Тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5-сынып

МАТЕМАТИКА

10.12.

Сабақтың тақырыбы:

Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту.

Сабақтың мақсаты:

Жай бөлшектерді көбейте білуге үйрету, көбейту ережесін айта білуге жаттықтыру, натурал санды бөлшекке көбейтуге дағдыландыру, жай бөлшектерді көбейтуде көбейту амалының қасиеттерін пайдалана білуге дағдыландыру. Жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі:

Жай бөлшектерді көбейтуге үйренеді, көбейту алгоритмін құра біледі. Жай бөлшектерді көбейту амалының қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады, жауапкершілікпен жұмыс істеуге дағдыланады.

Әдіс-тәсілдер:

Сұрақ-жауап, Венн диаграммасы, ой қозғау, дәлелді ізденіс, деңгейлік тапсырмалар, үлестірмелі тапсырмалар.

Дереккөздер:

Натурал сандар, жай және құрама сандар, жұп және тақ сандар, натурал сандардың бөлінгіштігі, жай бөлшектер(5-сынып оқулығы).

Бағалау:

5 балдық жүйемен бағалау(формативті, жиынтық бағалау).

Жоспарланған мерзім:

Сабақтың барысы

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Ресурстар

Психологиялық ахуал тудыру

(Ұйымдастыру кезеңі):

2 мин

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, зейіндерін сабаққа бағыттау. Мозайкалар тарату.

«Сәлем, достым» треннингін өткізу.

  • Сәлем достым (қол беріп амандасу)

  • Сен қалайсың ? (иықтарын қағады)

  • Қайда болдың ? (құлақтарын тартады)

  • Мен сені сағындым (қолдарын жүрекке қояды)

  • Сен келдің (қолдарын жаяды)

  • Жақсы болды (қатты құшақтайды)

Жұпқа бөлу. Бағалау парақшаларын тарату.

Бүгінгі сабақтың тәртібі:

Мұғалімді тыңдаймыз,

Бір-бірімізді сыйлаймыз,

Саспаймыз, асықпай,

Әр сұраққа, қателеспей,

Шуылдамай, қол көтере

отырып,

Жауап беруге тырысамыз -деп, бүгінгі сабақты бастаймыз.

Сәлемдеседі.

Мазайкаларды таңдап алады.

Ортаға шығып шеңбер құрады, оң жағындағы баламен бірге жұп құрып қимылдарын жасайды.

Мазайкаларды құрастыру арқылы жұппен отырады.

Слайд №1, жұпқа бөлетін мазайкалар.



Слайд №2,

мазайкалар, бағалау парақшала

ры.

Мағынаны ашу(жаңа сабаққа дайындық):

3 мин

Білу. «Миға шабуыл»

Оқушылар мазайкаларда берілген сұрақтарына жауап алу(оқушының мазайкаларында өткен сабаққа байланысты сұрақтар берілген).

1. Үлес дегеніміз не?

2. Жай бөлшек деген не?

3. Жай бөлшектердің негізігі қасиеті?

4. Жай бөлшектерді қысқарту деген не?

5. Қандай бөлшекті аралас санға айналдырамыз? Мысал келтір.

6. Аралас сандарды қалай азайтады?

7. Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру дегеніміз не?

Венн диаграммасын құру. Дұрыс бөлшектер мен бұрыс бөлшектер ұқсастықтары мен ерекшеліктерін шеңберлерге жазу. ОТақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту..Тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту..ртасына олардың ортақ қасиеттерін жазу.

Тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту..


Оқушылар мазайкада берілген сұрақтарға жауап береді.

Әр жұп өздеріне берілген тақырып бойынша А3 форматты қағазға Венн диаграммасын толтырады.

5 балдық жүйемен бағалау жүргізеді.

Слайд №3


А3 форматта Венн диаграмма

сы

Бағалау парақшала

ры.

Жаңа сабақты түсіндіру:

15 мин

Түсіну.

Тақтада жай бөлшектерді көбейтуге мысалдар мен оларды шығару үлгісін көрсету.

Әр жұпқа есептер беру.

ТАПСЫРМАЛАР

ЖАУАПТАРЫ

Жай бөлшектерді қалай көбейтіледі?


Әріптермен қалай жазылатынын көрсет?

Натурал санды жай бөлшектерге көбейту қалай көбейтіледі?



Әріптермен қалай жазылатынын көрсет?

Аралас санды аралас санға көбейтуді орындау жолдары қалай жүргізіледі?


Бөлшектерді көбейтіңдер:

1/8 · 2/3;

8 · 5/6;

1· 2/3;

5/7 · 0;

3 ½ · 4 5/6;




Оқушылар тақтаға қарап тыңдайды және дәптерлеріне жазып отырады.

Берілген тапсырманы әр жұп өздіктерінен орындап, тақтада шығарып дәлелдейді.

Слайд№4

Үлестірмелі тапсырма

лар, бағалау парақшала

ры

Дамыту кезеңі(есептер шығару):

10 мин

Талдау.

Оқулықпен жұмыс: №773(ауызша), №774(6-12), №775(5-8).

  • Практикалық біліктерін толықтыруға бағдар беру;

  • Есептер шығару барысында ізденуге жетелеу, бағыттау.

Әр жұп оқулық бойынша жұмыс істейді. Әр тапсырманы бір-бірлерімен талқылай отырып орындайды. Бір-бірін 5 балдық жүйемен бағалайды.

Жұмыс дәптері, оқулық,

бағалау парақшала

ры.

Ой толғаныс

(сабақты бекіту):

7 мин

Қолдану.

Тапсырмаларды орындата отырып бұрынғы білімдерін пайдалана отырып, практикалық негізінде ізденіске, өз ойын айта білуге қолайлы сәт тудыру:

Сабақты қорытындылау мақсатымен карточкамен жұмыс орындау.

Деңгейлік тапсырмалар:

Бөлшектерді көбейтуді орындаңдар:

А деңгейі: Тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту..

В деңгейі: Тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту..

С деңгейі: Тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту..

Әр жұп деңгейлік тапсырмаларды бір-бірлерімен ақылдаса отырып орындайды.

Бір-бірін 5 балдық жүйемен бағалайды.

Слайд №5

Кеспе қағаздары, бағалау парақшала

ры.

Сабақты қорыту:

3 мин

Жинақтау.

Өзіндік ізденіске бағыттау.

Сұрақ-жауап алмасу.

  1. Бөлшектер қалай көбейтіледі?

  2. Натурал санды бөлшек санға қалай көбейтеді?

  3. Аралас сандарды көбейтуді түсіндіріңдер.

Оқушылардың алдында жай бөлшектерге байланысты жазылған қағаз қиындылары бар. Оқушылар өздері таңдау жасайды да, сұрақтарына жауап береді.

Слайд №6

Бағалау парқшала

ры

Рефлексия.

2 мин

«Көңіл-күй анықтау» кері байланыс алу. «Таңдау» әдісін қолдану. Оқушыларға смайликтер тарату.

Тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту..Тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту..

Кері байланыс арқылы өз білімдерінің деңгейі анықталады, дәлелденеді.

Оқушылар таңдаған смайликтеріне сабақ бойынша түйіндерін жазып ватманға іледі.

Слайд №7

смайликтер

Үй тапсырмасы:

1 мин

  • Есептер шығару арқылы оз ойларын дәлелді ізденіске және ой жүйесін сауатты жеткізуге бағыттау.

  • Проблемалық сұрақтар қою.

  • №774(1-5), №775(1-4).

Жауапкершілікті сезінеді, қосымша тапсырмаларды орындау шығармашылық әрекеттерін дамытуға, тұлғалық қасиеттерін дамытуға жол ашады.

Оқулық

Бағалау.

2 мин

Оқушы пікірі мен талдау жұмыстарын бағалау. Ой қорытуға сабақ соңында сұхбаттасуға шақырар пікір қолдану.

Әр жұп қорытынды бағаларын шығарады.

Бағалау парақшала

ры








© 2010-2022