Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)

Сабақ тақырыбы: Бөлінгіштіктің негізгі қасиеті Мақсаттары: Білімділік:Оқушыларға бөлінгіштіктің негізгі қасиеттін пайдаланып, есептерді тиімді тәсілдермен таба білуге үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту. Тәрбиелік: Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу. Сабақ түрі: Аралас...
Раздел Математика
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Бөлінгіштің негізгі қасиеті (5 сынып)Сабақ тақырыбы: Бөлінгіштіктің негізгі қасиеті

Мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға бөлінгіштіктің негізгі қасиеттін пайдаланып, есептерді тиімді тәсілдермен таба білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік: Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе қағаздар

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Жаңа сабақты түсіндіру

  4. Есептер шығару

  5. Инклюзив оқушымен жұмыс

  6. Үйге тапсырма беру

  7. Бағалау

  8. Қорытындылау

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Сәлемдесу, түгендеу,

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

№ 570. Амалдарды орындаңдар:

№ 582.

  1. 11 санының еселіктері: 11, 22, 33, 44, ...;

  2. 9 санының еселіктері: 9, 18, 27, 36, ...;

  3. 13 санының еселіктері: 13, 26, 39, 52, ...;

  4. 15 санының еселіктері: 15, 30, 45, 60, ... .

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Тік төртбұрыштың ұзындығы енінен 6 см ұзын. Оның ауданы 40 см2. Тік төртбұрыштың ені неше сантиметр?

Шарты:

Ені - х

Ұзындығы - х + 6

Шешуі: S = ab

x(x+6)=40

40 санының бөлгіштері: 1, 2, 4, 5, 8, 10, 20, 40 немесе бөлінгіштер жұбы: 1 және 40; 2 және 20; 4 және 10; 5 және 8.

Осы бөлгіштерден іріктеп, теңдеуді тура теңдікке айналдыратын бөлгішті таңдап алайық. Ол - 4 саны, x = 4

Жауабы: 4 см

IV. Есептер шығару

№ 1. Теңдеулерді натурал сан түбірлерін бөлгіштер жұбын іріктеу тәсілімен тауып, сонан соң жазбаша тексеріңдер:

  1. 77 санының бөлгіштері: 1, 7, 11, 77.


  1. 54 санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 6, 9, 18, 27, 54


  1. 85 санының бөлгіштері: 1, 5, 17, 85


  1. 63 санының бөлгіштері: 1, 3, 7, 9, 21, 63


№ 2. Тік төртбұрштың ауданы 70 см2. Оның ені ұзындығынан 3 см қысқа. Тік төртбұрыштың ұзындығы неше сантиметр? Ені неше сантиметр?

Шарты:

Ені - х - 3

Ұзындығы - х

Шешуі: S = ab

x(x - 3)=70

70 санының бөлгіштері: 1, 2, 5, 7, 10, 14, 35, 70


Жауабы: ұзындығы - 10 см, ені - 7 см

№ 4. Тік төртбұрыштың ауданы 120 см2. Оның ұзындығы енінен 7 см ұзын. Тік төртбұрыштың периметрін табыңдар.

Шарты:

Ені - х

Ұзындығы - х +7

Шешуі: S = ab

x(x + 7)=120

120 санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 10, 12, 15, 20, 24, 30, 40, 60, 120


Жауабы: Р = 46 см

V. Инклюзив оқушымен жұмыс

№1. 32 асықты әр үймедегі асық саны өзара тең болатындай:

  1. 2 үймеге

  2. 3 үймеге

  3. 4 үймеге

  4. 5 үймеге

бөлуге бола ма?

Тік төртбұрыштың ішіне тиісінше «болады», «болмайды» сөздерін жазыңдар.

№2. 7 санына еселік болатын 48 санынан үлкен екі таңбалы сандарды жазыңдар: 49, 56, 63, 70, 77, 84, 91, 98

VI. Үйге тапсырма беру

№ 3, 5 есеп 135 - бет

VII. Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Қорытындылау

  1. Берілген натурал санның бөлгіштер жұптарын қалай табамыз?

  2. Берілген натурал санға еселік сандар қалай табылады?







© 2010-2022