«Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі»

Тақырыбы: «Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі» Мақсаты: 1)  Оқушыларға екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесін шеше білуді үйрету;                2) Оқушыны алғырлыққа, табандылыққа, ойшылдыққа,                    жетістікке жетуге жолдастық пен достыққа, өзін-өзі                      тәрбиелеуге үйрете отырып тәрбиелеу.                3) Оқушының адамгершілік қасиеттерін, логикалық ойлауын,                     өмірге деген көзқарасын, дүниетанымын дамыту; теңд...
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: «Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі»

Мақсаты: 1) Оқушыларға екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесін шеше білуді үйрету;

2) Оқушыны алғырлыққа, табандылыққа, ойшылдыққа,

жетістікке жетуге жолдастық пен достыққа, өзін-өзі

тәрбиелеуге үйрете отырып тәрбиелеу.

3) Оқушының адамгершілік қасиеттерін, логикалық ойлауын,

өмірге деген көзқарасын, дүниетанымын дамыту; теңдеулер жүйесін пайдалана білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: ойын элементтерін қолдану арқылы дамыта оқыту.

Көрнекілігі: слайдтар, үлестірмелер, интерактивті тақта, Қазақстанның географикалық картасы, магниттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: сәлемдесу, сыныпты ретке келтіру, сабақ мақсатымен таныстыру;

«Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі» Оқушыларды екі топқа бөліп, сайыс барысымен таныстыру.Сабаққа кіріспес бұрын психолгиялық дайындық жүргізу. (математикалық жұмбақ шешу)

Бір шеңберді бір шеңбер

Көтеріп тұр білсеңдер.

Бұл қандай сан? /сегіз/

Бүкірлеумін, имекпін,

Мойынындай үйректің.

Сабағыңды білмесең,

Мені аласың күнде сен.

Бұл қандай сан? /екі/

Балғасы жоқ орақпын,

Бедел-бағым зор-ақ тым.

Бұл қандай сан? /бес/

ІІ. «Кім жылдам?»

Мұнда екі топ оқушылары теңдеулер жүйесіне берілген үлестірмедегі есептерді шығарады. Қай топ бірінші шығарса, сол топқа ұпай қосылады. (1 есеп 5 ұпай)

«Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі»«Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі»«Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі»«Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі»

Жауаптары: 1) (5; 2), (2; -1); 2)(7; 2); 3) (1; 11), (11; 1); 4) (-5; 1), (-7; -3).

ІІІ. «Тапқыр болсаң, шешіп көр!»

Бұл турда ұпайы көп топтан бастап ұяшықтағы берілген қалаларды таңдау арқылы онда берілген мәтін есептерге теңдеулер жүйесін құрып, шешу керек. Есеп шешуін сәйкес қаланы картадан тауып, орналастыру қажет.

1) Астана: Цифрларының айырымы 5-ке, ал көбейтіндісі 14-ке тең екіорынды санды табыңыз. Жауабы:72 саны.

2) Алматы: Екі санның квадраттарының қосындысы 65-ке тең. Олардың айырымы 3-ке тең. Сол санды табыңдар. Жауабы: 4 және 7

3) Атырау: Тіктөртбұрыштың периметрі 26 см, ал ауданы 42 см2.Тіктөртбұрыштың қабырғаларын табыңдар. Жауабы:7 см, 6 см.

4) Өскемен: Екі экскаватор жер қазу жұмысын бір мезгілде бастап, оны 4 сағатта бітірді. Бірінші экскаватор жеке өзі бұл жұмысты екіншіге қарағанда 6 сағат кеш аяқтайды. Осы жұмысты бітіру үшін әр экскаваторға қанша уақыт қажет болады? Жауабы: 12 сағ, 6 сағ.

ІҮ. «Артық, кемін анықта»

Бұл турда оқушылар слайдта жауаптарымен берілген теңсіздіктер жүйесін шешіп, дұрыс жауаппен сәйкестендіру керек.

«Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі»

Жауаптары: 1) - Б; 2) - А; 3) - В; 4) - Ә.

Ү. «Белгілерден жаңылма»

Слайдта аралықтар мен координаталық сан түзуінде көрсетілген теңсіздіктер бойынша дұрыс белгілеуді табу керек.

ҮІ. Теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі бойынша ҰБТ-те кездесетін есептерді шығарып көрсету:

«Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі»теңдеулер жүйесін шешіп, 12ху+6х+6у өрнегінің мәнін табыңдар.

Шешуі:

«Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі»

«Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі» Жауабы: -3.

ҮІІ. Қорытындылау, бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма: қосымша есептер



«Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі»


«Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі»



«Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі»




(аудандық математика мұғалімдерінің семинары)

(9-сынып)


Өткізген: Бірлестік орта мектебінің

математика пәні мұғалімі

Азатхан Маржангүл.

«Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі»


© 2010-2022