Презентация внеклассного мероприятия М. И. Ф

Раздел Математика
Класс 9 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Қасиетті жеті

Мақсаты: Жеті санына қатысты қасиетті ұғымдарды пайдаланып, халықтық педагогика негізінде математика білімдерін көтеру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Тез есептеудің әдістерін көрсету арқылы есептеу дағдыларын дамыту, математиканың жұмбақта қызықты есептерімен таныстыра отырып, ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: плакат, слайд, проектор, қима қағаздар

Әдісі: Сыныпаралық сайыс

Қатысатын сыныптар: 5-9-сыныптар

Барысы:

Жүргізуші:Сәлеметсіздерме құрметті мұғалімдер мен оқушылар! Сіздерді өткен 16 желтоқсан «Тәуелсіздік күнімен» құттықтаймын! Шығыс елдерінде 7 санын әсіресе құрметтеген, жер дүниені 7 мен белгілеген.

Вавилондықтардың сенуі бойынша жер астындағы жұмаққа жету үшін негізгі жеті қақпадан өту керек деп пайымдаған.

Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,

Есеп-қисап, сан цифр термек үшін.

Көрсетіп есептеудің жолын қалай,

Келдім оларды айтып бермек үшін-деп «Қасиетті жеті» атты сайысымызды бастаймыз.

Әділқазылар алқасын сайлау

І. Топтардың амандасуы (Топтың аты, ұраны, киімі)

ІІ. Есепке кім жүйрік.

Жеті шал келе жатыр. Әрқайсысының жеті балдағы бар, әр балдақта жеті бұтақ бар, әр бұтақта жеті дорба бар, әр дорбада жеті самса бар, әр самсада жеті торғай бар. Барлық торғай қанша? (117649)

0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 осы цифрлардан сан құрастыр және де ол санды 2 көбейткенде де осы цифрлардан құралатын сан шығу керек. Ол қандай сан?

(4 938 271 605. Егер оны 2 көбейтсек, 9 876 543 210 шығады.)

ІІІ.Жұмбақ жарыс

1 топ

2 топ

  1. Бірдей санды бірнеше рет,

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

қандай атау болады. (Дәреже)

  1. Егіз туған қос жүйрік,

Жарыса шауып терлейді.

Бірін-бірі көрмейді,

Дамылсыз қанша шапсада

Бір мәреге келмейді. (Параллель түзулер)

  1. Оң сандарға қол шатырдай,

Қалпақ болған беделі,

Квадраттасаң егер оны,

Жоғалтасың сен оны. (Квадрат түбір)

  1. 12 бұтағы бар алып емен.

52 шыбық тарап, өсіп өнген.

Шыбық сайын 7-ден жапырағы,

Бар ма еді, сондай ағаш көзін көрген. (1 жыл, 12 ай, 52 апта, 7 күн)


  1. Күшіне сенген бір мықты,

жығып салыпты сегізді. (Шексіздік)

  1. Айналған шешу құралына,

Төрт саны араласқан құрамына,

«Теңдеудің түбірлері нешеу» -деген

Қандай сан жауап береді сұрағыма? (Дискриминант)

  1. Атадан он баламыз

Бір-бір жастан арамыз,

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейіп те аламыз. Ол не? (0мен 9 арасындағы сандар)

  1. Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай. (Натурал сандар)

IV. Үй тапсырмасы (Өз өнерлерін көрсету)

V. Презентация қорғау ( әр топқа «Жеті қазына» және «Жеті жарғы» тақырыбында презентация жасау керек)

VІ. 1) Кім шебер?

Бір-бірінен үзбей бес геометриялық фигура қиып көрсет

Көрермендер сайысы

Дүкеннен мен сабын алдым

Оның және қабын алдым

Екі дәптер бір қарындаш

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша боды қолда бары? (6)

Бір-бірімен жарысқа,

Төрт аю, бір арыстан.

Екі қой мен бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді? (8)

Түйе, бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан,

Шұнақ құлақ бір ешкі,

Қос лақты қос ешкі,

Төрт қозы мен екі қой

Бәрі қанша ойлап қой? (15)

Түйе, бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан,

Бие бар құлын емізген,

Қос ешкі туған егізден.

Үш қозы мен екі қой

Бәрі қанша ойлап қой? (15)

VІІ. Логикамыз қалай?

  1. Егер Азамат атлетикада жарыста алдынан 25-ші орын алса, артынан да 25-ші орын алса, жарысқа барлығы қанша адам қатысқан? (49)

  2. Суретші мектеп бөлмелерін номерлеуге тиіс. Бөлме саны 100 болса, қанша рет 9 цифрын жазу керек (20)

  3. Банканың түбінің жартысы үстелде, екінші жартысы ауада тұр. Банка жарты сағаттан кейін құлайды. Не себепті және банканың ішінде не бар? (Мұз)

  4. Бұл жүмбақты 1 сынып оқушысы 5 минутта, жоғарғы сынып оқушысы 15 минутта, студент 1 сағатта шешеді. Жұмбақты шешіңдер: беүтбажсто (1,2,3,4,5,6,7,8,9,10)

  5. Ат аттың үстінен қандай жағдайда секіріп өтеді? (шахматта)

  6. Мысық-3, ат-5, әтеш-8, есек-2, ит-? (3-гав)

VІІІ. Әділқазылар алқасының шешімін тыңдау

ІХ. Рефлексия

Өлең құрау

..........................................алады

..........................................болады.

.......................................................

..........................................қалады.










Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі










Математикалық сайыс

Қасиетті

7









Өткізген: Темирбек Е.

Бекмагамбетов А.









Қырық құдық ауылы орта мектебі 2015 жыл

© 2010-2022