БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР

          Бастауыш  сынып  оқушыларының  математика  пәніне  деген  қызығушылықтарын арттыру  мақсатында,  сабақты  түрлі  ойындардың  көмегімен  өткізген  тиімді.  Әсіресе  математикалық  ойындарды  сабақты  бекіту  үшін  кеңінен  пайдалануға  болады.      Бұл  балалардың  тақырыпты  оңай  меңгеріп  кетуіне  жәрдемдеседі.  Себебі,  кез  келген  бала  ойынды  жақсы  көреді,  сондай-ақ  ойын  барысында  ешкімнен  қалысқысы  келмейді.        Төменде  келтірілген  ойындардағы  тапсырмалар көбінес...
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРМатематика сабағында ойнайық

Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында, сабақты түрлі ойындардың көмегімен өткізген тиімді. Әсіресе математикалық ойындарды сабақты бекіту үшін кеңінен пайдалануға болады.

Бұл балалардың тақырыпты оңай меңгеріп кетуіне жәрдемдеседі. Себебі, кез келген бала ойынды жақсы көреді, сондай-ақ ойын барысында ешкімнен қалысқысы келмейді.

Төменде келтірілген ойындардағы тапсырмалар көбінесе 1-ші және 2-ші сыныптарға арналған. Оларды мұғалім өз қалауынша күрделендіре немесе оңайландыра алады. Ойындарды кез келген тақырыпты өткенде икемдеп пайдалануға болады.


  1. Жаңылма

Мұғалім магнитті тақтаға кезекпен бірнеше суреттер іледі және оларды санап шығуды ұсынады. Осыдан кейін допты алып бір оқушыға лақтырады да, қолымен солдан оңға қарай қимыл жасайды; допты қағып алған оқушы суреттердің санын айтады жйне сол саннан 20-ға дейін санап шығады, егер мұғалім оқушыларға қарап қолмен оңнан солға қарай қимыл жасаса, онда оқушы 20-дан сол санға дейін кері санайды. Мұғалімнің шапалақ ұруымен санақ аяқталады. Мұғалім басқа суреттерді іліп, ойын осылай жалғасады.

Сол сияқты бұл ойынды мұғалімнің өз қалауынша өзгертуіне болады. Мысалы, допты лақтырып, бір санды атайды. Оқушы сол санның алдындағы және келесі 3 санды атайды т.с.с.


  1. Қандай сандар жетіспейді?

Мұғалім екі сан айтады, ал оқушылар олардың арасындағы сандарды атауы керек. Мысалы, мұғалім: «14, 17» - дейді. Оқушылар қағазға жазып әкеліп, кезектесіп мұғалімге көрсетеді.


  1. Ғажайып шаршы

Шаршының торкөздерінің ішіне кез келген ретпен 1-ден 16-ға дейін сандар жазылған. Мұғалім оқушыларға ішінен бір сан таңдауды ұсынады. Мұғалім (немесе дайындалған оқушы) таяқшамен сандарды көрсетіп тұрады, оқушылар өз ойлаған сандарына әрбір көрсеткен сайын бірді қосып отырады. Бірнеше рет бірді қосқанннан кейін, 20 саны шыққанда олар: «Тоқта!» - дейді. Бұл уақытта таяқша ойлаған санға келіп тоқтайды.


3

5

8

10

7

1

12

15

11

14

4

6

2

9

16

13

Мұның сыры мынада: мұғалім (не дайындалған оқушы) алғашында кез келген үш санды көрсетеді. Төртінші болып ол 16 санын көрсетуі керек, бесінші - 15, алтыншы - 14 және т.с.с. Бұл жағдайда 16 санын ойлаған оқушы 4 рет бірді қосады(мұғалім 3 рет басқа сандарға, ал төртінші рет 16 санын көрсетті, 16 = 20-4; 15 санын ойлаған оқушы 15-ке 5-ті қосады, ал 14-ті ойлаған оқушы 6-ны қосады және т.с.с.). Мұғалім оқушының ойлаған санына көрсеткенде оқушыда жиырма саны шығады да, ол: «Тоқта!» - дейді.

  1. Дүкен

Оқушылардың арасынан сатушы, есепші, бақылаушы және сатып алушылар іріктеліп алынады. Сатушылар бағалары көрсетілген тауараларды реттеп қояды. Сатып алушылар тиындарын, есепшілер тауарларға арналған чектерді дайындайды. Сатып алушылар тауарлар таңдайды, олардың бағасын есептейді. Есепшіге барып ақшасын төлейді де, чек пен қайтарым ақшасын алады. Бақылаушылар есептудің және төлемнің дұрыстығын тексереді. Сатушы тауардың бағасын тексеріп жіберіп отырады.

Мысалы: 1) Оқушы есепшіге 20 тиын берді. Ол бағасы 4 тиын тұратын 3 дәптер сатып алды. Қайтарымына неше тиын алады?


  1. Саяхат

Магнитті тақтаға мәшиненің суреті бекітіледі. Тақтаға екі оқушы шақырылады. Бірі жүргізушінің рөлін атқарады, екіншісі - саяхатшы. Олар нөмірлері мысалдармен берілген қаларға саяхат жасайды. (Тақтаға бір-бірінен біршама қашықтықтарда өткен тақырыпқа байланысты мысалдар ілінеді). Саяхатшы есептеу жүргізіп, қалалардың нөмірлерін атап тұрады, ал жүргізуші оны бір қаладан екінші қалаға апарады (мәшиненің суретін кезекпен бір мысалдан екінші мысалға жылжытып отырады). Қалған оқушылар тексерушінің қызметін атқарады - егер жол дұрыс таңдалса, жасыл дөңгелек, ал қате болған жағдайда қызыл дөңгелек көрсетеді. Егер саяхатшы қателессе оны басқасы ауыстырады. Мысалдар ауыстырылады. Тақтаға ойыншылардың екінші жұбы шақырылады. Ойын алғашқыдағыдай жалғасады. Барлық жіберілген қателер ойын соңында талданады.

  1. Танграм

Бұл - ескілікті ойын. Ойынға дайындық үшін мұғалім шаршы қиып алып, оны суретте көрсетілгендей (5-бет) сызықтармен қиып шығуды тапсырады. Қиятын сызықтарды қағазды бүктеу арқылы алуға болады. Әрбір бөлігі нөмірленіп, қиып алынады. Мұғалім магнитті тақтаға шаршы және одан құрастыруға болатын суреттердің бірін іледі. Ол геометриялық фигуралардан сондай сурет құрастыруды ұсынады. Ойын басталмай тұрып оның ережісімен таныстырады:

  1. Шаршының қиындылары бірін-бірі шетімен болсын жаппауы керек.

  2. Әрбір суретті құрастыруға шаршының барлық жеті бөлігі де қолданылады.

Кейбір суреттерді (сабақта бірден) оқушылар үлгі бойынша, басқаларын елестету арқылы құрастырады. Тексеру мақсатында мұғалім балалардың құрастырған суреттерін тақтаға іледі.

3 4

6

7 5 2

1

2

1


5

6

7



4

2

3

5

1

6

4 3

7

6

7

2

1

3 4

5


  1. Санды қақпаға гол соқ

Тақтаға доптар мен санды қақпа салынады. Доптардың оң жағына мысалдар жазылады. Мұғалім оқушыларға ойын ережесін баяндайды. Доптың бағыты мысалмен жасырылған. Әрбір мысалдың шешу жолын санды қақпадан тауып алуға болады. Оқушылар алдымен мысалдың шешу тәсілі көрсетілген екі санды қақпаның арасын сызықпен қосып, содан кейін допты мысалдың жауабы жазылған үшінші қақпаға апарады. Оқушылар кезекпен шығып ойнайды.

5

2

3

4

6

1

7

8

9

15

16

14

12

17

18

1

3

5

6

7

9

2

8

4

8+7

6+9

7+9

9+5

8+6

7+5

9+8

6+8

8+4

9+9

7+7

Шешу тәсілін (мысалдағы екінші қосылғыштың құрамы болатын екі санды сызықпен қосады, оның бірі бірінші қосылғышты 10-ға дейін толықтыруы керек)және жауабын дұрыс қосқан оқушы гол соққан болып есептеледі.


  1. Санды тауып көр

Тақтаға «сиқырлы кесте» сызылады және былай толтырылады:


1-ші

2-ші

3-ші

4-ші

1

2

4

8

3

5

7

9

11

13

15

3

6

7

10

11

14

15

5

6

7

12

13

14

15

9

10

11

12

13

14

15


«Осы кестенің көмегімен, - дейді мұғалім, - мен сендердің ағаларыңның, апайларыңның және достарыңның неше жаста екенін біле аламын Тек сендер маған өздерің ойлаған жасқа сәйкес келетін сан қай бағанда кездесетінін айтыңдар». - «Мен ойлаған сан бірінші, екінші және төртінші бағандарда тұр»,- деді Айгүл. «Сен кім туралы ойладың» - «Ағам туралы» - «Сенің ағаң 11 жаста», - деді мұғалім. Мұғалім Айгүлдің ағасының жасын қалай тапты.

Т ү с і н д і р м е: Ойланған санды табу үшін аталған бағандардың(1-ші, 2-ші, 3-ші) бірінші жолындағы сандарды қосу керек (1+2+4+8). Басқа жағдайларда да осылай табуға болады, яғни аталған бағандардың бірінші жолдарындағы сандарды қосады.

Мұғалім түсіндіргеннен кейін тақтаға бірнеше оқушы шығып, басқа балардың ойлаған сандарын табады.

  1. Ұшақтың бағытын анықта

Тақтаға әр қатардан(топтан) үш оқушы(ұшқыштар) шақырылады. Олар өздерінің ұшақтарын жауаптарының бірі - дұрыс, екеуі - қате жазылған мысалдармен жасырылған, белгіленген бағытпен, алып жүреді. Ұшқыштар мысалдарды төменнен жоғары қарай шешіп, дұрыс бағытты төмендегі суреттегідей нұсқамамен көрсетулері керек:

17 15 13 14 12 13 10 11 12

7 + 4

8 + 4

9 + 4

12 15 14 14 15 12 16 14 15

8 + 7

7 + 7

9 + 7

15 14 17 14 13 18 13 11 12

6 + 6

7 + 6

9 + 6

20 18 14 17 19 14 14 13 15

8 + 5

9 + 5

8 + 6



  1. Допты кімге беру керек?

(І нұсқа)

Мұғалім оқушыларға мектепте жарыс өткізу үшін, бір топта 10 оқушыдан болатындай, сыныптарды топтарға бөлгенін хабарлайды. Әр оқушы өзіне нөмір алды. ІІ сынып футболшылары 11-ден 20-ға дейінгі нөмірлерді алды. Олар математикалық футбол ойнайды. Мұғалім оқушылардың ойынға деген ынтасын байқайды және ойын ережесімен таныстырады. Ол оқушыларды топтарға бөледі. Алдымен 1-ші топ оқушылары ойнайды. Қалғандары төрешінің қызметін атқарады(Оқушылар дұрыс ойнаса, жасыл қағаз көрсетеді; олай болмаған жағдайда қызыл қағаз көтереді). Оқушылар мынадай ережемен ойнайды: доптың бағыты тапсырмамен жасырынған. Тапсырманы дұрыс орындап, олар допты келесі қай ойыншыға беру керектігін анықтайды. Тапсырманың жауабында доп берілетін ойыншының нөмірі жасырылған.

Олардың ең соңғысы қақпаға доп соғады.

Мұқият болыңдар, ойын басталды!


БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР


  • Он бірінші нөмір допты қай футболшыға берді? (Он үшінші нөмірге)

  • Оны қайдан білдіңдер? (20-7=13).

  • Он үшінші нөмір допты кімге береді? (Он сегізіншіге).

  • Оны қалай білдіңдер? (9+9=18). Т.с.с.

  • Қақапаға допты кім соқты? (Оныншы нөмір).

Осыдан кейін мұғалім өшіріп, алдын ала даярлаған басқа тапсырмаларын жазады. 2-ші топ ойнайды, қалғандары төреші қызметін атқарады. Осы сияқты 3-ші топ та ойнайды. Жарыс аяқталғаннан кейін қорытынды шығарылады. Бірде бір қате жібермеген немесе ең аз қате жіберген топ жеңімпаз болады.

Ескерту: Сынып, топтағы оқушылар саны, тапсырмалар мысал үшін келтірілді. Бұл ойынды мұғалім басқа ойындар сияқты қалауынша өткізе алады.


  1. Допты кімге беру керек?

(ІІ нұсқа)

Магнитті тақтаға футболшылардың және қақпаның суретін орналастыру керек. Ойынды бастаушының астына тапсырма жазып, қалғандарының астына екі сан ғана жазып қояды. Мысалы:

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР

Он бірінші нөмір он үшіншіге беретінін білгеннен соң, оқушылар кезекпен тақтаға шығады. Олар әрбір келесі ойыншы допты кімге беру керектігін табулары керек. Оқушылар әлі доп алмаған футболшыларға қарап мысалдардағы көпнүктенің орнына «+» немесе «-» таңбасын қоюлары кекрек. Мысалы, онүшінші нөмірлі футболшының астында 20 және 8 деген екі сан жазылған. Оқушы екі санның арасына «-» таңбасын қояды, өйткені ол ойыншылардың арасынан он екінші нөмірліні көріп тұр (сол ойыншыға дейін сызық жүргізіп қояды). Келесі шақырылған ойыншы он екінші нөмірлі ойыншының астында жазылған екі санды басқа футболшылардың нөмірімен салыстырып, таңбаны қояды - сызықты он бесінші нөмірге қарай жүргізеді және т.с.с.

Жарысқа барлық топ қатысады. Мұғалім тақтада жұлдызшамен топтардың ұйымшыл жұмыстарын бағалап отырады. Жұмысты жылдам және қатесіз орындаған топ жеңіске жетеді.


© 2010-2022