Ауызша есептеу арқылы оқушылардың логикалық ойлауларын жетілдіру

Раздел Математика
Класс 3 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарағанды қаласы №41ЖББОМ

Какенова Даметкен Мугдариевна бастауыш сынып мұғалімі

Математика шеберлік сабағы

3 «Ә»сынып

Сабақтың тақырыбы: Ауызша есептеу арқылы оқушылардың логикалық ойлауларын жетілдіру.

Сабақтың мақсаты:1. Оқушылардың математикаға қызығушылықтарын, ынтасын, зейінін, ойын элементтері арқылы арттыру.

2.Ой өрісін кеңейту,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: Брейн-ринг.

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілігі: Планшет, слайдтар, қоңырау (сигналдық белгі үшін)

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал туғызу. Оқушыларға сәттілік тілеу.

Математика - ақыл- ой гимнастикасы. Ендеше ой гимнастикасын жасайық.

«Доп» арқылы ауызша бірнеше амалдар орындау.

Математика - ермек емес балалық,

Математика - көрегендік, даналық.

Математика - құрметтеуге лайық,

Кел, балалар, мұны жақсы ұғайық! -дей отырып бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

-Бүгінгі шеберлік сабағымыз бәрімізге таныс ойынның бір түрі «Брэйн-ринг» түрінде болмақ. Яғни жарыс түрінде өтеді. Бұл ойынды оқушылар үш топқа бөлініп ойнайды. Бұл ойын бірнеше рингтен тұрады.

- Әр топ сабақ соңында өздерінің ұпай сандарына байланысты атқа ие болады.

«Тапқырлар» «Ойшылдар» « Алғырлар»

Әр бір дұрыс жауаптарға геометриялық фигуралар беріледі (әр топқа).

1-ринг. Бәйге. 1. Есепте. Артық өрнекті тап

67 - 42 = 25

32 - 7 = 25

75 - 50 = 25

89 - 65 = 24 артық өрнек

58 - 33 = 25

46 - 21 = 25

2-ринг. «Шапшаң есепте». 1. Ойлан, тап

(Жауабы: үшбұрыш - 2, төртбұр - 4, дөңгелек - 3)

12 = 3 * 2 * 2

12 = 3 * 4

24 = 2 * 2 * 2 * 3

24 = 2 * 3 * 4

2. «Қызықты қоршаулар»

95 = 48 + (32 ) + 15

95 = 48 + (34) + 13

95 = 13 + (67) + 15

100 = 34 + 39 + 2

100 = 34 + 10 + 56

100 = 56 + 17 + 27

90 = 57 + 11 + 22

90 = 57 + 12 + 21

90 = 21 + 47 + 22

3-ринг. «Кім жылдам?». Ауызша есептеу.

72 : 8 * 4 + 6 : 7 = (6) 81: 9 * 6+18 : 8 = (9) 63 : 7 * 6 + 18 : 8 = (9)

4-ринг. «Тапқырлыққа тапсырмалар». (сергіту сәті )

Мына суреттерде қанша үшбұрыштар, қанша төртбұрыштар бар?

(адам, үй, күшік бейнесі)

Қатынасушылармен жұмыс: «Сиқырлы шаршылар»

-5 таяқшаны қалай ауыстырғанда 2 шаршы шығады?

5-ринг. «Заңдылығын тап»

Нәтиже 100 болатындай, 5 5 5 5 цифрларының арасына жақшалар мен амалдар таңбасын қой. Жауабы: (5+5) *(5+5) = 100

6-ринг. Математикалық жекпе-жек

Сандар қатарын жалғастыр: 7 14 21 ... (28, 35, 42,49, 56,63,70)

8 16 24 ... (32,40, 48,56,64,72,80)

9 18 27 ... (36, 45,54,63,72,81,90)

7-ринг. «Ойлан, тап».

-1 үлкен және бірдей 4 кішкене шаршы алу үшін, 3 таяқшаны қалай жылжыту керек?

-Сызбада неше шаршы бар? Екі таяқшаны ауыстырып, 3 бірдей шаршыны қалай алуға болады? 2 таяқшаны қосып, қалай 4 бірдей шаршы алуға болады?

Қорытынды кезең. Әр топ жетекшісі өздерінің ұпай сандарын есептеп шығарады да топ аттарына ие болады. Топтарға қошемет көрсету.

Оқушылар білімін мадақтау

Қиын есеп оңай - ақ шығар,

Миды егер шынықтырсаң.

Жеңімпаздар алға озар,

Математиканы болса ұғар.










© 2010-2022