Открытый урок по математике на тему Натурал сандар (Часть-1)

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика пәнінің мұғалімі

Әмір Гүлбадан Сейілханқызы

Сабақтың тақырыбы: Натурал сандарға амалдар қолдану

Сабақтың мақсаты: Өткен тақырыптарды қайталау,теориялық алған білімдерін есеп шығару барысында қолдану,білім , білік және дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Пәнге қызығушылығын арттыру. Білімді күнделікті

өмірмен байланыстыру. Басқа пәндермен байланысын, кино өнерімен ұштастыру ,ұлттық салт-дәстүрді оқушы жадында жаңғырту. Достыққа, татулыққа, тапқырлыққа,

жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Өз бетінше жұмыс жасай отырып, білім, біліктілігін арттыру. Тақырып бойынша ең негізгі ұғымдарды анықтай білуге үйрету, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Ертегі сабақ (ауыз әдебиетімен кіріктірілген)

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, видео үзінді, интерактивті тақта. Карточкалар.

Пәндік байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, жаратылыстану

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

I Ұйымдастыру кезеңі

1 мин.

а)сәлемдесу,оқушыларды түгендеу

б)Психологиялық дайындық жаттығуы

Сабаққа дайын болуы.Оқу құралдарының дайын болуы

II Кіріспе кезеңі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Тақтада: «Ерте,ерте,ертеде...» деген сөз шығады. Оқушылардан бұл үзіндіні қайдан естігені туралы ой тастау.

Ендеше «Ертегі сабағымызды» бастайық.

Слайд-1.1 (эпизодтан үзінді)

«Ерте,ерте,ертеде ...». Сонау бір қилы заманда, қой үстіне бозторғай қонған уақыт болған екен. Халық шат-шадыман, күнде думан, күнде той тойлапты. Солардың ішінде каһарлы хан өмір сүріпті. Оның бірінен -бірі асқан екі сұлу қыздары болыпты. Біреуінің аты Күнсұлу,екіншісінің аты Айсұлу. Күндердің күнінде сұлу қыздардың біреуін Айсұлуды Дию түн жамыла келіп, ұрлап алып кетіпті. Қаһарланған хан барлық хан сарайындағы халықты жинап алып, былай депті:

Слайд-1.2(эпизодтан үзінді)

Экранда хан шығады.

«Егер кімде-кім Айсұлуды тауып әкеліп берсе, ат басындай алтын сыйлап, байлығымның жартысын беремін. Ал егерде таппасаңдар, онда хан сарайынан қуыласыңдар!»-дейді. Халық арасынан сарбаздар жиналып, қаруланып, атой салып Айсұлуды іздеуге аттанып кетеді.

Оқушылар өздері оқыған кітаптарынан немесе ертегіде кездесетінін айтады.


Оқушылар мұғалім сөзін мұқият тыңдап, экрандағы Күнсұлу мен Айсұлуды және хан сөзін тыңдайды.

III. «Біліммен қарулан!» кезеңі

Сұрақ-жауап әдісі.

Мақсаты: Тірек білімді еске түсіру арқылы сабақты өтуге дайындау .

Олай болса оқушылар, Айсұлуды іздеп шығуға бізде аттанайық.Ол үшін хан сарбаздары қару-жарақпен сайланса, біз біліммен қаруланайық..

Слайд-2. Осыдан соң экранда сұрақтар ашылады.

1) Қандай сандар натурал сандар д/а?

2)Ең кіші натурал сан қандай сан?

3)Ең үлкен натурал сан ше?

4) Көп таңбалы натурал сандар қалай оқылады?

5) Қандай сан натурал сандар қатарына жатпайды?

6)Разрядтар саны бірдей натурал сандар қалай салыстырылады?

7)Натурал сан координаталық түзуде қалай салыстырылады?

8) Натурал санды дөңгелектеу деген не?

9)Натурал санды дөңгелектеу ережесін тұжырымда.

10) Қосудың қасиеттерін ата.

11) Азайтудың қасиеттерін ата

12) Тең сандардың айырмасы неге тең?

13) 0:5 немесе 5:0 жазуының қайсысының мағынасы бар?

14) Бөліндінің қасиетін тұжырымда.

15) Көбейтудің қасиеттерін ата.

Сұрақтарға жауап толық алынған соң:

Балалар, сөйтіп біз білімдерімізді тексердік. Біз сапарға аттануға сақадай саймыз ба? Ендеше Айсұлуды іздеуге аттанайық!

Оқушылар сұрақтарға кезекпен жауап береді.

Жауаптарына сай бағалау қағаздарын алады.

«қызыл» түс - «5»

«жасыл» - «4»

«сары» - «3»

«қара» - «қайта оқу керек»


Мақал-мәтел:

Пәндік байланыс:

Тарих: Қандай қару-жарақ түрлері бар?

Әдебиет:

Білімге байланысты мақал-мәтел:

-Садақ, найза, айбалта, шоқпар т.б атайды

-«Күш білімде.»,«Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді»,

«Ақыл азбайды,білім тозбайды»,т.б

IV. «Өтетін өткелді тап! » кезеңі.

Мақсаты:Білімдерін, есеп шығару дағдысын тексеру

Сөйтіп күн артынан- күн, ай артынан- ай өтеді. Сарбаздар күн қатып, түн қатып жол шегеді. Келе жатып, жолда үлкен әрі терең дарияға кез келеді.

Слайд-3.1(эпизодтан үзінді)

Амалдары құрып, дағдарып тұрғанда дария жағасындағы үлкен қара тасты көреді. Ол таста мынадай жазу бар екен. «Егер кімде кім тастағы жа-зылған мына шартты орындаса,онда дарияда өткел пайда болады:

Ендеше ол қандай жазу?

Слайд-3.2

Экранда есеп шарты көрінеді.

Cандарды цифрлармен жазыңдар

1) төрт тың тоғыз жүз он алты

2) екі жүз екі мың қырық төрт

3) бес жүз алпыс сегіз мың тоғыз

4 ) бір миллион екі жүз отыз бір мың жеті жүз жетпіс жеті

5) отыз үш миллиард елу бес миллион тоғыз жүз алпыс алты мың сегіз.

Оқушылар тақтада есептер шығарады. Әр топтағы балалар есепті бұрын шығаруға тырысады. Есептен соң дарияда өткел пайда болады. Бұрын шығарған топ жол бастайды.

Бұрын шығарған бағалау оқушы біліміне сай түсті қағазын алады.

Жұптасып тексеріп, мұғалімге тапсырып, бағалау қағазын алады.

«қызыл» түс - 5-ін орындаса

«жасыл» - 4-ін орындаса

«сары» - 3-ін орындаса

«қара» -3-еуден аз болса

Пәндік байланыс:

Әдебиет: Мақал-мәтел:

«Тамызығын тапсаң қар да жанады» т.б

V «Айласын тап!» кезеңі

Өткелді таптық. Енді ары қарай жол шегеміз.

Слайд-4.1(эпизодтан үзінді)

Сарбаздарымыз апта жүреді, ай жүреді,ақыр соңында шөл далаға кезігеді. Әбден қалжырап, шаршаған сарбаздар дағдарып қайда баратынын білмей тұрғанада, алдынан бір салт атты жолаушы кезігеді. Жөн сұрағанда : Экрандағы жазуға көз салыңдар дейді.

Слайд-4.2

Экранда есеп шарты жазылады. Сандарды салыстырыңдар:

1) 42506...42516

2) 5897...58907

3) 702169...720619

4) 457+ 43...443+ 57

5) 32...3*2

Балалар жаратылыс тану ,табиғаттанудан білесіңдер!

Жер беті қандай болып кездеседі деген сұраққа: сулы, орманды, қуаншылықты таулы, т.б.ойларын айтады.

Жұптасып тексеріп, мұғалімге тапсырып, бағалау қағазын алады.

«қызыл» түс - 5-ін орындаса

«жасыл» - 4-ін орындаса

«сары» - 3-ін орындаса

«қара» -3-еуден аз болса

Пәндік байланыс:

Білімге, күшке байланысты мақал -мәтел айтқызу

-«Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады» ,

-«Жалғыз аттың пайдасы көп, Жалғыз жігіттің айласы көп», -«Жалғыз жүріп жол тапқанша, Көппен бірге адас»,

т.б

VI. «Өз күшінді сына!» кезеңі.

Карточка таратылып, білімді бекіту мақсатында есеп шығарту.

Сөйтіп шөл даладан да шығамыз. Енді ары қарай аттанайық.

Слайд-5.1(эпизодтан үзінді)

Ары қарай жол шегіп әбден шаршадық. Біз және сарбаздар демалмақшы болып аялдадық. Ол жерде «Отырса тұра алмайтын,тұрса отыра алмайтын бір әжей отыр екен. Маған көмек беріндерші. Анау тереңге сақинам түсіп кетті, алып бере көріндерші»-деп терең орды көрсетеді. Алып бермекші болғанда бізді Мыстан алдап орға түсіреді.

Карточкадағы есептерді шешіп ордан шығамыз!

Амалды орындаңдар:

(1240-916)*28 :189 ;

2)(6124+1152) : 34-209;

Оқушылар өздері мыстан кемпірге алданғанын, алайда есеп шығару арқылы оның құрағынан құтылуға болатынын ертегіден біледі. Ордан шығуға белсене кіріседі.

Карточканы мұғалімге тапсырып , бағалау қағазын алады.

Дұрыс орындаса-қызыл түсті,

Есептеуде қате болса-жасыл,

Амал тәртібінен қателессе-сары түсті

Пәндік байланыс:

Әдептілік туралы мақал-мәтел айту.

Осы кезеңде де мақал-мәтел айтылады

-«Үлкенге құрмет , кішіге ізет»,

-«Ор қазба,ор қазсаң терең қазба,түбінде өзің түсерсің»,

-«Адамдықтың белгісі-иіліп сәлем бергені,..» т.б.

VII. «Қамалды аш!» кезеңі.

Ойлануға байланысты есептер шығарады.

Слайд-6.1(эпизодтан үзінді)

Ары қарай жол шегіп орманнан қара күш иесін көреміз. Бұл біз іздеген дию екен. Ақыры алыстан қамалды да көреміз. Үңгірдің ауызы бекітілген. Біз Айсұлуды алып, хан сарайына оралуымыз керек. Ендеше

Слайд-6.2

Тура теңдік орындалу үшін жақшаны қалай орналастыру керек?

1-топ.

315 : 9 + 6 *2 = 82.

2-топ.

315 : 9 + 6 *2 = 42.

3-топ.

315 : 9 + 6 *2 = 15.

Оқушылар дәптерлеріне, ал топ жетекшісі тақтада жауабын жазып, экрандағы жауаппен тексереді.

Бағалау парағын алады.

VIII. «Сүйінші сұрау» кезеңі

Слайд-7.1(эпизодтан үзінді)

Айсұлудың оралғаны туралы сүйінші сұрап бір сарбаз аттанады.Бізге де сүйінші беріп жіберіпті, алайық.

1-деңгей есебі:

m+n=35 болғандағы өрнектің мәнін тап .

1-топ.

1. (m+7)+n=

2. m+(n+9)=

2-топ

3. (m+15)+n=

4. (m+26)+ (n+14)=

3-топ

5. (m+30)+ (n+17)=

6. (m+48)+ (n+20)=

2-деңгей есебі:

1 . Әр машинаға 190 литрлік 20 бөшке бензин тиелді. Барлығы осындай 5 машинаға қанша литр бензин тиелді? (19000 литр)

Сүйіншіге тапсырма алады.

Орындайды.

1 тапсырма ауызша:

Дұрыс орындаса-қызыл түсті,

Есептеуде қате болса-жасыл,

Амал тәртібінен қателессе-сары түсті

2-тапсырманы дәптерге:

Пәндік байланыс:

Сүйінші әдеп ғұрпы қазақ халқының өмірінде бар ма?

Сүйінші туралы білетіндерін айтады.

IX «Хан сыйы» кезеңі.

Үйге тапсырма

Слайд-8.1(эпизодтан үзінді)

Ертегіде сарбаздар сыйға отар -отар қой,үйір-үйір жылқы,т.б. алады.

Үйге тапсырма:

1. 2-тарауды қайталап оқу.

2. Оқулықтан: 396, 398(4,5,6), 402 есептер.

Күнделікке үй тапсырмасын жазады..


X. «Шашу» кезеңі

Бағалау.

(Шашу ретінде әр оқушының бағасын жариялау).

Мұғалім оқушылардың бағалау парағын есептеп бағалайды, топ ұпайы шығарылады.

Өз бағаларын күнделікке қойдырады.

Озған топ жарияланады.

Пәндік байланыс:

Қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын атап өткізу.

Ұлттық дәстүр, әдеп-ғұрып туралы ойларын ортаға салады.

Сабақтағы рефлексия.

  • Сабақ ұнады ма?

  • Неліктен?

  • Не еске түсті.?

Оқушы өз ой-пікірін айтады. Маған ұнады....»

"Бүгін сабақта білдім…"

"Мен сабақта үйрендім…"

"Мен бүгін сабақта қайталадым... "

"Мен бүгін сабақты бекіттім....…





Сергіту сәті.

  • Қолымызды қатты уқалайық.

  • Көзімізді қолымызбен 5 секунд басып тұрып, босатайық.

  • Орнымыздан тұрып, бір аяқпен еденге қысым түсірейік

  • екінші аяқпен еденге қысым түсірейік.

  • екі аяқпен еденге қысым түсірейік

  • отырып, орындыққа қысым түсірейік.

  • Орындықтарыңды өздеріңе жақындатып, арқаларыңды тіктеп, сабаққа кірісейік.

Қосымша есеп:

1. Сандарды дөңгелектеңдер:

А) ондыққа дейін: 13695Открытый урок по математике на тему Натурал сандар (Часть-1)

Б) жүздікке дейін:Открытый урок по математике на тему Натурал сандар (Часть-1)

В) мыңдыққа дейін 9085732Открытый урок по математике на тему Натурал сандар (Часть-1)

С) онмыңдыққа дейін 5921436Открытый урок по математике на тему Натурал сандар (Часть-1)

Д) миллионға дейін: 8731094Открытый урок по математике на тему Натурал сандар (Часть-1)

2. Өрнектің мәнін тап:

1) 31а +127 + 48а. Мұндағы а = 4; 10.

2) 23m + 174 + 68m. Мұндағы m = 8; 100.

Миға шабуыл!

1. 50∙2:25

2. (100-4):16 9. 81:27 +107

3. 72 - 6 + 8 10. (6 ∙ 12 + 28) : 10

4. 11 ∙ 4 +8 11. 25 ∙ 2 - 22

5. (42 + 32):5 12. 32:1 - 16

6. 125 : 52 +2 13. 101- 50 ∙ 2

7. 15 ∙ 6 - 39 14. (90 + 8) : 49

8. 3 ∙ 13-3 ∙ 12 15. 2 ∙ 18 : 36


















© 2010-2022