Малдың төрт аяғындағы 12 жіліктегі жамбас, ортан жілік, тоқпан жілік, кәрі жілік, жауырын сүйектеріне орай ет мүшелеген¬де осы жіліктерді буын - буыны бойынша ажыратып жіліктейді.
жамбас - 2, ортан жілік - 2, асықты жілік - 2, бел омыртқа - 1, сүбе қабырға - 2, (сүбемен бірге бүйректен жоғары 5 қабырға кетеді), қабырға - 2, төс - 1, омыртқа - 1, жауырын - 2, тоқпан жілік - 2, кәрі жілік - 2, бұғана - 1, мойын - 1 етіп бөледі.


Ұлттық құндылықтардың бірі халықтық есептер. Табақ тарту есебі.
Тәттібек дейтін кісінің үйіне қонақ келді. Шайдан соң қонақтарға табақ тарту кезінде Тәттібек жұбайына келіп, «Екеу ара табақ тартсаң, онда бір табақ ет артылып қалады,

не істеу керек» деген екен. Сонда қонақ қанша? табақ қанша?
Шешуі Х қонақ, У табақ
3у - 3=2у+2
3у - 2у=3+2
у=5
х=2у+2=2*5+2=12
Жауабы: 12 қонақ, 5табақ.


Шәкәрім мұрасы математикалық жұмбақтарын өзімнің сабақтарымда

жиі қолданамын.
Тоғыз жиылып бір толғатқан
Бірін бірі буазғыз жуандатқан
Тоғызының киімі тоғыз түрлі
Келген кісі сияқты әр тараптан...
Ал, балалар бұл не?
(математикалық цифрлар)
Тамам сөзді сөйлейді сөйле десе,
Етінен ет кесемін сөйлемесе
Айт демес, айтпайтұғын жауабы жоқ.
Сүйгенімді сөйлеттім әлденеше.
(қарындаш)
Оқушыларға тек пәндік білім, білік дағдыларын меңгертпей ұлттық құндылықтардың тәрбиелік мақсатын түсіндіре отырып сабақтарда қолдану қажет.

Бәйтерек монументінің шармен қосқандағы биіктігі 105 метр, шарсыз биіктігі 97 метр. Осы сандарды пайдаланып дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек және аралас сандарды жазыңдар.

Киіз үйдің биіктігі 4м 20см. Бұл оның керегесінің, уық бөлігінің және шаңырағының биіктіктерінің қосындысына тең. Оның керегесінің биіктігі 1м 60см, уық бөлігінің биіктігі 2м. Шаңырағының биіктігі киіз үй биіктігінің қандай бөлігін құрайды.

Домбыраны координаталық сәуле бойына орналастырғанда домбыраның тиегіне (А нүктесіне), мойына (В нүктесіне) және құлағына (С нүктесіне) қандай бөлшектер сәйкес келеді. А, В және С нүктелерін координаталарымен жазыңдар.

Домбыраның басы(құлағы) 1/10 м, мойны 1/2 м, шанағы 2/5 м. Домбыраның ұзындығы неше метр.
Сандықтың биіктігі 50см. Ұзындығы 1м 50см, ені 55см. Сандықтың көлемін және ауданын тауып, оларды бұрыс және дұрыс бөлшек түрінде жазыңдар.

6 сыныпта өстік симметрия тақырыбын өткенде үй жиһаздарына бедерлеп салынатын ою өрнектер түзуге қатысты симметриялы түрде салынатынын айтып кеткен жөн.

Бабаларымыз ошақпен мосыны жасауда және пайдалануда «бір түзу бойында жатпайтын үш нүкте арқылы жазықтық жүргізуге болады және ол біреу болады» деген заңдылықты тұрмыста шебер пайдалана білген. Конус тақырыбын түсіндіргенде қазақ қыздарының басына киетін сәукеле ер адамдардың басына киетін тақияны айтып кеткен жөн.
Халқымыздың осындай асыл тәрбиелік мұраларын күнделікті сабақ мазмұнымен байланыстыра оқушыларға жеткізіп отыру жас ұрпақтың таным дүниесін кеңейтіп, ұлттық тәлім береді. Халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды дәріптеп, білімге ден қойып көп ізденіс жасамайынша оқыту мен тәрбиені бірге ұштастырып ықпалдастыру мүмкін болмайды. Еліміздің тұғырын берік ұстап тұра алатын оны одан әрі дамытып көркейтетін ұрпақ даярлау мақсатымыз.




Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды пайдалану


Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру мекемедегі ұжымының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Осы жайттарды ескере отырып қазіргідей жаһандану дәуірінде сабақ үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.







































Математика сабағында ұлттық құндылықты қолданудың маңызы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті -ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу» делінген.
Қазақ елінің болашағы бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Ендеше, ертеңгі қоғам мүддесіне лайықты, жан жақты жетілген, бойында ұлттық тәрбие, ұлттық сана қалыптасқан, білімді, парасатты азамат тәрбиелеп өсіру басты міндетіміз екенін үнемі назарда ұстап жүруіміз қажет. Бүгінгі таңда білім беру мазмұны жаңару үстінде. Сол жаңару жолындағы міндеттерді іске асырушы маңызды мекемелер балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары.
Мектеп қабырғасынан бастап ұрпағымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар, ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық өмірдің өзегін келешек ұрпақ тәрбиесіне, соның ішінде ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бағыттауымыз керек. Олай болса, басты мақсат - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани - мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.
«Елiмiздiң, ертеңі - бүгiнгi жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздың қолында»,- деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін ұлттық құндылықтарды оқу - тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.
Бүгінгі мектептегі оқып жатқан жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелейтін тағылымды тәлім - ұлттық рухта тәрбиелеу мен оқыту.

«Тәрбие - табалдырықтан басталады» деген нақылдың өзі өмірден алынған шындық. Халық тәрбиесі ғасырдан - ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.
Нақты математикалық тақырыпты халқымыздың тұрмыс - салтымен байланыстыра оқыту оқушыларымыздың, өз халқымыздың тарихын білуге, тұрмыс салтын ұғынуға үйретеді.

Мұғалім жан - жақты жетілген, білімді, халықтық дәстүр, әдет - ғұрып пен салт - санаерекшеліктерінен сусындаған шәкірт тәрбиелеуі тиіс. Өйткені, білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана экономикалық дамуда әлемдік дамудың алдыңғы көшінде бола алады.Қазақ халқы ерте замандарда ғылым мен білімге еркін қолы жетпесе де өмірлік тәжірибеден оқып үйреніп талғай біліп, шеберліктің небір сан саласын асқан ұқыптылықпен сақтап, біздің дәуірімізге жеткізе білген.
Қазақ ағартушысы М. Жұмабаевтың «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелі қылуға міндетті» деген ұлағатты сөзі қазіргі заманға сай еліміздегі ұлттық мектептің қалыптасуын меңзейді.

Елбасымыздың сөзімен айтқанда, «Қазақстан біреулердің қазақтарға тартуы емес, олардың тарихи Отаны». Адам бойына біткен алуан қасиет, дарын туған топырақтан дариды. Туған жерге деген сүйіспеншілік пен мейірім кейінгі ұрпаққа ана сүтімен, бесік жырымен сіңірілген.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын туғызудың жолдарының көзі қазақ халқының тәрбиелік және танымдық мәні бар, баға жетпес асыл қазынасы, тарихи - мәдени мұраларында жатыр. Соның бірі - Қазақтың ұлттық шежіресі. «Адам ата - анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, біліп оны ескерсе, дүниедегі алыс - жақын мен жақсы - жаманды білгені мен көргені көп болған адам білімді болады» - дейді Абай Құнанбаев.
Халықтық педагогиканың бір саласы - ұлттық ойындар. Қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін өтетін тақырыпқа лайықтап пайдалану - тасада қалып келген дәстүрлерімізді қайта жандандырып, ұрпақтар бойына сіңіруге үлкен көмегін тигізеді. Сонымен бірге оқушылар халқымыздың өткен тарихына ойлы көз тастап, қарым - қатынасты, салт - дәстүрлерді саналы түрде сезінеді.



Тақырыбы: Логикалық есептер сайысы


Мақсаты: Логикалық есептерді шығара білу; шығармашылық қабілеттерін дамыту; ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: асық, пойыз суреті, слайд, үнтаспа, конверттер, сіріңке,
Жүргізуші:

Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы,
Математика ғылымы жайында
«Логикалық есептер» сайысын
Бастаймыз!
Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Математиканың жанкүйерлері!
Бүгін біз математиканың қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналдық! /ойын мақсатымен таныстыру/
Жүргізуші: Жас достарым мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәніне,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де. /Дауыс/
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! «Логикалық есептер» пойызы. Елтай орта мектебі аялдамасына келіп тоқтады. Пойыз жолдың бірінші желісінде, абайлап сақ болыңыздар!
Жүргізуші: Пойыз де келіп қалды. Ендеше білім сапарына аттағалы тұрған қатысушыларымызды ортаға шақырамыз.
Ойыншыларымызды сынға алатын әділ-қазы алқасымен таныс болайық.
Жүргізуші: «Логикалық есептер» пойызына тегін жолдама беріледі. Оған тек бір шарт қойылады. Бұл - әр топтың сәлімдесуі. /таныстыру/
1 топ: Армысың! Сыныптасым, қарсыласым,
Арайлап ата берсін әрбір таңын.
Өздеріңмен сайысқа түсіп тұрған,
От болып, лапылдап тұр, жүрек жалын.
2 топ: Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашан да үміткерміз жеңіске. /Дауыс/
Құрметті жолаушылар! Пойызға отырғызу басталды. Асығыңыздар, сақ болыңыздар!
Жүргізуші: Ал ендеше біздің сапарға аттанайық. Сәт сапар тілейміз!
1-аялдама: «Математикалық эстафета аялдамасы»
Блиц-турнир
1-топ:
1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)
2. Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (20)
3. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4сағат)
4. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3)
5. Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма? (Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)
2-топ:
1. Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар? (4)
2. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3мин)
3. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? (4)
4. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50 кг)
5. Адамның 10 қолында неше саусақ бар? (50)
2 - аялдама: Тапқырлар патшалығы
Жүргізуші: Сынның да сыны бар ғой сыналатын,
Әр түрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Сыналып әр секундпен жүре алатын.
Конверттегі тапсырма. Сендерге есептер берілген. Есептерді шешіп жаубын парақтардан табасыңдар. Есептердің мәндерін суретті жинау керек - 1 ұпай. Суретте кім бейнеленгенін шешсеңдер тағы - 1 ұпай саны қосылады.



Логикалық есептер

Мақсаты:
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлауын дамыту.
Есептеу дағдыларын жетілдіру;
Математикалық тілде сөйлеуге, ұқыптылыққа баулу.


Логикалық есептер


*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді?
*4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
*Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
*Бір айда 5 жексенбі бола ма?
*Үш ат жегілген арба 30 км жүрді. Бір аттың жылдамдығы қандай?
*Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді. Барлығы неше қаз?
*Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?
*Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек7
*Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені?
*Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса, 1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
*Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар?
*Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
*Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
*Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9-ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады?
*Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?


*Немере атасынан: "Жасың нешеде? "деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде?
*Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
*Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
*Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?















Макаров жалпы орта білім беретін мектебі







Математика пәні мұғалімі:А.Б.Сабирова




2014-2015 оқу жылы


© 2010-2022