• Преподавателю
  • Математика
  • Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру сабақтың тақырыбы: «Дөңгелек. Түзу және қисық сызықтар»

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру сабақтың тақырыбы: «Дөңгелек. Түзу және қисық сызықтар»

Раздел Математика
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Сабақтың тақырыбы: «Дөңгелек. Түзу және қисық сызықтар»

Сабақтың мақсаты:

  1. Түзете-білімділігі: Балалардың геометриялық пішін-дөңгелек туралы ұғымын бекіту.

  2. Түзете-дамытушылығы: Балалардың танымдық әрекеттерін жетілдіру. Есте сақтау қабілеттерін арттыру. Көру және есту арқылы қабылдау түйсігін дамыту. Ұсақ моторикасын дамыту.

  3. Түзете-тәрбиелігі: Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: информациялық-рецепиялық әдіс

Көрнекіліктер: суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау

2) Баланың ынтасын, іскерлігін арттыру

Кел, балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Үлкен шеңбер құрған соң,

Алақанды ұрайық.

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау

Ал санайық, санайық,

Сан сырына қанайық!

Бір саусақты жұмайық,

«Бір саны», - деп ұғайық!

Екі саусақ жұмайық

«Екі сан» - деп тынайық!

Үшіншісін жұмайық,

«Үш саны» - деп шығайық!

Тағы бірін жұмайық,

Төрт санына ылайық.

Жұдырықты жұмайық,

"Бес болды» - деп ұғайық.

ІІІ. Жаңа сабақ

- Мынау қандай геометриялық пішін?

- Мынау - дөңгелек.

- Дөңгелекке ұқсас заттарды ата.

- Мына заттар неменеге ұқсайды?

- Дөңгелекті дөңгелетіп көрейік.

- Дөңгелей ме?

Дөңгелекті саусақпен жүргізіп көрейікші, қараңдаршы, қандай әдемі дөңгелек, тіпті саусақтарымыз тоқтамайтын сияқты. Дөңгелекті дөңгелетіп көрейік.

- Дөңгелей ме?

Әр баланың қолында үлкен қызыл түсті және кішкентай сары түсті дөңгелектер бар

- Үлкен дөңгелектің түсі қандай?

- Қызыл

- Ол неге ұқсайды?

- Қызанакка

- Қызыл дөңгелектің сары дөңгелектен үлкен қалай білуге болады?

- Қызылдың үстіне сарыны қою керек.

- Қызылдың жартысы көрініп тұр, сондықтан ол үлкен. Үлкен дөңгелекті, содан кейін кішкентай дөңгелекті саусақпен жүргізіп көр. Ал енді үлкен дөңгелекті домалат, домалай ма?

- Кішкентай дөңгелек ше? Домалайды

- Міне, барлық дөңгелектер домалайды екен.

Суретпен жұмыс:

Балаларға үстелдегі пішіндерді, олардың түстерін атауды ұсынады. Балаларға тапсырма береледі.Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру сабақтың тақырыбы: «Дөңгелек. Түзу және қисық сызықтар»

- Дөңгелек - пішіндерді табу.

Бұл - қисық сызықтар.

Бұл - түзу сызықтар.

Түзу сызықтар көрсет.

Қисық сызықтар көрсет.

ІҮ. Сергіту сәті:

Балалар,

Доп сияқты секіріп,

Машинаға ұксап жүріп қимылдар жасайды.

Ү. Бекіту:

Дидактикалық ойыны: «Ұқсас заттарды ата?»

Мақсаты: Балалардың көру арқылы қабылдау түйсігін дамыту.

Ермексаздан, түзу және қисық таяқшалар жасау

Мақсаты: Балалардың ұсақ моторикасын дамыту.

ҮІ. «Біз не білдік?»

Дөңгелек - геометриялық пішін.

Дөңгелек допқа, тәрелкеге ұқсайды.

Барлық дөңгелектерді домалатуға болады.

ҮІІ. Бағалау

Балаларды жеке-жеке мадақтау


© 2010-2022