Математика пәнінен сабақ жоспары Натурал сандардың жазылуы тақырыбына (5 сынып)

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 02.09.2014ж

Сынып: 5 «Б», «В»

Сабақ тақырыбы: Натурал сандардың жазылуы

Сабақтың мақсаты: 4-сыныпта өткен білімдерің қайталай отырып, натурал сандардың жазылуын, ретін, қатарын үйрету.

Міндеттері:

  • Білімділік: Натурал сандар жайлы ақпараттарын жүйелеу және жалпылау. Біліктерін сараланған есептер шығару арқылы логикалық оймен іске асыра білу.

  • Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік ізденісі арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, оқу материалын ұзақ есте сақтауына жағдай жасау.

  • Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, ептілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Әдіс- тәсілдері: сұрақ- жауап, есептер шығару , ауызша жаттығулар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

ә) Оқушыларды түгендеу

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

в) Сабақтың мақсатымен таныстыру

ІІ.Жаңа сабақ:

Қандай да бір нәрсені есептеу үшін 1,2,3,4 және т.б. сандар қолданылатыны белгілі. Санау үшін пайдаланылатын сандар натурал сандар деп аталады.

Өсу ретімен жазылған 1,2,3,4,5,... натурал сандар натурал қатарды немесе натурал сандар қатарын құрайды.

1 саны натурал қатардың ең кіші саны, ал ең үлкен сан болмайды.

Әрбір натурал саннан кейін алдынғысынан бір санға артық тағы бір натурал сан келеді.

Нөл натурал сан емес

Сандар 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 белгілері арқылы жазылады.

Натурал сандарды жазу үшін қолданылатын белгілер цифрлар деп аталады.

0, 2, 4, 6, 8 цифрлары жұп цифрлар деп аталады.

1, 3, 5, 6, 7, 9 цифрлары тақ цифрлар деп аталады.

Әрбір натурал сан разрядтарға бөлінеді. Разрядтар оңнан солға қарай бірлік, ондық, жүздік және т.с.с. оқылады.

Мысалы: 537 санының әр цифрасындағы:7-бірлік, 3-ондық разряд, 5- жүздік разряд.

Санның жазылуындағы алғашқы үш разряд бір топқа біріктіріліп,бірліктер класы деп аталады. Бұл класс бірліктер, ондықтар, жүздіктерден тұрады.

Төртінші, бесінші, алтыншы разрядтар мыңдықтар класын құрайды. Оған мың, он мың, жүз мыңдардың бірліктері кіреді.

ІV. Сергіту сәті: (дұрыс-бұрыс)

  1. Бір мың санының 3 нөлі бар.

  2. Бір миллион санында 5 нөл бар.

  3. Натурал сандарды жазуда 11 цифр қолданылады.

  4. Келесі сан алдыңғыдан 1 артық.

  5. Бір миллиард санында 9 нөл бар.

V. Бекіту: Тақтамен жұмыс

№1 сандарды цифрлармен жазыңдар:

А) бес миллион қырық екі мың а) сегіз миллион жиырма төрт

үш жүз тоқсан бір мың тоғыз жүз он үш

№2 санды сөзбен жаз:

21, 45, 52, 33, 50.

№3 осы цифрлары бар екі таңбалы сандарды жазыңдар:

6 және 9 2 және 1

5 және 8 7 және 3

3 және 4

VI.Сабақты қорытындылау.

-Сабақтан жаңа не білдіңдер? Нені үйрендіңдер?

VII.Үй тапсырмасы:

Математикалық сөздік: натурал сандар, миллион, миллиард.




© 2010-2022