«Параллелепипед» тақырыбын оқытуда жобалау әдісін қолдану тәжірбиемнен

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Параллелепипед» тақырыбын оқытуда жобалау әдісін қолдану тәжірбиемнен.«Параллелепипед» тақырыбын оқытуда жобалау әдісін қолдану тәжірбиемнен.«Параллелепипед» тақырыбын оқытуда жобалау әдісін қолдану тәжірбиемнен.«Параллелепипед» тақырыбын оқытуда жобалау әдісін қолдану тәжірбиемнен.«Параллелепипед» тақырыбын оқытуда жобалау әдісін қолдану тәжірбиемнен.«Параллелепипед» тақырыбын оқытуда жобалау әдісін қолдану тәжірбиемнен.«Параллелепипед» тақырыбын оқытуда жобалау әдісін қолдану тәжірбиемнен.«Параллелепипед» тақырыбын оқытуда жобалау әдісін қолдану тәжірбиемнен.«Параллелепипед» тақырыбын оқытуда жобалау әдісін қолдану тәжірбиемнен.«Параллелепипед» тақырыбын оқытуда жобалау әдісін қолдану тәжірбиемнен.«Параллелепипед» тақырыбын оқытуда жобалау әдісін қолдану тәжірбиемнен.







Тақырыбы:
«Параллелепипед» тақырыбын оқытуда жобалау әдісін қолдану тәжірбиемнен.



Баяндамашы математика
пәнінің мұғалімі: Ереева М.С
























2015 оқу жылы



Жоспар:
І. Кіріспе
«Параллелепипед» тақырыбын оқытуда жобалау әдісін қодану тәжірбиемнен
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Параллелепипед. Параллелепипедтің негізгі ұғымдары мен элементтері.
2.2. Көлбеу параллелепипед, тік параллелепипед және тік бұрышты параллелепипед
2.3. Параллелепипедтің қасиеттері.
2.4. Параллелепипед тақырыбына есептер шығару.
ІІІ. Қорытынды.










Америка психологы Бенжамин Блум (1913-1999) 1956 жылы алты деңгейден тұратын ойлау біліктілігінің саралануын (классификациясын) жасап шығады. Оны Блум таксономиясы деп атайды. Блум таксономиясын төмендегідей үшбұрыш ретінде бейнеленген.

«Параллелепипед» тақырыбын оқытуда жобалау әдісін қолдану тәжірбиемнен.

Оқытудың жобалау әдісі
Әлеуметтік табиғи ортамен жанама өзара әрекеттесу процесінде стандартты емес жағдайларда алынатын білім мен біліктердің қолдануы жобалау әдісі негізінде ұйымдастырылуға болады.Оқытудың бұл әдісі ХХ ғасырдың басында АҚШ-тың ауыл мектептерінде пайда болған.Осы кезден бастап әлемнің көп елдерінде сәтті қолдана бастады.
Жобалау әдісі - ұғынықты толық нәтижемен аяқталатын, балалар анықтаған немесе педагог ұсынған мәселені тиянақты өңдеу арқылы дидиктикалық мақсатқа жеткізу әдісі.
Жобалау әдістерінің маңызды мақсаттарының бірі - оқу мен практиканың дидактикалық принциптерін жүзеге асыру болып табылады.
Мұғалім оқушылардың жоба мақсаты мен проблемасын меңгеруін және түсінуін қамтамасыз ету әрекетін өзіне алады. Мұғалім оқушының өмірлік тәжірбиесіне сүйеніп, нақты жағдайды көре білуге мүмкіндік беретін жобалау іс-әрекет «Лездік», миға шабуыл т.б сипаттарда өткізуі керек. Жобалау жұмысын ұйымдастыру сабақпен шектелмейді, сондықтан да сабақ және сабақтан тыс интеграцияда қарастырылады.
Жобалау әдісі келесі бағыттағы педагогикалық міндеттерді шешу үшін қолданылуы мүмкін:
- баланың ББД-дың практикалық мәнділігін ұғыну жағдайында меңгеруі;
- оқушының өздігінен жеке және топтық іс-әрекет әдістерін меңгеруі;
- оқушының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- оқушылардың кәсіптік таңдауына бағыт беруі;
Жобадағы басым міндетке қарай, олар келесі түрде жіктеледі: ізденістік, жіктеушілік, шығармашылық, қолданбалы,зерттеушілік. Жоба нәтижесін қандай әдіспен алуға болатындығын оқушының өзі анықтайды.
Жеке жобаларды орындағанда топтық қатынастар болады.
Жобаның орындалу ұзақтығына қарай: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.
Мен не істегім келеді? Менің жұмысымның нәтижесі не болады? Бұл кезеңде жобаның тақырыбын саптауға мүмкіндік болады?
Келешек жұмысты жоспарлау. Мұнда балаларға келесі сұрақтар қойылады: Ұсынылған тақырыптың шешімі қандай? Оларды қанша уақытта шешу керек? Әрбір міндетті шешуге кім жүктеледі?
Жобаны қорғау мұғаліммен жеке кеңес түрінде немесе дөңгелек үстел түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.Жобаны қорғау процедурасы қарастырылады:
1. Жоба жасаған адамның жоба туралы қысқаша түрде сипаттама беруі.
2. Жарияланған жұмыстың орындалу барысы.
3. Практикалық (техникалық) - жобаның кезеңдік орындалуы, аралық нәтижелердің бағалануы , жұмыс барысын талдау, қажет түзетулердің енгізілуі.
Сонымен, жобалау әдісі - оқушының өз алдына жеке мәселе алып және оны шешетін білім беру жағдайларын ұйымдастырудағы өзіндік іс-әрекетін сүйемелдеу технологиясы. Оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай жобаны жасау және талдау іс-әрекетін өз беттерімен жүргізе алмайды.


Параллелепипед тақырыбын оқытуда жобалау әдісін қолдану.
Параллелепипед тарауын тақырыптары бойынша төмендегідей 4 блокқа бөлуге болады:
1-блок: Параллелепипед. Параллелепипедтің негізгі ұғымы мен элементтері.
2-блок: Көлбеу параллелепипед тік параллелепипед және тік бұрышты параллелепипед.
3-блок: Параллелепипедтің қасиеттері.
4-блок: Параллелепипед тақырыбына есептер.

Жобаны жүзеге асыру кезеңдері:
1.Жобаны орындауға дайындық кезеңдері:
Жобаның мақсаты мен міндеттерін түсіндіре отырып, оқушылармен жеке ерекшеліктеріне назар аударып, олардың қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарай 5-6 оқушыдан топтарға бөлемін. Әрбір топ өздерінің жұмыс дәптерін дайындайды.
2. Жұмысты жоспарлау.
Оқушыларды күнтізбелік тақырыптық жоспарымен және қажетті ақпарат көздерімен таныстырамын. Жұмыс топтары әрқайсысы өздерінің жұмыс жоспарын - мұғаліммен кеңесе отырып реттейді және құрастырылады. Әрбір топ мүшелерінің қызметтерін бөліседі.
3. Ақпараттың ізденіс кезеңдері.
Әрбір топ оқушылары қажетті мәліметерді ғылыми әдебиеттер мен Интернет жүйесінен іздеп тауып, дайындайды және талдайды. Оқушылар проблеманы шешу жолдарын тауып, эксперименттен өткізіп, өздеріне параллелепипед тақырыбы бойынша жаңа білім негіздерін қалыптастырады. Мұғалім (вариативтік сағаттар шеңберінде) консультациялар өткізіп, әрбір топтың жұмыстарын орындауын қалыптастырады, оқушылардың белсенділігі мен нәтижелігін бағалайды.

4.Нәтижені қорытындылау.
Әрбір топ оқушылары табылған мәліметтерді талдап, таңдап, қорытындылап, пән мұғалімдерімен кеңесіп, нәтижені сипаттап презентация жасауға (жобаны қорғауға) даярлық жасайды.
5 Презентация (жобаны қорғау)
Оқу жылының аяғында кезеңде әрбір топтың жасаған жұмыстары туралы есеп талқыланады. Оқушылардың әр топтың жасаған жұмыстарының қорытындысы шығарылып, мұғалім мен басқа топ оқушылары тақырыптың мазмұны негіздері бойынша және қиындығы жоғары есептердің шығарылу жолдары туралы сұрақтар қойылып, жауаптар алынады.
6. Жоба жұмысының нәтижесін және қорытындысын бағалау.
Сынып жұмысын бағалау үшін төмендегі кестені толтыру керек.
Әрбір оқушы өздерінің топтағы жұмысының қорытындысын бағалайды.
Соңында, мұғалім әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, қорытынды баға қояды. Қорытынды да, мұғалім оқушылар жұмысының нәтижесіне тоқталып, әрқайсысының жетістіктерін атап өтеді. Осыған сәйкес оқушылар жоба жұмыстарын жоғары сыныптарда жалғастырады. Презентацияда және жұмыстарды қорытындылау да көрермендер (мұғалімдер, ата-аналар, басқа сынып оқушылары) шақырылады.
1 блок: Параллелепипед. Негізгі ұғымдары мен элементтері.


«Параллелепипед» тақырыбын оқытуда жобалау әдісін қолдану тәжірбиемнен.

1. (Теориялық тапсырма) Параллелепипедтің анықтамасын беріңдер және жұмыс дәптеріңе жазыңдар.
2. (Практикалық тапсырма) Картон қағазын екі бірдей параллелограмм қиып алыңдар. а) 3 см, 4 см, 5 см, 2 см б) 4 см, 4 см, 4 см, 4 см в) 4 см, 4 см, 5 см, 5 см, 4 см. Иілгіш сым таяқшаларымен осы параллелограмдар арқылы параллелепипед құрастырыңдар. Қандай қорытынды жасауға болады?

«Параллелепипед» тақырыбын оқытуда жобалау әдісін қолдану тәжірбиемнен.
3. (Теориялық сұрақтар) Осы параллелограмдардан төбелерін қосып тұратын сым серіппелерді қалай атауға болады? Олардың ұзындықтары өзара қалай болуы керек? Оларды қалай атар едің?
4. Параллелепипедтің жақтары, төбелері деген не?
а) Параллелепипедтің неше жағы және төбелері бар?
б) Параллелепипедтің қарама-қарсы жақтары, қарама-қарсы қырлары деген не?
в) Параллелепипедтің диагоналі дегеніміз не?
2 блок: Көлбеу параллелепипедтік параллелепипед және тік бұрышты параллелепипед.

«Параллелепипед» тақырыбын оқытуда жобалау әдісін қолдану тәжірбиемнен.


1. (Практикалық тапсырма) Осы серіппе сымдарды а) табан жазықтығына перпендикуляр етіп; б) табан жазықтығына көлбеу етіп орналастырыңдар. Әр жағдайда параллелепипедті көрер едің?
2. (Практикалық тапсырма) Кардон қағаздан екі бірдей тік төртбұрыш қиып алдыңдар да, алдыңғы серіппе сымдар арқылы параллелепипедтер құрастырыңдар?
3. Параллелепипед тік бұрышты болуы үшін оның жақтары үшін қандай шарт орындалуы керек?
4. Тік бұрышты параллелепипедтің табандарын, жақтарының, қырларын, төбелерін көрсет.
5. Көлбеу параллелепипед , тік параллелепипед және тік бұрышты параллелепипедті көрсет.













ІІІ блок. Параллелепипедтің қасиеттері.

«Параллелепипед» тақырыбын оқытуда жобалау әдісін қолдану тәжірбиемнен.
1. Жұмсақ иілгіш сым алып параллелепипедтің қарама-қарсы төбелерін қосыңдар. Неше диагональ жүргізуге болады?
2. Диагональдарының қиылысу нүктелерін иіп, беттестіріңдер. Қандай қорытынды жасауға болады?
3. Параллелепипедтің диагональдарының қасиетін жұмыс дәптерлеріңе дәлелдеңдер.
4. Параллелепипедтің диагональдарының квадраттары туралы теореманы дәлелдеп, жұмыс дәптерлеріңе орындаңдар.

«Параллелепипед» тақырыбын оқытуда жобалау әдісін қолдану тәжірбиемнен.

Проблемалық тақырып сұрақтар.
1. Параллелепипедтің анықтамасын оның табандарына орналасуына қандай шарт қояды?
2. Практикалық тапсырма. Өзінің түсінігімен параллелепипед пішінді заттарға 10 мысал тізіп жаз.
3. Параллелепипед формалы нәрсені алып, түрлі түсті қағаздармен элементтерін көрсетіп қапта.
4. Әртүрлі болатындай бірнеше параллелепипед жаса, кардон қағазды пайдалан.
5. Жұмсақ сыммен бірнеше параллелепипед жаса.
6. Проблемалық сұрақ. Параллелепипед моделін жасауда қай элементі көп роль атқарады деп есептейсіз?
7. Практикалық тапсырма. Параллелепипедтің жазбасын жаса.
8. Параллелепипед ұғымынан жалпы түсінік беретін схема таблица жаса.
9. Жұмыс дәптерімен жұмыс схеманы, параллелепипедтің негізгі және жалпы түсініктеріңді жаз.
10. Параллелепипедке қатысты анықтамаларды түгел анықтамалар бөліміне жаз.

IV блок: Параллелепипед тақырыбына есептер.
1. Төртбұрышты дұрыс призманың табанының аудан 144 см, ал биіктігі 14 см. Призманың диагоналын табыңдар?
2. Берілген үш өлшемі 5 см, 11 см, 8 см, бойынша тікбұрышты параллелепипедтің толық бетін есепте.
3.





а=5, в=16 , с=12 V=?
4. Өлшемдері 30х30х30 тіктөртбұрышты бак сумен толтырылған. Оған қанша литр су құйылады?
5. Тік параллелепипедтің диагоналі 8 м, 10 м табан қабырғасы 5м ,4 м. Көлемін тап.
6. Көлбеу параллелепипедтің табаны және бүйір жағы тіктөртбұрыш. Олардың аудандары 20 және 24, ал олардың арасындағы бұрышы 300 . Үшінші бүйір жағының ауданы 15. Көлемін тап.
7. Екі тікбұрышты параллелепипедтің табандары мен диагональдық қималарының аудандары шамалас. Параллелепипедтің көлемдері бірдей бола ма?



© 2010-2022