Математикалық поезд 5-6 сынып

Сматаева Ботагоз Габдрафиковна Ақмола облысы Ерейментау қаласы №1 орта мектебі Математика пән мұғалімі   «Мектеп-білім» поезы Бағыты «Ерейментау- Астана» (математикалық ойын) Мақсаты: оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикасын дамыту, ынталандыру, математика пәнін өмірмен байланыстыру. Әдісі: Ойын жүргізу, өзара жарыс. Көрнекілігі: 1. Поезд – үш вагоннан тұрады.2. Анықтама бөлімі. 3. Касса. 4. Аквариумдегі балықтар. 5. Есептер,  жұмбақтар Жоспары: 1. Ұйымдастыру. 2. Пое...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сматаева Ботагоз Габдрафиковна

Ақмола облысы Ерейментау қаласы

№1 орта мектебі

Математика пән мұғалімі



«Мектеп-білім» поезы

Бағыты «Ерейментау- Астана»

(математикалық ойын)

Мақсаты: оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикасын дамыту, ынталандыру, математика пәнін өмірмен байланыстыру.
Әдісі: Ойын жүргізу, өзара жарыс.
Көрнекілігі: 1. Поезд - үш вагоннан тұрады.
2. Анықтама бөлімі.
3. Касса.
4. Аквариумдегі балықтар.
5. Есептер, жұмбақтар
Жоспары: 1. Ұйымдастыру.
2. Поезға билет алу.
Жүрісі: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін 5-6 сыныптар арасында өтетін «Ерейментау - Астана» бағыты бойынша «Мектеп - білім» математикалық ойынын бастаймыз.

Жүргізуші - 1: Уа, жарандар, жарандар,
Мына бізге қараңдар.
Бөлмеде біздің тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз.
Кешіккенді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы,
Математика жайында,
Ойынымызды бастаймыз.
Жүргізуші - 2:Ойынға қатысушы оқушылар келіп, билеттер алады

Жүргізуші: (3-рет қоңырау соғады). Ойыншылар жолсерікке билеттерін көрсетеді де вагонға отырады.
Жүргізуші - 1: Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір-бірімен жатқан шулар, жалғасып,
Бір-бірімен жатқан шулап, арбасып,
О, толқындар арпалысып алға шық -
деп ақын жырлағандай, ендеше қай топ алға шығар екен. Купедегілер - «Алғырлар», плацкарттағылар - «Тапқырлар», жалпы вагондағылар - «Ойшылдар» тобы.
Жүргізуші - 2: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар «Мектеп - білім» поезы жолға шықты.
Ойыншылар (әндетіп).
Өнер қуған математик жастармыз,
Есептерді лезде шешіп тастаймыз.
Командалық ылғи тапқыр, қырандар,
Жарысуға келіп тұрған ұландар.

  1. Жүргізуші - 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп - білім» поезы « Едіге» станциясына келіп тоқтады. Бұл станцияда «Балық аулау» ойыны ойналады. Әр топтан бір оқушыдан келіп балық аулайды, яғни балықтағы сұрақтарға жауап береді

  1. Сіз - автобус жүргізушісіз. Автобуста алғашқыда 23 жолаушы болды. Бірінші аялдамада 3 әйел адам түсті және 5 ер адам кірді . Екінші аялдамада 7 ер адам кірді және екі әйел түсті. Жүргізуші неше жаста?

  2. Жасы жүзге келген қария өмір бойы өзінің туған күнін 25 рет қана атап өткен. Себебін анықта.

  3. 10 жасында 1-ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысын тез есептеген неміс математигі кім?

Жүргізуші - 2: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп - білім» поезы жолға шықты.
Ойыншылар: Білім қуған біз оқушы ұландар,
Келіп тұрған жарысуға қырандар.
Есеп десе ішкен асын қоятын,
Біз боламыз математик ұландар.
Жүргізуші - 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп - білім» поезы «Еркіншілік» станциясына келіп тоқтады. Бұл станцияда жұмбақ шешеміз. (Үш топқа үш түрлі жұмбақ беріледі).

  1. Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
    Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
    Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
    Салатын неше түрлі жорғасы бар.
    (Домбыра)

  2. Алды -артымыз шексізде
    Жете алмайсыз біздерге
    Сәуле менен кесінді
    шыққан тегін білесін бе? (түзу)

  3. Өмірің сенің қызық,
    Жолында жоқ түзу сызық,
    Басы да жоқ аяғы.
    Бір айналым баяғы. (дөңгелек)

Жүргізуші - 2: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп - білім» поезы жолға шықты.

Ойыншылар: Шақырып жарыстарға сан салалы,
Ұландар топ жарғалы жар салады.
Ту етіп достық пенен татулықты,
Қарсылас командасын қарсы алады.

Жүргізуші - 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп - білім» поезы «Сары-оба» станциясына келіп тоқтады. Бұл станцияда «Ғажайып заңдылықтар.» ойыны ойналады



  1. Сандар қатарын жалғастыр.

3, 7 , 11, 15, 19,...

  1. Артық сөзді алып таста:

метр, дециметр, килограмм, сантиметр, миллиметр.

  1. Сандар қатарын жалғастыр. 4, 5,8, 9, 12, 13,...

  2. Қай қатар артық?

2 5 8 11 14

1 4 7 10 13

10 20 30 40 50

Жүргізуші - 2: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп - білім» поезы өз сапарын жалғастырады.

Ойыншылар: Ұландар биіктерде қалықтасын,
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туы алауласын,
Бәйгені бізден ешкім ала алмасын.

Жүргізуші - 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп - білім» поезы «Қырқыншы» станциясына келіп тоқтады. Мұнда топтарға алдарындағы әріптерді қолданып, неғұрлым көп математикалық терминдер жазындар

С І Р К Б Ы И Т Ұ Ш Ү Н Е

Жүргізуші - 2: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп - білім» поезы жолға шықты.
Ойыншылар: Достықпен бірлікті біз етіп тұлға,
Жеңіспен жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділқазым,
Еңбегін ұланыңның әділ сына.

Жүргізуші - 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп - білім» поезы Астана қаласына келіп тоқтады.

Енді әр топ жинаған жетондарын жолсеріктер санап қойындар

Жеңімпазды анықтайық
Жүргізуші - 1: Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Мектеп - білім» поезы өз сапарын аяқтады. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет, қош сау болыңыздар.



© 2010-2022