Жай бөлшектерді салыстыруға есептер шығару (5 класс)

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспар

Пән мұғалімі

Кушимова Индира Дуйсенбиевна

Күні

11.01.2016

Пәні

Математика

Класы

5 «г» «а» «в»

Сабақтың тақырыбы

Жай бөлшектерді салыстыруға есептер шығару

Сабақтың мақсаты

  1. Оқушыларға жай бөлшектерді салыстыруды меңгерте отырып, есептер шығаруды үйрету

  2. Танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  3. Өзара ынтымақтастыққа , қайырымдылыққа, жылдамдыққа, алғырлыққа баулу.

Күтілетін нәтиже

  1. Оқушылар жай бөлшектің негізгі қасиетін меңгереді, есептер шығара алады.

  2. Танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы іс-әрекет

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе


  1. Амандасу: Тренинг: Тыныштық сәті «Күннің нұры»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңізді орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын немесе таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіздер. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы желерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызда, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсылыққа қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпты сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

  1. Топқа бөлу: 1,2,3

  2. Үй тапсырмасын тексеру (үй тапсырмасын жауабын айту арқылы тексеру)

Жарайсыңдар

Үш шапалақ

Жаңа материалдың таныстырылымы


  1. Блум түймедағы:

  1. Білу. Тапсырмаларды орындау арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру. Өткен тақырып бойынша сұхбат пікірталасын құру.

  2. Түсіну. Мысалдар арқылы жаңа тақырыпты қайталау

  3. Қолдану. Оқулықтағы есептерді шығару.

  4. «Сергіту сәті» қолдарымен жаттығу жасау

  5. Талдау. Топтар есептердің шығару жолдарын талдайды.

  6. Жинақтау. Есептің дұрыс шешімін көршілері тексеру арқылы өздерінің шығарған есептерін салыстырып дұрыс шешімін жинақтау

Смайликтермен

Жетондар арқ

Үш шапалақ

Рефлексия


  1. Білемін
    Білдім
    Білгім келеді?
    Үйрендім

Жиынтық бағалау

Үйге тапсырма

  1. Оқулықтан №957

Не сәтті өтті?



Не сәтсіз өтті?



Нені өзгерткіңіз келеді?

Нені дамыта аласыз





© 2010-2022