Математикдан (іс-шара) 5-7 сыныптарға

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ғажайыптар әлемі» іс-шарасы. Интеллектуалды жарыс: 5-7сыныптар арасында

Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісімен танымдық қасиеттерін дамыту шығармашылық қабілеттерін арттыру,өз-ойларын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру. Еңбекке өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Бүгінгі жарыстың ұраны:

2030-дың біз барысымыз

Болашаққа бастайды әр ісіміз.

Егемен елімізді көркейтетін

Білім шыңына шығару парызымыз

Жарыстың өтілу барысы:

5-6-7 сынып оқушылары 2топқа бөлінеді. Әділқазылар алқасы сайланады.

І бөлім: Таныстыру: әр топ өздерін таныстырады(аты,ұраны,төс белгісі.)5 балдық жүйемен есептеледі.

ІІ бөлім: Логикалық есептер:

Есептер карточкаларға жазылып, топ мүшелеріне бір-бірден алдырамыз да,әр есепке 1минуттан уақыт береміз.

№1 7 жұмыртқаның бағасы 7тенге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге? (100 тенге)

№2 квадрат үстелді айнала 4 адам отыра алады.(әр жағына бір-бірден) Мектепте дәл осындай 7 үстелді жалғап бір қатарға қойып,ұзын үстел құрды. Осы үстелді айнала қанша адам отыра алады? (16)

№3 «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті, ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? (1сағат 43 мин)

№4 Тақтада көрсетілген 81 санынан 63-ті алып ,ал 86 санына 12-ні қосу керек. Сонда біріндегі азайтқыш пен екіншісіндегі қосындыны қағаз бетіне жазбастан қалай көрсетуге болады. (қағазды төңкереміз)

ІІІ. Мақал-мәтелдер сайысы:

1.Досыңды 3 күн сынама, үш жыл сына.

2.бес бармақ жиналса, жұдырық болады.

3.Екі жақсы қас болмас,екі жаман дос болмас

4.Жеті атасын білмеген ер, жеті жұрттың қамын жер

5.7 рет өлшеп бір рет кес

6.бір кісі қазған құдықтан, 100кісі су ішеді

7. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар

8.Бір елі ауызға, 4 елі қақпақ

9.Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды

10.Білгенің бір тоғыз,білмегнің 99

IV. есепке кім жүйрік?

  1. Портфелімде әуелі

Он үш жаңғақ бар еді,

Науат пен Маратқа,

Самат пен Сағатқа,

Апасынан Қанаттың

Екі-екіден тараттым.

Қанша жаңғақ қалғанын

Айта қойшы ал, жаным (3)

  1. Дүкеннен мен сабын алдым

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер,бір қарындаш,

Тісқысқышты тағы да алдым

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды қлда бәрі? (6)

  1. Су құйып ем астауға,

Үш қаз ұшты аспанға,

Үш қасқалдақ бір қазан

Екі үйрек, бір сазан

Бір көксерек, бір қарға

Қосылды кеп бұларға

Айтшы неше құс ұшып жүр

Неге екенін түсіндір (10)

V. Үй тапсырмасы: (буклет жасап келу)

VІ. Кім көп біледі? Сұрақ-жауап

5-сынып оқушыларына

  1. Қосудың теңдігі (қосынды)

  2. Ең кіші үш таңбалы сан (жүз)

  3. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек)

  4. Бұрышты өлшейтін құрал(транспортир)

  5. 1м-де қанша см бар (жүз)

6-7 сынып оқушыларына

  1. Пропорция дегеніміз не?

  2. Сәуленің ұшы болама? (болады)

  3. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш (шаршы)

  4. Тік төртбұрыштан кіші бұрыш (сүйір)

  5. Екі санның бөліндісі? (қатынас)

  6. Қай санды бөлуге болмайды? (0-ді)

VІІ. Жұмбақтар сайысы

  1. Білімнің дәнін тереді

Балаға тәлім береді (Ұстаз)

  1. Аяғы жоқ қолы жоқ,

Бірақ тыныш тұрмайды

Сақтамасаң қорын тек

Барша тірлік қурайды (су)

VІІІ. Қас-қағым сәт

(әріптері адасқан 5 математикалық ұғымдар берілген. Осы ұғымдарды дұрыс ретімен жазып шығаруларың керек.)

І топ ІІ топ

Анс- ципоряроп-

Лесуа- ұршыб

Өлкешб апрельлла

Убк роткев

Зуүт кирьлуц

Қорытынды

© 2010-2022