Презентация на казахском языке Оқушыларды математика пәніне қызықтыру

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«№21 орта мектебі»



Математикалық сайыс



«Ғажайып математика»

6 а, б сыныптар арасында математикалық сайыс








2015-2016 оқу жылы

Сабақ тақырыбы: Математикалық сайыс «Ғажайып математика»

Сабақ мақсаты:

Білімділік:

Математикадан білімдерін толықтыру, математика пәніне деген қызығушылықтарын ояту

Дамытушылық:

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қaбілетін, белсенділіктерін, сөздік қорын, сөйлей білу, өз тұжырымын дәлелдей білу іскерлігін дамыту

Тәрбиелік:

Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, жауaпкешілікке тәрбиелеу

Сабақ көрнекілігі: слайдтар,интерактивті тақта, жеке тапсырмалар.

Іс-шара түрі: дәстүрлі емес ойын сайыс, топтық жарыс

Жоспары:

1.Топтарды таныстыру.

2. «Білімді бірді жығады,білімді мыңды жығады» атты топ мүшелері арасындағы сайыс.

3. «Кім тапқыр» жұмбақ сайысы (жанкүйерлер арасында)

4. «Біліміңді сынап көр»капитандар арасындағы сайыс.

5. «Тіліңмен жүгірме,біліміңмен жүгір» сайысы

6. «Ой толғау» сайысы

Құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер! Бүгінгі «Ғажайып математика» тақырыбындағы ойынымызда 6 А,Б сыныбының оқушылары білімдерін сынамақшы. Ортадағы топтармен таныстыра кетейік: «Жас қанат» мен «Талант».

Ойынымызға төрешілік жасайтын әділқазылармен таныстыра кетейік. Ойынымыздың бірінші бөлімі топтардың таныстыруы.

Презентация на казахском языке Оқушыларды математика пәніне қызықтыру

Екінші бөлім: «Білімді мыңды жығады,білекті бірді жығады» атты топ мүшелері арасындағы сайыс. Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.

1-топқа:

1.Дөңгелектің радиусы 3 см ,ауданы неге тең?

2. х-ті тап Презентация на казахском языке Оқушыларды математика пәніне қызықтыру

3.Шеңбердің диаметрі 6см болса, шеңбер ұзындығы неге тең?

4.Теңдеуді шеш. Презентация на казахском языке Оқушыларды математика пәніне қызықтыру

5.Ықшамда. 1,4 (а+6)+ 3,2 (2 + а)Презентация на казахском языке Оқушыларды математика пәніне қызықтыру

6.Жеңіл машина екі қаланың арасын 95км/сағ жылдамдықпен 1,2 сағ жүреді.

Автобус екі қаланың арасын 57км/сағ жылдамдықпен неше сағатта жүреді?

7.Асан 2 сағатта 12 балық аулады ,ол 3сағатта неше балық аулады?

2- топқа.

1.Шеңбердің радиусы 4см болса, шеңбер ұзындығы неге тең?

2. у-ті тап Презентация на казахском языке Оқушыларды математика пәніне қызықтыру

3. Дөңгелектің радиусы 6 см болса ,ауданы неге тең?

4.Теңдеуді шеш. Презентация на казахском языке Оқушыларды математика пәніне қызықтыру

5.Ықшамда. 2,2 (а+3)+ 1,5 (3 + а)Презентация на казахском языке Оқушыларды математика пәніне қызықтыру

6.Су 4 құбырдан қатар ақса, хауыз 30 минутта толады. Су сондай мөлшермен 3 құбырдан қатар ақса, хауыз неше минутта толады?

7.Токарь 45 минутта 9 бөлшек дайындайды,ол 14 бөлшекті неше минутта дайындайды.

Көңілді ойын жасайық

Жұмбақ шеруін шашайық.- деп жанкүйерлер арасында «Кім тапқыр»сайысына кезек берейік.(Жұмбақтың ұпайын өз тобына қосады)

Тапқыр болсаң, алдағыны басып оз,

Тапқырболсаң,арттағыныжеткізбе!
Тапқыр болсаң, тайғанама, құлама,

Тапқыр болсаң, бөгеттерді бұзып өт!

Жұмбақтар.

1)Бір үйде тұрады екен 50 батыр,

Үй сыртына сүйкенсе-ақ өліп жатыр.

2)Жақсыменен тең көрген ,

Ата-ана да жөн көрген

Орындықпен төңкерген.

3)Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім

Қырық екі дос-жаран.

4)Доп емес , дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым

Фигура ол ең негізі,

Дәл жауапты қостадым.

5)Қос құлақты жүз тісті,

Жүзінен бірақ із түсті.

6)Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек.

Шіңкілдек жүр шіңкілдеп.

Сенімен бірге жүрем деп.

Әр тоңқылдаққа діңкілдеп,

Тоңқылдақ жүр күңкілдеп.

7) Ол оқушы құралы,

Қатеңді түзеп тұрады.

Төртінші бөлім «Біліміңді сынап көр» сайысына капитандарды шақырамыз.

(Әр капитанға бөлек тапсырмалар беріледі)

Капитандарға тапсырма.

1) х-ті тап.

Презентация на казахском языке Оқушыларды математика пәніне қызықтыру

2)Жұмбақ.

Жоқ өзінде баста, қаста, мойында,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

Капитандарға тапсырма.

1) х-ті тап.

Презентация на казахском языке Оқушыларды математика пәніне қызықтыру

2) Айқасқан екі таяқ ,тұрады жоқты сұрап.

«Тіліңмен жүгірме,біліміңмен жүгір» топтық сайысына кезек берейік.

(ережені жалғастыру)

1-топқа

1)Екі қатынастың теңдігі-

2)Масштаб дегеніміз-

3)Ең кіші натурал сан-

4) Тура пропорционал шамалар-

5)Неше цифр бар-

2-топқа

1)Екі санның бөліндісі-

2)Санағанда қолданылатын сандар-

3)Әріпті өрнек деп-

4)Кері пропорционал шамалар-

5) 2-ге бөлінетін сандар-

Сұрақтарға ұлағатпен қараңдар ,

Ойларыңды ептілікке ораңдар.

Бір сұраққа тереңірек мән беріп,

Ең шешендер ой толғайды , жарандар.

«Ой толғау» сайысына кезек берейік.(екі топқа сұрақтар қойылады)

Сұрақтар:

1.Жанұяда 3 ұл бар .Әр ұлдың бір апасы бар.Жанұяда неше бала бар?

2. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 мин кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше мин кетеді?

3. Екі аяғымен түрегеліп тұрған адамның салмағы 50кг, ал бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг?

5)Ғасырдың жартысы неге тең?

6) Бір таяқ бірін-бірі кеседі,

Бұл таңбамен ұпайың да өседі.

7) Тетігін бассаң ,алаңсыз,

Жазады қалам, қағазсыз. (компьютер)

8) Алманың жартысы неге ұқсас?

9) Екі бас, екі қол, алты аяқ, бірақ төрт аяқ қана жүріп келеді. Бұл не?

10) Үш таяқтың неше ұшы бар?

Әділ қазылар жеңімпаз топты анықтайды. 1 және 2 орын алған топтарды марапаттау.

Құрметті оқушылар және көрермен қонақтар! Бүгінгі сайсымызға қатысып тамашалағандарыңызға көп рахмет, келесі кездескенше қош сау болыңыздар.



© 2010-2022