Конус. 11 сынып. Ашық сабақ

Раздел Математика
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Конус. 11 сынып. Ашық сабақ.Конус. 11 сынып. Ашық сабақ.Конус. 11 сынып. Ашық сабақ.11 Сынып

Сабақ тақырыбы: Конус. Есептер шығару

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға конус және олардың элементтері туралы мағлұматтар беру;

Дамытушылық: Конустың бүйір бетінің, толық бетінің аудандарын және конустың көлемін табуға есептер шығарту арқылы оқушылардың шапшаңдық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу;

Сабақ түрі: Практикалық сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, есептер шығару, СТО, АКТ.

Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, проектор, таратпа материалдар, бағалау парақшасы т.б.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Топтардың атын оларға сұрақ қою арқылы белгілеп аламыз.

1. Барлық нүктесі берілген нүктеден (шеңбер центрінен) бірдей қашықтықта жататын тұйық қисық сызық. (Шеңбер)

2.Шеңберді ішіндегі жазықтықпен алғандағы фигура. (Дөңгелек)

3. Шеңбердің доғасымен және оның екі радиусымен шектелген бөлігі. (Сектор)

Сабақ жоспары:

1. Үй тапсырмасын тексеру

2. «Кім білгір?» /қайталау сұрақтары/

3. «Біліміңді тексер» /есептер шығару , деңгейлік тапсырмалар/

4. «Ойланайық, кім ойшыл» /сөзжұмбақ/

5. «Геометриялық фигуралы ребус» /сергіту сәті/

6. Үйге тапсырма беру;

7.Бағалау













1. «Кім білгір?» (Үй тапсырмасын тексеру, яғни үйге берілген есеп тақтаға шығарылады. Сұрақ - жауап арқылы)

1-ші топқа : Конус дегеніміз не?Конустың элементтерін ата?

Анықтама: Тікбұрышты үшбұрышты катетінен айналдырғанда шығатын фигура конус деп аталады.

2- топ: Конустың түрлерін ата? Қималары?

Конустың түрлері

Табаны дөңгелек болып келетін және оның биіктігінің табаны дөңгелектің центріне дәл түсетін конусты тік дөңгелек конус деп атаймыз.

Тік емес конустар мектеп курсында қарастырылмайды. Бұл конус айналу денесі болмайды.

Конустың қималары

1 - сурет - Жазықтық конустың табанын хорда бойымен, ал бүйір бетін екі жасаушы бойымен қиып өтеді. Қима - тең бүйірлі үшбұрыш

2 - сурет - Жазықтық конустың осі арқылы өтсе, онда қимада пайда болған үшбұрыш конустың осьтік қимасы деп аталады. Қима - үшбұрыш

3 - сурет - Конусты оның осіне перпендикуляр жазықтықпен қиюға болады. Бұл жағдайда қиюшы жазықтық табан жазықтығына параллель, ал конустың қимасы - дөңгелек

4 - сурет - Конустың жасаушысы арқылы өтетін, конуспен ортақ нүктелері жоқ жазықтық конусқа жанама жазықтық деп аталады.

3- топ: Негізгі формулалары? Конус айналу денесіне ұқсайтын обьектілерді ата?

Негізгі формулалар

Конустың бүйір бетінің ауданы оның табан шеңберінің ұзындығы мен жасаушысының көбейтіндісінің жартысына тең:

Sк.б.б. =πRL

Sтаб =πR2

Sк.тол.беті =πRL + πR2 = πR(L + R)

Конус. 11 сынып. Ашық сабақ.

L- конустың жасаушысы, R - табанының радиусы





2. «Біліміңді тексер» (І - деңгейлік тапсырма)

1-топ. Биіктігі 3,5 м табанының диаметрі 4 м конус тәрізді шатыр кенеппен жабылған. Шатырға қанша квадрат метр кенеп кеткен?

2-топ. Мал азығын сүрлейтін мұнараның төбесі конус тәріздес төбенің биіктігі 2 м, мұнараның диаметрі 6 м. Төбенің бетінің ауданын тап.

3-топ. Конус тәріздес шатырдың радиусы 15 м, ал жасаушысы 30м. Егер 1 м2 ауданға 150г бояу жұмсалған болса , осындай 2 шатырды бояу үшін неше кг бояу керек?

(ІІ - деңгейлік тапсырма)

1- топ. Конус жасаушысы 4- ке тең және табан жазықтығымен 300 бұрыш жасайды. Конустың бүйір бетінің ауданын тап.

Sк.б.б. =πRL

Конус. 11 сынып. Ашық сабақ.

Sк.б.б. =Конус. 11 сынып. Ашық сабақ.

2- топ. Радиусы 12 см және бұрышы 2700 сектордан конус жасаған. Конустың радиусын тап?

Конус. 11 сынып. Ашық сабақ.

3-топ . Конус жасаушысы 4-ке тең және 600 көлбеу орналасқан.Конустың көлемін тап?

Жауабы: Конус. 11 сынып. Ашық сабақ.

(IIІ- деңгейлік тапсырма)

1,2,3- топтарға Конус биіктігі 20 см, табанының радиусы 25. Конус төбесінен табан центріне дейінгі арақашықтық 12-ге тең болса, төбесінен өтетін қиманың ауданын тап.Конус. 11 сынып. Ашық сабақ.

Конус. 11 сынып. Ашық сабақ.

Конус. 11 сынып. Ашық сабақ.

Конус. 11 сынып. Ашық сабақ.(Тік бұрыштың төбесінен түсетін биіктігі қасиетінен)

Онда Конус. 11 сынып. Ашық сабақ.

Конус. 11 сынып. Ашық сабақ.

Конус. 11 сынып. Ашық сабақ.

Конус. 11 сынып. Ашық сабақ.

1,2,3- топтарға: Тең қабырғалы конус пен цилиндрдің көлемдері тең. Бүйір беттерінің қатынастарын табыңдар.

Конустың осьтік қимасы - теңқабырғалы үшбұрыш, ал цилиндрдікі - квадрат.

AC=AB=BC=2RK

Конус. 11 сынып. Ашық сабақ.

Конус. 11 сынып. Ашық сабақ.

KPNM -квадрат

KP=KM=2RЦ

Конус. 11 сынып. Ашық сабақ.

Конус. 11 сынып. Ашық сабақ.

Конус. 11 сынып. Ашық сабақ.

Конус. 11 сынып. Ашық сабақ.

Конус. 11 сынып. Ашық сабақ.

3Конус. 11 сынып. Ашық сабақ. «Ойланайық, кім ойшыл» Сабақты бекіту

Сөзжұмбақ «Конус»

1.Тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышын жасайтын қабырғалары.

(катет)

2.Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы сол бұрыштың___ деп аталады

(косинус)

3.Косинустың биіктігі табанына қалай орналасады?

(перпендикуляр)

4. Косинустың төбесін табанындағы шеңбер нүктесімен қосатын кесінді. (жасаушы)

5. Конустың бүйір бетінің жазбасы қандай фигураны береді.

(сектор)


4. « Геометриялық фигуралы ребус» /сергіту сәті/

Математикалық ребустан ақыл, қайрат, жүрек деген сөздер шығады.

Ақыл, Қайрат, Жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек - деп Абай атамыз өзінің 17-ші қара сөзінде айтқандай. Жүрек жылуы бар, Қиындыққа мойымайтын қайратты, ақылымен мыңды жығатын адам болыңыздар деген тілекпен сабағымызды аяқтаймыз.

5.Тест. Интерактивті тақтадан 6 сұрақпен тест орындайды

5. Үйге тапсырма беру; тест есептерінен. Талапкер 218,219












А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі А.Қ.Қабланбекованың 11 «а» сыныбында «Конус тақырыбына есептер шығару» сабағына

ЕСЕБІ 28.11.14

Сабақтың тақырыбы. Конус тақырыбына есептер шығару ..

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға конус және олардың элементтері туралы мағлұматтар беру;

Дамытушылық: Конустың бүйір бетінің, толық бетінің аудандарын және конустың көлемін табуға есептер шығарту арқылы оқушылардың шапшаңдық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу;

Сабақтың типі:Есеп шығару практикалық сабағы.

Сабаққа барлығы 19 оқушы қатысты. Сабақтың мақсаты айтылды. Сабақта жеті модульді ықпалдастыра отырып,оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау қабілетін дамыту. Оқушыларды 3 топқа бөлдім. Сабақты шаттық шенберін ұйымдастырудан бастадым. Топ басшыларына бағалау критерииі жазылған бағалау парағын бердім, критери бойынша бірін бірі бағалайды .Үй тапсырмасы тексерілді.

Тақтадан слайд арқылы қайталау жүргізілді.













1. «Кім білгір?» (Үй тапсырмасын тексеру, яғни үйге берілген есеп тақтаға шығарылады. Сұрақ - жауап арқылы)

3 топқа денгейлік тапсырмалар берілді, есептер беріліп шығарылды. Оқушылар сабақ арасында сергіту сәтіне ребустар шешті Оқулықпен жұмыс , топтық жұмыстар жеке оқушымен жұмыстар жүргізілді. Тақтаға есептер шығарылды. Сабақты қорыту үшін тест тапсырмасын алдым. Оны оқушылар жақсы деңгейде орындады, топ басшылары тексерді бірін бірі бағалады. Сабақты бекіту мақсатында «Ойланайық, кім ойшыл» сөзжұмбақтар шешті.

Сабақ сонында бағалау критериі бойынша оқушылар бағаланды .

Үй тапсырмасы берілді.

Математика пән мұғалімі Қабланбекова Айгул



© 2010-2022