Алгебра пәнінен Натурал көрсеткішті дәреже тақырыбындагы сабақтың қысқа мерзімді жоспары

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

Күні

ПӘНІ

алгебра

КЛАСЫ

7

ТАҚЫРЫП

Натурал көрсеткішті дәреженің анықтамасы

МАҚСАТЫ

Натурал көрсеткішті дәреже ұғымын беру және қасиеттерін есеп шығаруда дұрыс қолдануды үйрету

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

Өз бетінше жаңа тақырыпты меңгереді;

Кластастарының жауаптарын ықылас қоя тыңдаңдайды;

Өз оқуына және кластастарының оқуына жауапкершілікпен қарайды;

Таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі нығаяды;

Бағалау критерийлерімен жұмыс жасауға дағдыланады;

Жауапкершілікті сезініп, топпен жұмыс жасауға үйренеді;.

Құрбыларының пікірін құрметтеуге дағдыланады;

Ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамытады;

Оқушылардың ой-өрісі, ойлау және есте сақтау қабілеті дамиды;

Оқушыларды дәлдікке тәрбиеленеді;

Оқушылардың теориялық білімін тәжірибеде қолдануда өз-өзіне сенімділігі артады;

УАҚЫТЫ

САБАҚТАҒЫ ІС- ӘРЕКЕТ

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

Кіріспе бөлімі

5-минут

1)Мұғалім оқушылармен амандасады.

2)Мұғалім оқушыларға «Танысайық» тренингін өткізеді. Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші бастап қасында тұрған көршісіне (сағат тілімен) қарап, өзінің есімінің алдына сын есімін жалғап өзін таныстырады. Мысалы: Мен Нәзік-Назирамын, ақылды-Алуамын, көңілді-Кәмшатпын т.б.

3) Мұғалім «Капитан» ойыны арқылы оқушыларды топқа бөледі.

4) Оқушыларға интербелсенді тақта геометриялық фигуралар көрсетіледі. 1 минутта бейнені есте сақтап топтар қағаз бетіне түсіреді

Алгебра пәнінен Натурал көрсеткішті дәреже тақырыбындагы сабақтың қысқа мерзімді жоспары

Мадақтау

Интербелсенді тақта

Жаңа материалдың таныстырылымы

10-минут

Оқушылар жаңа тақырыпты «Сұрақ қою және қайта сұрақ қою» әдісі бойынша өз бетімен меңгереді.

1-қадам:Оқушылар мәтінді толық оқиды, оқылған мәтіннің мазмұнына топ бір-біріне әр деңгейлі сұрақтар қояды.

2-қадам:Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақ қояды және талқылайды.

Үш шапалақ

Оқулық, интербелсенді тақта

Жаңа материалды қолдану

25минут

Әр топ есептерді өз бетінше орындайды

Жазбаша есептер: №2-7,

№8-10(тақтары)

Мұғалім оқушыларға «Математикалық эстафета» ойынын ойнатады. Мұғалім оқушыларға топ мүшелер санына байланысты тапсырма береді. Топ мүшесі тапсырманы орындағанда дұрыс жауабын жазып тұсына атын жазады.

Бір-бірін

критерий бойынша бағалайды

«Үш шапалақ»

Оқулық, постер, дидактикалық материал, интербелсенді тақта

Сабақты қорытындылау «Менің бүгінгі сабақтан алған әсерім» әдісі арқылы сабақты қорытындылаймын.

Үйге тапсырма $1 формула-ларды жаттау, №8-10 (жұптары)есептерді шығару.

Бағалау: Оқушылардың белсенділігіне байланысты бағалау.

Не сәтті өтті?

Оқушыларға «Сұрақ қою және қайта сұрақ қою» әдісі бойынша жаңа тақырыпты оқушылардың өз бетімен меңгеруі және

«Математикалық эстафета» ойыны ұнады.

Не сәтсіз өтті?

Нені дамыта аласыз? Нені өзгерткіңіз келеді?

Тақырыпты өз беттерімен меңгерулері сәтті болғасын, осы әдісті әрі қарай дамытқым келеді. Оқушылардың өздігінен материалды табу, іздену қабілетін шыңдаймын.


© 2010-2022