Екі өрнектің айырымы мен қосындысының көбейтіндісі

Оқушылардың білімдерін тексеру. Өрнектірді ықшамдау қысқаша көбейту формулаларын пайдалану, білу дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру. Сабақтың тақырыбын проблемалық оқыту арқылы түсіндіру әдістемелерін пайдалану, . Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану. Интербелсенді тақта,үлестірмелі қағаздар болады. Осы сабақ арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Осы алгебралық түрлендірулерді жүйелі оқып- үйрену болашақта жастар бойында оның жан-жақты дамуына ықпал ... · құбылыстың болу себебін анықтай білу және оған қорытынды жасау · өз ойын қысқаша және нақты айта білу · зерттеу қабілеттерін, оның ішінде дұрыс жалпылама тұжырым жасау мен қате тұжырымдар және негізгі қорытындыларды анықтай білу, шығармашылықпен ойлау · көздеген мақсатқа жету жолында табанды болу
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ. Алгебра. 7 сынып.

Сабақтың тақырыбы: . «Екі өрнектің айырымы мен қосындысының көбейтіндісі»
Сабақтың мақсаты:
1) оқушылардың екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадраты тақырыбы бойынша білімдерін тексеру;екі өрнектің айырымы мен қосындысының көбейтіндісін қарастыру;
2) екі өрнектің айырымы мен қосындысының көбейтіндісі формуласын өрнектерді ықшамдауда қолдана білу дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру;
3) оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға,шапшаңдыққа, ұқыптылыққа,өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістемесі: түсіндіру, практикалық, проблемалық оқыту
Оқыту технологиясы: деңгейлеп- саралап оқыту
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта,үлестірмелі қағаздар
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Қайталау:
1) төмендегі сұрақтарға жауап алу
1) екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадраты ережесін тұжырымда
2) көпмүшелерді көбейту ережесі

2) үлестірмелі қағаздармен жұмыс (деңгейлік тапсырмалар):

А деңгей (ауызша)
Өрнекті ықшамда: ( 3-а)2 , ( 4+в)2 , (3х+у)2 , 4x2 +4x+1, 25b2 -10b+1, 9a2 -12ab+4b2

В деңгей:

1 №2 №3
Өрнекті ықшамда: Өрнекті ықшамда: Өрнекті ықшамда:
(x-5)2 +2x(x-3) (5х-1)2 -25х2 (x-3)2 +x(x+9)
(y+8)2 -4y(y-2) ( в-4)2 +(в-1)(2-в) (2a+5)2-5(4a+5)

С деңгей

Теңдеуді шеш: Теңдеуді шеш:

(х-6)2-х(х+8)=2 (2y+1)2-4y2=5

Өрнекті ықшамда: Өрнекті ықшамда:

3 (а-1)2 +8а 9c2 -4+6(c-2)2

ІV. Өзіндік жұмыс (10 минут,тапсырма интербелсенді тақтада беріледі. )

A деңгей В деңгей

№1.Көпмүшеге түрлендір

(3а-5)23-5)2

№2.Жұлдызшаның орнына теңдік орындалатындай, тиісті өрнекті жазыңыздар .

(* - 2m)2=100-40m+4m2 (* - 9с)2 = 36а2 - 108а2 с+ 81с2

№3. Өрнекті ықшамда:

(х-3)2 + х(х +9). (2а+5)2 -5 (4а +5)+ 4а.

V. Жаңа сабақты баяндау.

1. Мысалдар;

1. (а-3)(а+3)

2. (х-4)(х+4)

3. (8-у)(8+у)

4. (3а-1)(3а+1)

2. Оқушылар жоғарыдағы мысалдарды алдын-ала орындау арқылы екі өрнектің қосындысын олардың айырмасына көбейту формуласы мен ережесін өздері тұжырымдау керек, яғни

( а - в) ( a + в<) = a2 - в2

Екі өрнектің айырмасы мен қосындысының көбейтіндісі осы өрнектердің квадраттарының айырмасына тең.

VI. Жаңа білімді бекіту.

  1. Төмендегі мысалдар оқушыларға формула бойынша алғашқы бекітуге беріледі.(aуызша)

( х-9)(х+9), (5у-2)(5у+2), (2+7а)(7а-2), (6х 2 -1)(6х 2 +1),

(10х3 -1)(1+10х3)

2) Оқулық бойынша тапсырмалар:
№354-356, (тақ нөмірлері)
VII. Уйге тапсырма:
1) екі өрнектің қосындысын олардың айырмасына көбейту формуласы мен ережесін жатқа білу
2) Оқулық бойынша тапсырмалар:

№354-356 (жұп нөмірлері)
VIII. Сабақты қорытындылау:
Екі өрнектің айырмасы мен қосындысының көбейтіндісі
ережесін тұжырымдау
IX. Оқушылар білімін бағалау.

Алгебра сабағы аралас сабақ түрі.

Мұғалім сабақта қойылған мақсаттарға жетті.

Оқушылардың осы тақырып бойынша білімдерін тексеріп,өрнектерді ықшамдауда формулаларды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру;оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға,шапшаңдыққа, ұқыптылыққа,өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақта түсіндіру, практикалық, проблемалық оқыту әдістемелері пайдаланылды.Оқытуда
деңгейлеп- саралап оқыту технологиясы қолданылды.Интербелсенді тақта,үлестірмелі қағаздар болды.

Осы сабақ арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, логикалық ойлауы.Осы алгебралық түрлендірулерді жүйелі оқып- үйрену болашақта жастар бойында оның жан-жақты дамуына ықпал ететін мынандай қасиеттерді қалыптастырады.

  • жасаған тұжырымды дәлелдей білу

  • құбылыстың болу себебін анықтай білу және оған қорытынды жасау

  • өз ойын қысқаша және нақты айта білу

  • зерттеу қабілеттерін, оның ішінде дұрыс жалпылама тұжырым жасау мен қате тұжырымдар және негізгі қорытындыларды анықтай білу, шығармашылықпен ойлау

  • көздеген мақсатқа жету жолында табанды болу


© 2010-2022