Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі есептер

Раздел Математика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі есептер

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу әдістерін есептер шығаруда қолдана білу дағдысын жетілдіру.

ә) дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, өз бетімен жұмыс жасау, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

б) тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, ұжымдық ауыз біршілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: алған білімді бекіту сабағы

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізу, топтық жұмыс, өз бетімен жұмыс, сұрақ - жауап.

Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар жазылған интерактивті тақта, бағалау парақтары

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, үш топқа бөліп отырғызу, топ жетекшілерін тағайындау, сабақтың мақсат, міндеттерін түсіндіру.

ІІ. Негізгі бөлім:

Сабақтың негізгі бөлімі 3 турдан тұрады.

1 - тур «Бәйге»

2 - тур «Жорға»

3 - тур «Дода»

1 - тур «Бәйге»

Сайыстың бұл бөлімінде оқушыларға ауызша сұрақтар беріледі. Топ жетекшілері жауап берген оқушыларды бағалау парағына белгілеп отырады.

  1. Теңсіздік дегеніміз не?

  2. Қатаң және қатаң емес теңсіздіктерге мысал келтіріңдер.

  3. Теңсіздіктердің негізгі қасиеттері қандай?

  4. Теңсіздіктің шешімі деген не?

  5. Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесінің анықтамасы.

  6. Теңсіздіктер жүйесін шешу дегеніміз не?

  7. Теңсіздіктер жүйесінің шешімі деп нені айтамыз?

  8. Функцияның анықталу облысы дегеніміз не?

  9. Сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін сызықтық теңсіздіктер жүйесінен қалай айыруға болады?

  10. Қандай функцияның анықталу облысын табу кезінде теңсіздіктер жүйесі қолданылады.

Тур аяқталғанда әр топтан жоғары ұпай жинаған 9 оқушы анықталады.

2 - тур «Жорға»

Бұл бөлімде осы анықталған 9 оқушыға ІІ - деңгей тапсырмалары беріледі. Ал сыныптағы басқа оқушылар оқулықтағы А тобына №81 есепті өз беттерімен шығарады.

ІІ - деңгей тапсырмалары №86 есептің (а, ә)

Бұл турдың қорытындысы бойынша есепті дұрыс және алғаш шығарған 3 оқушы анықталады.

3 - тур «Дода»

Мұнда осы анықталған үш оқушыға ІІІ деңгей тапсырмалары беріледі. Бұл уақытта қалған оқушылар тест тапсырмаларын орындайды.

ІІІ деңгей тапсырмасы №96 есептің (а)

Жанкүйерлерге берілетін тест тапсырмалары

  1. Мына теңдеулердің қайсысы екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу болады.

  1. 5х + y = 6

  2. - 3 x + 7 = 0

  3. xy - y = 12

  4. y2 - 3 = 6x

  5. x - 11y = 4

а) 2; ә) 1,3 б) 1,5 в) бәрі д) 5

2) x - y = 2,5 теңдеуінің шешімі болатын сандар жұбын көрсет.

а) (1,5;1) ә) (4,1;1,6) б) (0;2,5) в) (0;0) д) (2,5;-1)


  1. х2 - 5х + 4 ≤ 0 теңсіздігін шешіңдер

а) [1; 4] ә) (1; 4] б) (1; 4) в) [1; 4] д) [1; +∞)


  1. Қосындысы 20 - ға, ал көбейтіндісі 75 - ке тең екі санды табыңыз.

а) (5; 15) ә) (-5; -15) б) (-5; 15) в) (15; -5) және (7; 13)

д) (15; 5) және (5; 15)

ІVСабақты қорытындылау

3 турға қатысқан 3 оқушының ішінен «Сынып көшбасшысы» анықталады да, ұпайы ең жоғары топ жеңімпаз атанады. «Білімді, білікті адамның шығар биігі әрқашан биік» деп көшбасшы атанған оқушыны «Сынып көшбасшысы» төс белгісімен марапаттаймын.

V. Бағалау

Сабаққа белсенділік бағалау парағына байланысты барлық оқушылар бағаланады.

V. Үйге тапсырма: §5 №82 (а, ә, б), №88 есептер



© 2010-2022