Сабақтастық Арифметикалық амалдардың қасиеттері және олардың әріптік жазылуы (4 сынып)

Раздел Математика
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 а

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеттері және олардың әріптік жазылуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік қасиеттерінің тұжырымдамасын айта білу және әріптермен жаза білуге үйрету.

Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, оқушының белсенділігін арттыру, өзін-өзі бақылауы, бағалауды үйрету.

Тәрбиелік: білімге деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды шапшаңдыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, кестелер, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

№5 үш баған. (қатармен тексеру)

ІІІ. Жаңа материалды меңгертуге дайындық.

Ойын: «Сыңарын тап».

Жауаптары бірдей мысалдарды ата және оларды меңзермен біріктір.

4 · 46

8 + 72

2 · 7

64 + 30

22 + 58

100 - 6

7 · 2

25 + 25

46 · 4

- Қандай өрнек сыңарсыз қалды? Оған сыңар болатын өрнек ойлап табыңдар.

Ұжымдық жұмыс. Көбейтудің қасиеттерін қолданып есепте:

2 ∙ 9 ∙ 5 = 2 ∙ 5 ∙ 9 = 90 5 ∙ 6 ∙ 2 = 5 ∙ 2 ∙ 6 =10 ∙ 6 = 60 3 ∙ 5 ∙ 2 = 15 ∙ 2 = 30

8 ∙ 5 ∙ 2 = 40 ∙2 = 80 2 ∙ 4 ∙ 5 = 2 ∙5 ∙ 4 = 10 ∙ 4 = 40 7 ∙ 2 ∙ 5 = 7 ∙ 5 ∙ 2 =70

IV.Жаңа материалды меңгерту.

-Бүгінгі сабағымыз,арифметикалық амалдардың қасиеттері және олардың әріптік жазылуы деп аталады.

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті: Көбейткіштердің орнын ауыстырғанда көбейтіндінің мәні өзгермейді. Яғни ол

a ∙ b = b ∙ a теңдігімен жазылады.

Мысал келтіріңдер: __________________________________________

Көбейтудің терімділік қасиеті: Екі санның көбейтіндісін үшінші санға көбейту үшін бірінші санды екінші мен үшінші сандардың көбейтіндісіне көбейту керек, яғни

(a ∙ b) ∙ c = a ∙ (b ∙ c) теңдігімен жазылады.

Мысал келтіріңдер: __________________________________________

Көбейтудің қосуға байланысты үлестірімділік қасиеті: Қосындыны санға көбейту үшін санды қосылғыштардың әрқайсысына көбейтіп, шықан нәтижелерді қосу керек, яғни

(a + b) ∙ c = a ∙ с + b ∙ c немесе с ∙ (a + b) = с ∙ а + с ∙ b

теңдіктерімен жазылады.

Мысал келтіріңдер: 1)__________________________________________

2)_____________________________________________

- Екі өрнектің мәндерін салыстырыңдар:
256 * 2 және 2 * 256
Қалай әрекет жасайсыңдар? (Ең алдымен 256 * 2 өрнегінің мәнін табамыз, ол үшін қосамыз 256+256=512, содан кейін 2 * 256 өрнегінің мәнін табамыз, ол үшін 2 деген қосылғышты 256 рет қайталап, алынған нәтижелерді салыстыру қажет).
- Қайсысы сендерге қиынға соқты?
- Қалай есептейміз? (а) есептейміз, (ә) ауыстырымдылық қасиетін қолданамыз).

Нәтижелері тең, көбейткіштердің орнын ауыстырғанмен, көбейтіндінің мәні өзгермейді деген қорытынды жасауға болады.
V. Оқулықпен жұмыс: №3, №4 (ауызша есептеу), №5, №7

Сергіту сәті: мұғалім сандарды атайды: 10, 15, 12, 14, 11, 13, 18, 19, 8, 17.

Егер сан екіге бөлінсе - оқушылар екі рет секіреді, ал егер бөлінбесе - бір рет орнында адымдайды.

VI. Сабақты қорытындылау.
- Сабақта қандай жаңалықты білдіңдер?
- Сабақтың соңындағы көңіл күйлерің қалай?

1 - қатарға ауыстырымдылық қасиетіне байланысты.

245*5=5*245=1225
805*2=2*805=1610

2 - қатарға үлестірімділік қасиетіне байланысты.

(56+4)*6=56*6+4*6=360
(430+5)*4=430*4+5*4=1740

3 - қатарға терімділік қасиетіне.

(70*4)*5=(70*5)*4=1400
(15*7)*2=(15*2)*7=210


VII. Үйге тапсырма: №6, №9.

VII.Бағалау,мадақтау.

© 2010-2022