Жарыс сабақ сыныптас тыс 5 сынып

5 сыныпқа арналған жарыс сабақ. Мұнда көптеген логикалық сұрақтар, жұмбақтар берілген. Сонымен қатар жұмбақ есеп берілген, яғни жұлдызшалардың орнына тиісті арифметикалық амалдарды қолдану арқылы шығару керек. Сабақты өткізгенде сыныпты үш топқа бөліп алған ыңғайлы. Топтың атын әр мұғалім өз қалаулары бойынша атай алады.
Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тапқыр болсаң, тауып көр» жарыс сабақ


Мақсаты:

- Білімділік: оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;

- Дамытушылық: ізденімпаздық, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;

- Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, жаратылыстану пәндеріне қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;


Көрнекілігі: нақыл сөздер, слайдтар, логикалық есептер, мақал - мәтелдер.


Қолданылған нақыл сөздер:

Көп білгенге мәз болу қате. Білімнің саны емес, сапасы маңызды.

(Л. Н. Толстой)

Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот. (Н. Байғанин)


Білген адам білімді өмір бойы іздейді. (А. Иүгінеки)


Математика ғылымдар патшасы, ал арифметика - математика патшасы.

(К. Гаусс)


Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек.

(М. В. Ломоносов)


Оқушыларды үш топқа бөлу:

  1. Тапқырлар

  2. Алғырлар

  3. Ойшылдар


Жоспары:

  1. Ұшқыр ой (логикалық сұрақтар)

  2. Жеті жұрттың тілін біл (жұмбақты шешіп жауабын үш тілде айту)

  3. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдердің жалғасын табу)

  4. Ойлан, тап (логикалық тапсырма)

  5. Топ бастаған тосбасшы (топбасшыларға жеке-жеке есептер беріледі)

  6. Қорытынды


Әр дұрыс жауапқа он ұпай беріледі.


  1. Ұшқыр ой (логикалық сұрақтар)


1.5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше?


2. Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар? (50)


3. Отбасында 3 ер бала бар. Олардың әрқайсысы алдындағысынан 4 жас кіші. Бәрінің жасын қосқанда 24 болса, үш баланың әрқайсысы неше жаста?
(4 жаста, 8жаста, 12жаста)

4. Бал салынған қалбырдың салмағы 500 грамм. Жермай құйылған дәл сондай қалбырдың салмағы 350 грамм. Жермай балдан екі есе жеңіл, сонда қалбырдың салмағы қанша? (200 грамм)

5. Әкесі бақтан 25 алма, алмұрт және өріктерді жинап әкелді. Алма мен алмұрт 15, ал алма мен өрік 16. Қайсысы қанша? (6 алма, 10 өрік, 9 алмұрт)

6. Менің әкем 65 жыл өмір сүрді. Оның 5 жылын суда малтаумен өткізді. Ол неше ай суда өткізсе, сонша жыл жерде өмір сүрді. Неше ай, неше жыл екенін тап. (5 жыл (60 ай суда жүзді, 60 жыл құрғақта жүрді))

7. Еріктің шелегінде алабұға, теңгебалық, таутан - барлығы 14 балық жатыр. Теңгебалықтан таутанның 10 - ы артық. Шелектегі балықтардың әрқайсысы қаншадан? (таутан - 11, теңге балық - 1, алабұға - 2)

8. Назгүл мен Бақыт апалы - сіңлі қыздар. Бақыт өзінде 2 ағасы барын айтты. Назгүл де өзіне де 2 ағасы барын айтты. Сонда Бақыт пен Назгүлдің жанұясында қанша бала бар? (4 бала)

9. Балалар 2 шелек және жарты шелек жаңғақ жинады. Балалардың саны 5 болса, осы жинаған жаңғақты бірдей етіп қалай бөлуге болады? (Әрқайсысына жарты шелектен)

10. Екі залда 50 орындық бар. Бір залдан 10 орындықты алып кеткенде, екі залдағы орындықтар саны бірдей болды. Әуелде әр залда неше орындықтан болғанын тап. (1 -залда 30орындық, 2 - залда 20 орындық )

11. Бұрышты өлшейтін құрал... (транспортир)

12. Бойы 2 қарыс, Сыйып тұр 25 арыс? (сызғыш)

13. 31 құс ұшып келе жатты. Аңшы біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (1)

14. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)

15. Ең кіші натурал сан? (1)

16. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш? (квадрат)

17. Шеңбердің центрі арқылы өтетін кесінді? (диаметр)

18. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )

19. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50 кг)

20. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.
Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )

21. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4 сағат)

22. Ұшақ Қостанайдан Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)

23. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)


24. 4 балада неше саусақ бар? ( 40 )

25. 2-ге бөлінетін сандар (жұп)

26. Төртбұрыш қабырғаларының қосындысы? Жауап: Периметр

27. Күн көзі жылына неше рет шығады? Жауап: 365

28. 444 саны 3 ке бөлінеме? (иа)


2.Жеті жұрттың тілін біл (жұмбақты шешіп жауабын үш тілде айту)


1. Қабат - қабат, қаттама,

Ақылың болса, аттама.

Кітап, книга, book

2. Нәрселерді санағанда

керек ол бізге ауадай,

Айтыңдаршы бұл қандай сан,

Жан - жағыңа қарамай?

Натурал сан, натуральные число, real

3. Жоқ өзінде бас та, қас та мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында?

сызғыш, линейка, rule

  1. ... теңгең болғанша,

... досың болсын!

жүз, сто, one handred

  1. Алды - артымыз шексізде,

Жете алмайсың біздерге.

Сәуле менен кесінді,

Шыққан тегін білсін де.

Түзу, прямая, straight

  1. Өмірің сенің қызық,
    Жолында жоқ түзу сызық,
    Басы да жоқ аяғы.
    Бір айналым баяғы.

Дөңгелек, круг, circle.



3.Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдердің жалғасын табу)


1. Жетті жұрттын тілін біл, (жеті түрлі білім біл.)

2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар )

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Досынды үш күн сынама, ( үш жыл сына)

5. Бір елі ауызға, ( екі елі қақпақ )

6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)

7. Отыз тістен шыққан сөз,(отыз рулы елге тарайды)

8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

9. Бір кісі қазған құдықтан,( мың кісі су ішеді)

10. Білімнің саны емес (сапасы маңызды).

11. Екі жақсы қас болмас,... (екі жаман дос болмас)

12. Білгенің бір тоғыз,... (білмегенің тоқсан тоғыз)

13. Ер бір рет өледі,... (қорқақ мың рет өледі)

14. Дос сегіз болса,... (дұшпан сегіз)

15. Бес бармақ жиылса,... (жұдырық болады)

16. Алты аға бірігіп, әке болмас, (жеті жеңге бірігіп, ана болмас)


  1. Ойлан, тап (логикалық тапсырма)


4*4*4*4=8

5*4*3*2*1=3

6*6*6=30

5*4*3*2*1=5

6*6*6*6=12

5*5*5=5


  1. Топ бастаған тосбасшы (топбасшыларға жеке-жеке есептер беріледі)

Жиналған ылғи дарындар

Жүрегі от болып жалындар.

Капитандарды халайық,

Қол соғып қарсы алайық.

Капитандар сайысы. Тақтада әріптер жазылған гүл ілініп тұр. Капитандар қандай әріп түседі, соған математикалық терминдер айтады. Бір терминге он балл.


  1. Сабақты қорытындылау. Жеңіске жеткен топты марапаттау.

© 2010-2022