• Преподавателю
  • Математика
  • МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ НЕГІЗІНДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒА ҚАБІЛЕТІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ НЕГІЗІНДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒА ҚАБІЛЕТІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

Елбасымыз «Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың болашағы – бүгінгі ұстаздың қолында» деп айтқандай, «Білікті педагог - білім мен тәрбие кепілі». Тек білікті педагог қана дарынды оқушылардың бойындағы дарындылық қабілетін шығармашылығын дамыта алады. Мектепте білім мазмұнын жақсартудың алғы шарттарының бірі –дарынды балаларды таба білу, тәрбиелеп жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік туғызу. Қазіргі заманғы оқыту зияткерлі ерекшеліктеріне...
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Аннотация


В этом докладе говорится о том, что информационно - мультимедийные технологии развивают интеллектуальную, творческую, коммуникативную личность. Применение инновационных технологии на уроке математики играют большую роль. В образовательном процессе творческая комплексная работа развивает криативное мышление, внимание учащихся, которые используются в общественной среде.



МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ НЕГІЗІНДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒА ҚАБІЛЕТІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

Күдесова Гүлдира Мақсұтқызы

Рудный қаласы, «№7 орта мектебі»ММ математика пән мұғалімі

E-mail: [email protected]


Елбасымыз «Еліміздің болашағы - бүгінгі жас ұрпақтың қолында, жас

ұрпақтың болашағы - бүгінгі ұстаздың қолында» деп айтқандай, «Білікті педагог - білім мен тәрбие кепілі». Тек білікті педагог қана дарынды оқушылардың бойындағы дарындылық қабілетін шығармашылығын дамыта алады. Мектепте білім мазмұнын жақсартудың алғы шарттарының бірі -дарынды балаларды таба білу, тәрбиелеп жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік туғызу. Қазіргі заманғы оқыту зияткерлі ерекшеліктеріне сүйене отырып білім беруді кажет етеді. Оқушылардың танымдық іскерлігін белсендіру - мұғалімнің басты міндеті.

Жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін ұштауда, оның креативті қабілетін дамыту барысында мультимедиалық жабдықтарды тиімді қолдану оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі мұғалімдер мен оқушылардың бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Жаңа ақпараттық технология құралдары:

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ НЕГІЗІНДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒА ҚАБІЛЕТІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ




Күнделікті сабаққа бейнефильмдер мен аудиожазбаларды, интерактивтік тақта мен мультимедиалық проекторларды пайдалану үлкен нәтижелер беретініне әр мұғалім көз жеткізіп отыр.

Қоғамның қазіргі даму кезеңі жедел ақпараттандырылу процесімен сипатталады. Яғни, бүгінгі таңда мектеп түлегінің білім сапасын, компьютерлік сауаттылығын жоғарлату үшін тек қана информатика сабағында ғана емес, барлық пән сабақтарында, соның ішінде математика сабағында ақпараттық технологияларды тиімді қолдану міндет болып отыр. Бірақ бұл технологияларды біз қалай қолдануымыз керек? Компьютерді - білім беретін бағдарламалық педагогикалық құрал ретінде қарастыру қажет. Яғни компьютерді тек қана техникалық жағынан қамтамасыз ететін құрал ретінде ғана қолданып қоймай, оқушымен сұхбаттасатын таза білім "сақтаушысы" ретінде қарастырған жөн.

Сонда ғана мультимедиа жүйесі:

  • қазіргі қоғамды ақпараттандыру жағдайдағы жеке тұлғаны дамытуға арналған міндеттерге сәйкес білім мазмұнын, оқыту әдістері мен ұйымдастыру түрлерін іріктеу әдіснамасын жетілдіруге;

  • матаматиканы белсенді оқытудың әртүрлі үдемелі әдіс-тәсілдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге;

  • оқушының зияткерлі потенциалын дамытуға, өз бетімен білім алу білікіліктерін қалыптастыруға, ақпараттық оқу, зерттеу әрекетін ұйымдастыруға;

  • оқушының оқуға деген қызығушылығын қазіргі кездің кешенді ұсынатын және көру, есту негізінде қабылданатын ақпаратты құбылтып өзгертетін құралдарды қолдану арқылы арттыруға мүмкіндік береді [2,30].

Ақпараттық - мультимедиалық технологияның ерекшелігі: оқушылардың өздері ақпараттар жинап, жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп жауабын тауып, өзінің қөзқарасын логикалық түрде дәлелдейді. Математика сабақтарында қолданылатын мультимедиалық технологиялар - оқыту үрдісін қарқындадатын, оқушының белсенділігін жоғарылататын, аз уақыт ішінде мол дыбыстық, бейне, анимациялық материалды ұсына отырып, саралап-даралап оқытуға жағдай жасайтын, пәнді меңгеру дәрежесін бақылауға мүмкіндік туғызатын, әр түрлі әдістерін салыстыруға мүмкіндік жасайтын, әмбебап қасиеттерге ие болған инновациялық технология.

Электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Электронды оқулық мынадай жағдайларда тиімді: талапқа сай құрылған, кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; мәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады [1,18]. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады. Бұл технологияның өзектілігі: қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.

Мультимедиалық өнімнің ерекшелігі - оның қатысымдық, интерактивті бағыты. Білімгер ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл - тапсырмаларды оқу, көру, сұхбат жасау, формулаларды пернетақта арқылы жазу, тыңдау әрекеттері [2,30].

Мультимедиалық технологиялардың оқыту құралы ретінде артықшылығы:

  • ақпаратты меңгеруде логикалық және бейнелі тәсілдердің қатар қолданылу мүмкіндігі;

  • көрнекілікті күшейту арқылы білім беру үдерісін белсендіру;

  • интерактивті қарым-қатынас;

  • мультимедиалық оқу бағдарламаларының әр түрінің икемділігі мен
    үйлесімділігі;

  • жоғары ақпараттық сыйымдылығы;

Мақсаты:

  • үйренушінің шығармашылық әлеуметін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды қамту; сараптамалық - зерттеу қызметі дағдыларын қалыптастыру; оқу қызметі мәдениетін дамыту;

  • оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін жеделдету, оның тиімділігі мен сапасын арттыру;

"Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық" деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай мультимедиялық проекторды пайдаланып отырсақ, оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін

Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:

  • оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;

  • танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

  • этнопедагогикалық тәрбие береді;

  • оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

  • оқытушының уақытын үнемдейді;

  • қосымша мәліметтер береді;

Мультимедианың әдістемелік күші оқушыны дыбыспен, көрермендік бейнемен тез қызықтырып, ақпараттық және көңіл-күйіне де оқытудың негізгі мақсаты:

«Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту» танымдық белсенділігін арттырып қана
қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай
жасайды [3,25].

Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру мұғалімнің оқушының өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылығының өздігінен іс-әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына себін тигізеді. Мұндай жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап оқушының берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, оқушыға өз ойын рет-ретімен толық жеткізуді үйрету болып табылады. Балаға өз ойын қысылмастан айтуға мүмкіндік беру, оған пікір еркіндігін сездіру оқушының сол сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар сабақ барысында техникалық жабдықтарға, көрнекіліктерге жүгіну оқытушыға уақытты үнемдеуге, аз уақыттың ішінде бірнеше оқушының білімін бағалауға, бағдарламадағы материалды қай дәрежеде меңгергенін айқындауға мүмкіндік береді, бұл оқушының білім деңгейін қадағалаудың ең тиімді тәсілі. Себебі, оқушының білімін тексеру, оның мүмкіндіктерін айқындау - оқыту кезеңінің ең маңызды бөлігі. Өз сабақ барысымда оқушылардың өздігінен танып - білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді, формулаларды өздері құрастырып, қорытып тұжырымдай білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолданамын. Олар: 1) Жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар. 2) Блок - схема, графиктер, диаграмма, карта т. б. тірек - схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары.

Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық - мультимедиалық технологияларды пайдалануда өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың негізгі талаптары: психологиялық ахуал туғызу; оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын (уәж, ынта, ұмтылыс)тудыру;ақпараттық-коммуникативтік технолгиялармен жұмыс істей білуге үйрету; ақпараттық - коммуникативтік технолгиялармен орындалатын жұмыстардың қызықты болуы; сыныптағы әр деңгейлі оқушылар ескерерілуі керек; өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру; өз бетінше орындауға берілген жұмыстарды шығармашылықпен орындауға үйрету; оқушылар өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы пікір алысуға мүмкіндік жасау;

Әрине, осы айтылған мақсаттарға жету, әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалім сабақтың тақырыбына сай мақсатын айқын құрып, негізгі мәселені бөле көрсетуі, материалдардың өмірмен байланыстылығы әрі тәрбиелік мәнінің маңызды болуын қадағалап отыру керек. Сабақта ақпараттық-коммуникативтік технолгияларды қолдану арқылы оқушылардың құнды идеялар беруін қадағалап, үнемі жаңалықтар енгізіп отыру тиіс.

Математика сабағында мынадай тапсырмаларды орындатуға болады:

  • Тақырыпқа байланысты көрген бейнежазбаға өз ойын білдіру; қорытындылау;

  • Зияткерлі, салт-дәстүрге, тәрбиеге байланысты, графикалық мәтін есептерді шығару;

  • Компьютер экранына сандарға байланысты суреттер беріледі. Ол сурет белгілі уақыттан соң өшеді. Экранда қандай сурет болғанын есте сақтап, қатесіз дәптерлеріне сандарды жазу керек;

  • Аудиожазба арқылы мәтіндік есепті тыңдағаннан кейін қандай ассоциация пайда болды? Мәтін не туралы? Екенін топпен талқылап, есептейді;

  • Мәтінді тыңдатып, бір біріне сұрақ қояды;

  • Мәтіннің басын тыңдатып, аяғын өздері құрастырып, аяқтайды;

Міне, осы ақпараттық-мультимедиалық технологиялармен байланысты тапсырмалар:
1. оқу материалын терең түсінуге;

2. оқу мотивациясының артуына;

3. алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;

4. білім беруге жұмсалатын уақыттың азаюына ықпал етеді.

Талантты және дарынды балаларды оқытуда олардың бойындағы ерекше қабілетті, дарындылықты тани білуге, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілатін анықтап, оны сол бағытқа жетелеу біздің парызымыз. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету, оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Талантты және дарынды балаларды оқыту арқылы оқушылардың жас ерекшеліктеріне мән беру керек.

Мысалы: 1) компьютердің көмегімен тақырыпты оқу уақытын және жолдарын өздігінен таңдауды ұсыну (теорияны, машықтану және бақылау жаттығуларын орындау); 2) қандай да бір күрделі тапсырманы өз бетінше таңдауды ұсыну; 3) компьютерде кеңес алуды ұсыну. Нәтижесінде оқушылар өзінің оқу танымдық іс-әрекетіне өзіндік талдау жасауға және өзін-өзі бағалауға белсенді түрде кіріседі, сонымен бірге өзінің мүмкіндігінше жұмыс жасайды. Графикалық мүмкіндіктері зор қазіргі заманғы компьютерді оқыту процесінде қолдану арқылы геометриялық бейнені көру негізінде оқушыларда туынды ұғымының қалыптасуына мүмкіндік береді. Бұдан басқа, қиюшыны құрудың динамикалық процесін және олардың жанамаға «өтуін» қарастыру, сондай-ақ аргументтің өсімшесі, функцияның өсімшесі, қиюшының бұрыштық коэффицентінің өзгеруі сияқты шамалардың өзгеруіне талдау жасауға мүмкіндік бере отырып, оқушыларда нүктедегі функцияның шегі ұғымына негізделген туындыны есептеу ережесіне әкеледі.

Мұндай сабақтарда мұғалім, тапсырмаларды берудегі, нәтижелерді белгілеп баға қоюдағы қиын жұмыстардан босатылып, кеңесші рөлін атқарады. Ал берілген уақыттан тапсырманы ерте бітірген оқушылармен жеке кеңес өткізу мүмкіндігіне ие болады. «Тригонометриялық функциялардың графигі» тақырыбын оқытуда осы бағдарламаны қолданған жөн. Дәстүрлі оқытуда мұғалім, әдетінше, түсіндірмелі-иллюстративті әдісті пайдалана отырып, түріндегі функция графигі туралы дайын мәліметтерді кезең бойынша, y = sin x, y = sin (x + b) түрінде хабарлайды, одан функция графигін түрлендіру тізбегі туралы айтады, сәйкес иллюстрациялар тақтада немесе суреттермен көрсетеді. Тақтада бейнеленетін графиктер көбінесе сапасыз болады және көп уақыт алады, ал дайын суреттер жағдайында оқушылар графиктің түрлену процесін бақылай алмайды. Берілген сабақта оқушы іс-әрекетінде репродуктивті сипат, төменгі белсенділік орын алады.

Қорытындылай келе, ақпараттық - мультимедиалық технологиялар жеке тұлғаның білім сапасының жоғарлауына, жекелей ерекшеліктерінің ескерілуіне ықпал етеді. Жаттығу жұмысын орындау барысында оның жауаптарына машина тура және үздіксіз серпілісті қамтамасыз етеді. Оқушы жұмыс қарқынын өзі ажырата білсе де, компьютер оқытудың даралығын жақсартады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Бейсенова Г. Жаңа ақпараттық технологияның тиімділігі / Г.Бейсенова // Қазақстан мектебі - 2006.-№6 - 17-19б.

  2. Досжанов Б.А. Мультимедиалық технологиаларды пайдалану арқылы оқыту процесін жетілдірудің дидактикалық негіздері: пед.ғыл.канд.ғылыми дәрежесін алу үшін дайын.дис.автореф./ Б.А.Досжанов. - Түркістан, 2007-30б.

  3. Хакимова Ж.. Қазіргі заманғы технологияларды қолдану. /Хакимова Ж.// Мектеп директоры - 2007 - №3 -25б.МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ НЕГІЗІНДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒА ҚАБІЛЕТІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

© 2010-2022