Ондық бөлшектерді салыстыру және қосу ашық сабақ 5 сынып

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ондық болшектерді салыстыру және қосу.

Сабақтың мақсаты:

1. оқушылардың ондық бөлшектерді қосу және салыстыру жөніндегі білімдерін тиянақтау;

2. оқушылардың іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін, білімдерін дамыту;

3. оқушыларды шыдамдылыққа, ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау, білім бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: ойын сабағы

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, карточкалар

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

Кіріспе. Балалар, біздер қандай болшекті оқып жатырмыз?

Ондық бөлшектер жалпы бөлшек санның дербес бір түрі.

Ондық бөлшектер туралы Рим жазушысы Цицерон былай деген екен: «Бөлшекті білмейінше, математиканы білемін деп ешкім айта алмайды!»

Ал орыстың ұлы математигі Магницкий былай айты:

«Бүтінге келсең жұлынып,

Алдыңа еш жан салмасаң

Болшекке келсең бұғынып,

Жауабын таба алмасаң

Есепке мықты демелік,

Бөлшекке көңіл бөлейік» - деп бүтін сандарға амалдар қолдануды қанша жақсы білсең де, бөлшек сандарға амалдар қолдануды білмесең, онда есепке мықтымын деп айтпа деген екен.

Келешекте сендер жетінші сыныптан бастап физика және химия деген пәндерді оқитын боласындар. Сонда физикалық және химиялық есептерді шығарған кезде бөлшек сандар өте жиі қолданылады. Сол себебті, балалар бөлшек сандарға амалдар қолдануды осы бастап дұрыстап үйреніп алыңдар.

2. Ұй жұмысын тексеру. Қайталау

1. Ондық бөлшектерді жай бөлшек түрінде жазу:

2,7; 0,8; 5,64; 145,008; 12,35.

2. Ондық бөлшектерді өсі ретімен жазу:

1/ 0,3; 2,06; 5,4; 1,48; 0,08; 0,29.

2/ 1,5; 2,1; 2,56; 1,49; 0,81.

3/ 5,2; 6,5: 4,1: 2,1: 1,6

3. Ондық бөлшектерді кему ретімен жазу:

1/ 0,3; 2,06; 5,4; 1,48; 0,08; 0,29.

2/ 1,5; 2,1; 2,56; 1,49; 0,81.

3/ 5,2; 6,5: 4,1: 2,1: 1,6

4. Ондық бөлшектерді салыстыру:

1/ 6,33 пен 6,35

2/ 7,00 бен 7

3/ 8,09 бен 8,99

4/ 9,10 бен 9,1

5/ 10,01 мен 10,11

6/ 13,5 пен 13,05

7/ 14,5 пен 14,55

5. Ондық бөлшектерді қосу алгоритмі:

1. Нөлдерді тіркеп жазу арқылы қосылғыш бөлшектердің ондық таңбаларының санын теңестіру керек;

  1. Ондағы аттас разрядтар бірінің астында бірі тұратындай етіп жазу керек;

  2. Разрядтар бойынша қосып, қосындыдағы үтірді қосылғыштардағы үтірдің астына қою керек.

6. Есептерді шығару:

  1. 4,21+5,47

  2. 34,683+8,564

  3. 5,243+76,4

  4. 14,25+7,341

  5. 5+9,12

  6. 1,456+8,544

  7. 8,1+1,9


3. Оқулықпен жұмыс:

1. № 1015

2. № 1008 /3/

7. Ойын «Кім жылдам»

Кестедегі қосындылармен бір бағанға оның тұсындағы әріптерді қойындар. Сонда 15 ғасырда ондық бөлшектерді енгізген самаркандық ғалымның атын оқисындар.

0,25+0,46 И

13,123+5,024 Ә

38,4+2,06778 А

0,83+1,6079 -

5,607+0,193 Л

9,004+13,8 К

0,251+47,749 Ш

18,147

5,8

2,4379

22,804

40,46778

48

0,71




  1. Сабақты бекіту

Тест

  1. Ондық бөлшектерді қосындар: 5,6+3,7

а/ 93

б/ 9,3

в/ 0,93


  1. Ондық бөлшектерді салыстырыңдар: 0,638 бен 0,648

а/ 0,638 Ондық бөлшектерді салыстыру және қосу ашық сабақ 5 сынып 0,648

б/ 0,638 = 0,648

в/ 0,638 Ондық бөлшектерді салыстыру және қосу ашық сабақ 5 сынып 0,648


  1. Тура теңдіктерді теріп жазыңдар:

1/ 5,7=5,70 3/ 9,09=9,90

2/ 4,3=4,03 4/ 1,1=1,10

  1. Үшбұрыштың қабырғалары 1,2см, 2,4см ж2не 4,1 см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.

а/ 3,6см

б/ 7,7см

в/ 6,5см


  1. Есептеңдер: 8,97+4,51+0,682

а/ 13,662

б/ 136,62

в/ 1,3662

5. Ұйге тапсырма

1.

2.

6. Сабақтың қорытындысы


© 2010-2022