5-сынып. Натурал сандарға амалдар қолдану

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика 5-сынып

Сабақтың тақырыбы;

«Натурал сандарға амалдар қолдану» тақырыбына есептер шығару

Жалпы мақсат:

Білімділігі: натурал сандарға амалдар қолдануға есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығын ояту.

Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі:

-амалдар тәртібін білуі

-көп таңбалы сандарға қатысты есептерді шығара білуі

-оқушының өзіндік ой пікірін айта білуі

-өзін-өзі бағалай білуі.

Негізгі идеялар:

Жылдам ой қорыту, тапқырлық,тиянақтылық қасиеттерін,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Кез келген тапсырманы шапшаң,байқампаздықпен, тапқырлықпен орындай білу дағдылары болу. мәтінді есептерді шығара білуін қалыптастыру.

Қажетті көрнекіліктер

кестелер

тапсырмалар

1-тапсырма

«Бірлесіп пішкен тон келте болмас»

Топпен есептер шығару.

2-тапсырма

Мәтінді есеп шығару

3-тапсырма

«Ойнайық та,ойлайық»

Логикалық есеп.

Мұғалім іс-әрекетінің жазбалары.

I.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу.Сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастыру.

ә) оқушыларды түгендеу, топқа бөлу ережесі бойынша сыныпты 3 топқа бөлу

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару

в) сабақтың мақсатымен таныстыру

II.Үй тапсырмаларын тексеру.№15 , №17 есептердің шығарылуын тексеру.

5788+86643+3576=96007 500000987-678678=49321420 681306/69=9874

3210*402=1290420 181944/361=504 454779/507=897

III.3 топқа 3 түрлі тапсырмалар беріледі.

І топ IІтоп ІІІтоп

Есепте: Есепте:

49765+24356=74121 37008-12385=24623 325869+475682=801551

510 :17=30 660:11=60 690:23=30

294:98=3 345:69=5 276:46=6

1030*38=39140 2140*54=115560 23400*13=304200

Әр топ өздері шығарған есептерін түсіндіріп, қорытынды шығарады.

IV. Есеп. Екі кітапта 255 бет бар.Бала күнде бірдей бет оқи отырып,бірінші кітапты 10 күнде,ал екінші кітапты 7 күнде оқып шықты.Әр кітапта неше бет бар?

Әр күнде оқитын беті -х

10 күнде -10х 7 күнде-7х Барлығы-255 бет

10х+7х=255

17х=255

Х=255:17

X=15 10*15=150 7*15=105

Жауабы:150б,105бет.

Тақтада шығарылуы түсіндіріледі.

V.Сергіту сәті.Мұғалім сұрақтар оқиды,дұрыс жауапта оқушылар қолдарын тік бағытта,дұрыс емес жағдайда көлденең созады.

1)Санға 0-ді қоссам, 0 шығады.(дұрыс емес)

2) 5-натурал сан.(дұрыс)

3)санды 0-ге көбейтсем, сол санның өзі шығады.(дұрыс емес)

4)бірдей екі санның бөліндісі 1-ге тең.(дұрыс)

Логикалық есеп.Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой.

44444444 =500 (444+44+4+4+4=500)

VІ. Сабақты қорытындылау.Оқушылар рефлекциясы./арнайы дайындалған карточкалар арқылы/

VІІ.Бағалау.Оқушыларды топ бағалаушылары арнайы параққа бағалайды.

VІІІ. Үйге тапсырма беру: Амалдарға қатысты есептерді орындау.


© 2010-2022