Дөңгелектің ауданы Геометриядан сабақ жоспары (9-сынып)

Раздел Математика
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Геометрия . Күні: 07.04.2015ж.

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Дөңгелектің ауданы

Сабақтың мақсаты: Дөңгелектің ауданымен таныстырып, есептер шығарғанда қолдана білуге үйрету.

Оқыту нәтижелері: Дөңгелектің ауданымен танысып, есептер шығаруға дағдыланады.

Түйінді идея: Математиканың тілі-ол формула.

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурс

2 минут.



5 минут





13минут









20минут

3 минут

2минут

"Мен сізді теңеймін..." тренингі арқылы ынтымақтастық атмосферасын орнату.

«Қайталау-оқу анасы»





«Үштік модель»









«Ойлан, бірік, бөліс»

Сергіту сәті:

Формулалар сөйлейді

«Блоб ағашы»

Шаттық шеңберіне тұрып, көршілеріне теңеу айтады.



Шеңбер- барлық нүктесі берілген нүктеден (шеңбер центрінен) бірдей қашықтықта жататын тұйық қисық сызық. Шеңбер центрін оның кез келген нүктесімен қосатын R кесіндісі (немесе осы кесіндінің ұзындығы) шеңбер радиусы деп аталады. Шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы тұрақты сан (барлық шеңбер үшін бірдей) болады. Бұл қатынас гректің π=3,14159… (қ. Пи саны) әрпімен белгіленеді. π саны трансцендент санға жатады. Шеңбер ұзындығы L=2πR формуласымен анықталады. Жазықтықтың шеңбермен шектелген және центрі бар бөлігі дөңгелек аталады;

Жаңа тақырыпты меңгерту үшін мынадай тапсырма беремін:

1. Түрлі -түсті қағазға кез келген радиуспен шеңбер сызыңдар;

2. Дөңгелекті 6 секторларға бөліп, оларды қиыңдар.

3. Бір секторда радиус жүргізу арқылы тағы тең екіге бөліңдер, бұларды шеткі деп атайық..

4. Картон қағазға түзу жүргізіңдер де, оның бойына суреттегідей секторларды жапсырыңдар. Шеткі секторларды шетіне жапсырыңдар.

Шыққан фигура тік төртбұрышқа ұқсайды. Ендеше оның ауданын тік төртбұрыштың ауданы формуласымен табуға болады. Біздің тік төртбұрышымыздың ені дөңгелек радиусына тең, ал ұзындығы шеңбердің ұзындығының жартысына тең. Тік төртбұрыштың ауданы ені мен ұзындығының көбейтіндісіне тең, ендеше Тік төртбұрыш дөңгелек бөліктерінен құралғандықтан олардың аудандары тең.

Ендеше дөңгелектің ауданы V=πR²-қа тең.

Оқулықтағы есептерді топта отырып шығарады.

Шеңбердің ұзындығы, пи саны, дөңгелектің ауданы формулаларын жасырып ойнайды. Бір оқушы басын айтады,екінші оқушы жалғастырады.

«блоб ағашын» белгілеу арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін байқаймын.

Дөңгелектің ауданы Геометриядан сабақ жоспары (9-сынып)

Дөңгелектің ауданы Геометриядан сабақ жоспары (9-сынып)



Мұғалімнің баға-лауы



Парақшалар,

дәптер, смайликтер.







Қосымша материал: Дөңгелектің ауданын оқып келу.



© 2010-2022