Ашық сабақ Ондық бөлшекті натурал санға бөлу

Пән: математика Сынып: 5 Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті натурал санға бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік:тақырыпты игере отырып, ондық бөлшекті натурал санға бөлуге есептер шығаруға, жүйелі түрде жұмыс істеуге, өз ойын дәл, нақты айта білуге үйрету. Тәрбиелік: алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндіктеріне сенуге, үлкен жетістіктерге ұмтылуға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Дамытушылық:Тақырыпқа байланысты есептер шығару арқылы оқушының ой-өрісін белсенді дамыту, логикалық есеп...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Пән: математика

Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті натурал санға бөлу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: тақырыпты игере отырып, ондық бөлшекті натурал санға бөлуге есептер шығаруға, жүйелі түрде жұмыс істеуге, өз ойын дәл, нақты айта білуге үйрету.

Тәрбиелік: алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндіктеріне сенуге, үлкен жетістіктерге ұмтылуға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Тақырыпқа байланысты есептер шығару арқылы оқушының ой-өрісін белсенді дамыту, логикалық есептер шешу арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндірмелі, кубизм стратегиясы, сұрақ-жауап, семантикалық карта стратегиясы, жұппен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтада презентация, кубик, конверттің ішінде карточка, бағалау парағы, қағаздан жасалған гүлдің жапырақтары, маркер, плакат.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдасыру кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық («Миға шабуыл» стратегиясы)

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру

V. Практикалық жұмыс (топпен жұмыс)

VІ. Сергіту сәті

VІІ. Логикалық есеп. («Ой қозғау» стратегиясы)

VІІІ. Сабақты бекіту («Кір ілгшш» стратегиясы)

ІХ. Рефлексия («Гүл отырғызу»)

Х. Үй тапсырмасын беру

ХІ. Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал-жабдықтардың барлығын тексеру.

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Психологиялық дайындық:

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан

Барлық ғылым саған үйір болады.

Досың солар табылатын қасыңнан.

Оқушыларды сурет құрастыру арқылы топқа бөлу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

«Кубизм стратегиясы»

Үй жұмысын Кубик лақтыру арқылы тексеру. Кубиктің алты жағында алты түрлі түс болады. Мысалы қызыл жағы түссе қызыл конверттің ішіндегі сұраққа жауап беру керек. Әр топтан 3 оқушы шығады.

  1. қызыл: Ашық сабақ Ондық бөлшекті натурал санға бөлу

  2. көк: бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосамыз?

  3. сары: 11 саны жай сан ба, алде құрама сан ба?

  4. қызыл сары: 2,1*0,3

  5. жасыл: ондық бөлшекті қалай көбейтеміз?

  6. ақшыл қызыл: жай бөлшекті натурал санға қалай көбейтеміз?

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық («Миға шабуыл» стратегиясы)

- Тіктөртбұрыштың ауданы 14,6 см2 , ені 2 см. Ұзындығын табу үшін қандай амал қолданамыз, балалар? (Оқушылар бөлу амалын қолданамыз деп жауап береді.

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру

1-тәсіл: 14,6: 2 бөліндісін жай бөлшекті натурал санға бөлуге келтіріп, есептейміз.

2-тәсіл: 14,6-ны 2-ге бұрыштап бөлеміз.

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін:

  1. ондық бөлшектің үтіріне назар аудармай, оны натурал санға бөлу керек;

  2. бүтін бөлікті бөлу аяқталғанда, бөліндіде үтір қою керек.

V. Практикалық жұмыс

Екі топқа 2 мәтін есеп беріледі. Топпен бірлесе шығарып, ортаға бір оқушы шығып қорғайды. Есептің шартын, шығарылуын, жауабын ұйымдастырып ақылдаса отырып шығарады.

Бірінші топтың есебі:

Себетте құрма, алмұрт, алма бар. Олардың барлығы 3,5 кг. Алмұрт құрмадан 2 есе көп, алма алмұрттан 2 есе көп. Себетте неше кг құрма, неше кг алмұрт бар, неше кг алма бар?

Екінші топтың есебі:

Екі ыдыста 42,8 литр сұйық бар. Бірінші ыдыстағы сұйық екінші ыдыстағы сұйықтан 3 есе аз. Ыдыстардың әрқайсысында неше литр сұйық бар?

Сиқырлы шаршы.

Тиісті сандарды тауып, сиқырлы квадраттың бос тор көздерін толтырыңдар:

Бірінші топқа:

6



7


11


8

Екінші топқа:

1,5


3,2


2,3


1,4



Сиқырлы шаршының қатарлары бойындағы, бағандары бойындағы және қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінділер (диагональдар) бойындағы сандардың қосындысы тең болуы және бір сан бір-ақ рет пайдаланылуы шарт.

VІ. Сергіту сәті. Музыкамен жаттығу жасау.

VІІ. Логикалық есеп. «Ой қозғау» стратегиясы

  1. Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар?

  2. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?

  3. Үш метрлік 60 бөренені жарты млетрлік шөркелерге арамен бөлу керек. Қанша рет аралап кесу керек?

  4. Үйдің 6-шы қабатына дейінгі басқыштың ұзындығы 2-ші қабатқа дейінгі басқыштың ұзындығынан неше есе ұзын?

VІІІ. Сабақты бекіту.

«Кір ілгіш» стратегиясы

ІХ. Рефлексия («Гүл отырғызу»)

Оқушылар сабақтан алған әсерін гүлдін жапырақтарына жазып тақтаға гүл отырғызады.

Х. Үй тапсырмасын беру

ХІ. Бағалау.

Оқушылар өз-өзін, топпен және мұғалім бағалайды.

Бағалау парағы:

Оқушының аты-жөні

Өзін-өзі бағалау

Топ басшысының бағасы

Мұғалім бағасы

Қорытынды баға

1


2


3


4




© 2010-2022