Математикалық сайыс Білгір математиктер (6-сынып)

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Білгір математиктер»

Мақсаты:
Оқушылардың математикалық ойын тапсырмаларын орындау арқылы білімдерін одан әрі тереңдету, алған білімдерін пысықтау.
Ойлау қабілетімізді, математикалық сөздік қорын дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, презентация, жетондар.

Әділ қазыларды сайлау.

Сайыстың жүрісі:

  1. Топқа бөлу.

  2. "Кім жылдам?"

  3. "Математикалық диктант"

  4. "Сиқырлы шаршы"

  5. "Біліктілік сайысы"

  6. "Капитандар сайысы"

  7. Қорытынды.

I кезең.Оқушыларды топқа бөлу: 1-топ «Алғырлар»

2-топ «Тапқырлар».

IІ кезең. Кім жылдам?(Әр топқа жеке сұрақтар қойылады жылдам жауап берулері керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі).

1-топ «Алғырлар» сұрақтары:

  1. Құрамында әріптері бар өрнек қалай аталады?Әріпті өрнек

  2. Екі санның бөліндісін не деп атаймыз?Қатынас

  3. Р=2(a+b) қандай фигураның формуласы?Төртбұрыштың периметрі

  4. 24 санының бөлгіштерін ата: 1, 2, 3,4, 6, 8, 12, 24

  1. 5 санының бөлгіштік белгісі? 0 және 5-тен аяқталса

  1. Тек таңбалары арқылы ажыратылатын сандар?Қарама - қарсы сандар

  2. Амалдар таңбалардан, жақшалардан және сандардан ғана құрастырылған жазуды не деп атаймыз?Санды өрнек

  3. Екі қатынастың теңдігі? Пропорция

  4. V=abc қандай фигураның формуласы? Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі

2-топ «Тапқырлар» сұрақтары:

  1. Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдік қалай аталады?Теңдеу

  2. Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын не дейміз?Масштаб

  3. S= ab қандай фигураның формуласы? Тіктөртбұрыштың ауданы

  4. 27 санының бөлгіштерін ата: 1, 3,9, 27

  5. 9 санының бөлгіштік белгісі? Цифрларының қосындысы 9-ға бөлінсе

  1. Оң санның модулі неге тең?Өзіне

  2. 32 санының бөлгіштерін ата: 1, 2, 4, 8, 16, 32

  3. 10 санының бөлгіштік белгісі? 0 -ден аяқталса

  4. Теріс санның модулі неге тең? Қарама-қарсы санға тең

III. Математикалық диктант.

"Алғырлар" тобына

Қосудың, азайтудың және көбейтудің қасиеттерін қолдану.
1. Өрнекпен жазыңдар:

а) 36а және 15а-ның қосындысын;
ә) 29 және 11х-тің көбейтіндісін.

2) Кеше күн 3 градус суық болған, бүгін күн 2 градус жылы.

"Тапқырлар" тобына

Қосудың, азайтудың және көбейтудің қасиеттерін қолдану.
1. Өрнекпен жазыңдар:

а) 36а және 15а-ның қосындысын;
ә) 21 және 12х-тің көбейтіндісін.

2) Тарбағатай жоталарының ең биік жері теңіз деңгейінен 2992 м биіктікте, Каспий ойпаты теңіз деңгейінен 28 м тереңдікте.

ІV кезең. «Сиқырлы шаршы». Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Дұрыс жауап 10 ұпаймен есептелінеді.

1 топ «Алғырлар»

Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 21-ге тең болатындай етіп 3, 4, 5, 6, 8, 9,10,11,7 сандарымен бос торкөздерді толтыр.

2 топ «Тапқырлар»

Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 24-ке тең болатындай етіп 4,6,7,9,10,11,12,8,5 сандарымен бос торкөздерді толтыр.

Жауаптары:

10

3

8

5

7

9

6

11

4

11

4

9

6

8

10

7

12

5


V кезең. "Біліктілік сайысы" . Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Дұрыс жауап 10 ұпаймен есептелінеді.

  1. топ «Алғырлар»

1.Есептеңдер:

1- 0, 85 + 0, 13 =

  1. 0, 2 * (- 5) =

  1. 16: (- 4) =

  2. 1 - (- 4) =

2.Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар:

1) 9а-6в+3с=3(3a-2в+с)

2 топ «Тапқырлар»

  1. - 7 - (- 8) =

  2. 8 * (- 7) =

  3. - 8: (0, 2) =

  4. - 7 *(- 0, 1) =

2.Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар:

2) 6х+2х+5х=(6+2+5)х=13х

VI кезең. "Капитандар сайысы". Әр топтың капитандарына жеке сұрақтар беріледі. Дұрыс жауап 5 ұпаймен есептелінеді.

  1. топ «Алғырлар»

1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады?
2. 1 сағатта неше минут бар?(60)
3. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата.(70)
4. Шарты мен сұрағы бар кішкене әңгіме?(Сөз есеп)
5. Мектептегі 45 минут?(Сабақ)
6. Оқу жылының алғашқы айы қандай?(Қыркүйек)
7. Азайту амалының компоненттерін ата?(азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)
8. 3 пен 9 - дың көбейтіндісі?(27)
9. 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу?(30)
10. Санды сол санның өзіне бөлсе..(1 шығады).

2 топ «Тапқырлар»

1. Қосудың нәтижесі қалай аталады?
2. 1 ғасырда неше жыл бар?(100)
3. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.(98)
4. Периметрді қалай табамыз?( Барлық қабырғаларын қосамыз)
5. Мектептегі 10 минут?(Үзіліс)
6. Қыс айларының алғашқы айы қандай?(Қаңтар)
7. Бөлу амалының компанеттерін ата?
8. 3 пен 7 - нің көбейтіндісі?(21)
9. 5 машина мен 4 велосипедтің дөңгелектері нешеу? (28)
10. Кез келген санды бірге көбейткенде...(Сол санның өзі шығады).

VII кезең. «Қорытынды».

Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қортындысы сұралады.








Қарақұм орта мектебі мемлекеттік мекемесі
















«Білгір математиктер»

6-сынып оқушылары арасында сайыс сабақ












Математика пәні мұғалімі Орахова С.А.








2016 жыл



© 2010-2022