Сыныптан тыс шара математика пәнінен Математика - керемет әлем (5-6 сыныптар)

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 26.02.2016 жыл Сыныбы: 5 - 6 Пәні: Математика

Пән мұғалімі: Сейпулла Айымгүл

Тақырыбы: «Математика - керемет әлем» көңілді тапқырлар сайысы.

Мақсаты: оқушыларды логикалық және шығармашылық есептерді ауызша әрі тез

есептей білуге дағдыландыру.

Түрі: Интелектуалдық сайыс

Әдісі: Сыни тұрғысына ойлау, топтық, сұрақ - жауап

Қолданылатын көрнекіліктер: Қанатты сөздер, шарлар, сұрақтар, стикерлер

және «Математика - керемет әлем» тақырыбы.

Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу

  • Оқушыларға психологиялық дайындық жүргізу

  • Сайыстың жоспарымен таныстыру

Интелектуалдық сайыстың жоспары:

  • Сәлемдесу /топтың атын, ұранын, төсбелгісін таныстыру/

  • Үй тапсырмасы /ребус шешу/

  • «Қас - қағым сәт» /блиц - турнир/

  • «Ашылмаған құпиялар» /постар қорғау/

  • «Білгенге маржан» /судоку шешу/

  • «Суретшілер» сайысы

  • Қорытындылау «Бес саусақ»

І. Мұғалім сөзі:

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Білімнің сусындатқан теңізінен,

Нәр берген жүрекке жылы лебізімен.

Бүгін біз метматиканың жұмбақты да тартымды әлемінің қызықты әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізу үшін, «Математика - керемет әлем» атты көңілді тапқырлар сайысын бастаймыз. Сайысқа қатысушы топтарды таныстырып, оларды ортаға шақырайық.

Кітап алып қолына,

Берілген ғылым жолына,

Есепті шешу түк емес,

____________________ тобына - дей келе 5 сыныптың «______________» құрама тобын ортаға шақырайық.

Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

____________________ тобын, халайық,

Қол соғып қарсы алайық - ортаға «____________________» құрама тобын ортаға шақырайық.

ІІ. Мұғалім сөзі:

Шын жүрек шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда,

Сіздерге құрметпен қол соғылады.

Бүгінгі сайысқа қатысушы топтардың білімі мен тапқырлығын бағалар қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

ІІІ. Мұғалім сөзі:

Асып әсте саспайық,

Сайыс қызығын, достарым,

Осылайша шабытпен

Қане, енді бастайық!

Топтың атын, ұранын, төсбелгісін қорғау 5 балдық жүйемен бағаланады. Сахна төріне «____________________» құрама тобының өздерін таныстыруын тыңдайық.

Келесі «____________________» құрама тобының өздерін таныстыруын тыңдайық.

ІV. Мұғалім сөзі:

Үй жұмысы /ребустар шешу/. Әр топ дайындап келген ребустарын ауыстырып шешеді.

V. Мұғалім сөзі:

«Қас - қағым сәт» /блиц - турнир/.

Сынақтың шартымен таныстырып өтейін. Әр топқа жеке - жеке 20 сұрақтан қойылады. Кідірмей тез жауап беру керек. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Егер дұрыс жауабын білмесе, келесі деп айту керек. Сонда екінші топқа жауап беруге болады.

1. «____________________» құрама тобына қойылатын сұрақтар

1. Сәуленің ұшы бола ма? (ия)

2. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш? (шаршы)

3. Қосудың теңдігі ? (қосынды)

4. Ең кіші 3 таңбалы сан? (100)

5. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)

6. Метрде қанша сантиметр бар? (100)

7. Ең кіші жай сан? (2)

8. Кесінді тұйықталған ба? (ия)

9. Азайтудың теңдігі? (азайтынды)

10. Қай санды бөлуге болмайды? (0)

11. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)

12. Шеңберді сызатын құрал? (циркуль)

13. 1 кг да қанша грамм бар? (1000)

14. Ең кіші натурал сан? (1)

15. Нөлден кіші сандар (теріс сандар)
16. Бірге және өзіне ғана бөлінетін сандар ( жай сандар)
17. Нөлден үлкен сандар ( оң сандар)
18. Ең кіші натурал сан (бір)

19. қыс пен көктемде неше ай бар? (6 ай)

20. 1 дм 4 см нешеге тең? (14 см)

2. «____________________» құрама тобына қойылатын сұрақтар

1. Шеңбер нүктесін центрімен қосатын кесінді? (Радиус)

2. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш? (шаршы)

3. Санның жүзден бір бөлігі? (пайыз)

4. Берілген фигуралардың қабырғаларының қосындысы? (периметр)

5. Дөңгелектің ең үлкен хордасы? (диаметр)

6. Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу ( паралель)
7. Екі қабырғасы тең үшбұрыш ( тең бүйірлі )
8. Бірге және өзіне ғана бөлінетін сандар ( жай сандар)
9. Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)
10. Санның жүзден бір бөлігі ( процент)

11. Екі қатынастың теңдігі ( пропорция)
12. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (нөл)
13. Нөлден үлкен сандар ( оң сандар)
14. 26 дәрежесі неге тең? (64)

15. 1 тоннада неше центнер бар? (10ц)

16. ОХ осі қалай аталады? (абсцисса)

17. ОУ осі қалай аталады? (ордината)

18. Екі санныңқосындысы 57, айырмасы 15. Ол қандай сандар? (36, 21)

19. анасы 16 мандарин сатып алған. Жартысын Думан жеді, Айша екі мандарын

жеді, қалғанын Дина жеді. Дина неше мандарин жеген? (6)

20. жеген сайын жылататын не? (таяқ)

VІ. Мұғалім сөзі:

«Ашылмаған құпиялар» /топтық жұмыс, постер қорғау/

Топтық жұмыстың шартымен таныстырып өтейін. Әр топқа жеке - жеке тақырыптар беріледі. Сол тақырыптарды ашып қағаз бетіне түсіріп, қорғайсыздар. 5 балдық жүйемен бағаланады.

1) Математика - не туралы? /5 сынып/

2) Математиканың бізге үйретері бар ма? /6 сынып/

VІІ. Мұғалім сөзі:

Математикалық атаулар мен ұғымдар,

Есте болар достарым бәріңнің де.

Енді бір сәт солардан тізбек құрсақ,

Артық болмас, бастайық кезек сізде.

«Білгенге маржан» /судоку шешу/

Бұл бөлімде әр топқа ашық тұрған торкөзді бірлік сандармен толтырыңыздар. Судокудың кез келген қатарында, кез келген бағанында, кез келген 3*3 торкөз блогында бірдей цифр болмауы керек.

5


8

9

1

2




2

9

4




3

1

8




4

8


9

5

2


7


3


8

4

2

9


2


7

9

6


8


3

8

9

2


1


7


7

4

6


3

5




9

1

2




8

3

5




1

2

9

6


7


6

9



3

2

5

4


5

3




1

7

8


8

1

4

7

5




6



5

4

1




9

3

4


2


6

1

5

1



9

3

6



7




8

9

2

7

3


8

9

7




5

6


3

1

2

6



8

4


Сергіту сәті: Жаңылтпаштар сайысы.

1. Рационал сан, иррационал сан

Иррационал сан, рационал сан

Біріккен сан, болған сан

Нақты сан деп аталған сан.

2. Шеңбер, шеңбер доп емес

Доп сияқты, доп емес

Доп деп, доп деп шеңберді

Ойлама шеңбер ол емес.

3. Айқыш бұрыш, айқыш бұрыш

Тең - тең бұрыш, тұтас бұрыш

Тұтас бұрыш, тұтас бұрын

Сәйкес бұрыш, құрған бұрыш

Жазыңқы бұрыш, құрған бұрыш.

VІІІ. Мұғалім сөзі:

Математика сырлары,

Қызықтырады біздерді.

Ойынға бірге қатысуға

Шақырамыз сіздерді - деп, «Суретшілер» сайысына кезек береміз. Алдарыңызға берілген координаталық түзуде координаталық нүктелерді бергілеп қоссақ, сурет пайда болады.

1. «____________________» құрама тобына «ҰШАҚ» (-7; 0), (-5; 2), (7; 2), (9; 5), (10; 5), (10; 1), (9; 0), (-7; 0), (0; 2), (5; 6), (7; 6), (4; 2), (0; 1), (6; -3), (8; -3), (4; 1), (0; 1).

2. «____________________» құрама тобына «ЖЕЛКЕНДІ ҚАЙЫҚ» (0; 0), (-10; 1), (0; 16),

(-1; 2), (0; 0), (-9; 0), (-8; -1), (-6; -2), (-3; -3), (5; -3), (10; -2), (12; -1), (13; 0), (-9; 0), (0; 0), (0; 16), (12; 2), (0; 0)

IX. Мұғалім сөзі:

«Математика - керемет әлем» интеллектуалдық ойының қорытындысын айту үшін, сөз қазылар алқасына беріледі.

Бүгінгі «Математика - керемет әлем» атты көңілді тапқырлар сайысының кері байланысын берейік. 1) бүгінгі сабақта ең бірінші не ұнады?

2) не ұнаған жоқ?

3) өзің жаңадан не білдің?

4) алған әсерін қандай?

5) маған ұсыныс, тілек.

Алдыңызда жайнаған жүздеген әні,

Сіздермен кездесерміз біздер әлі.

Әділқазы, көрермен сау тұрыңыз,

Күтеді бізді жарқын күндер әлі!!!



© 2010-2022