Бақылау жұмысы, 5-6 сынып

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бақылау жұмысы, 6 сынып


Тақырыбы: «Қатынас. Пропорция»


І -нұсқа


  1. Қатынасты қысқартыңдар: 1/ 10:6:4; 2/ 12:8:20

  2. Теңдеуді шешіңдер: Бақылау жұмысы, 5-6 сынып

  3. Сыныпта 18 қыз бар. Бұл сыныптағы барлық оқушының 60%-і. Сыныпта барлығы неше оқушы бар?

  4. Ұзындықтары әр түрлі, ендері бірдей екі тік төртбұрыш берілген. Бірінші тік төртбұрыштың ұзындығы 10,2 см, ауданы 51см2. Екінші тік төртбұрыштың ұзындығы 6,8 см. Екінші тік төртбұрыштың ауданын табыңдар.

  5. Жылдамдығы 50км/сағ жүк пойызы екі қала арасын 6 сағат жүрді. Осы аралықты жолаушылар пойызы 75км/сағ жылдамдықпен неше сағат жүреді?

Бақылау жұмысы №1


Тақырыбы: «Қатынас. Пропорция»


ІІ -нұсқа



  1. Қатынасты қысқартыңдар: 1/ 14:21:49; 2/ 25:35:30;

  2. Теңдеуді шешіңдер: Бақылау жұмысы, 5-6 сынып

  3. Бақта 7 жеміс ағашы бар. Бұл бақтағы барлық ағаштардың 35% -ін құрайды. Бақта барлығы неше ағаш бар?

  4. Бірдей уақыт аралығында велосипедші 20км қашықтыққа барғанда мотоциклші 52 км қашықтыққа барады. Велосипедші 25 км қашықтыққа барғанда мотоциклші неше километр қашықтыққа барады?

  5. Станокта сағатына 108 бөлшек даярланса, тапсырма 5 сағатта орындалады. Осы станокта сағатына 60 бөлшек даярланса, тапсырма неше сағатта орындалады?


Бақылау жұмысы, 6 сынып


Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер


І-нұсқа


  1. Есептеп шығар: Бақылау жұмысы, 5-6 сынып

  1. Теңдеуді шешіңдер:

36х-х=15x+60

3(2x-1)+7=5(x-1)+7

-5(z-7)=30-(2z+1)

3. Тура санды теңдіктерді мүшелеп көбейтуді орында:

а/ 3,8-5=-1,2 және 3= 0,6+2,4

ә/ 2:0,4=5 және 18=9:0,5

4.Көгалдандыру үшін екі көше бойына ағаштар отырғызылды. Бірінші көшедегі ағаштар саны екінші көшедегі ағаштар санынан 1,4 есе көп. 13 ағашты бірінші көшеден екінші көшеге ауыстырып отырғызғанда, екі көшедегі ағаштар сандары бірдей болады. Алғашқыда бірінші көшеге неше ағаш отырғызылды, екінші көшеге неше ағаш отырғызылды?


ІІ-нұсқа

  1. Есептеп шығар: Бақылау жұмысы, 5-6 сынып

  1. Теңдеуді шешіңдер: 3х-4-2х=6+2x-4

3(2x-1)+6х=10х-7

-2(х+5)+3=2-3(х+1)


  1. Тура санды теңдіктерді мүшелеп көбейтуді орында:

а/ 2-1,7=0,3 және 4= 1,4+2,6

ә/ 1,8*5=9 және 1,3+2,5=3,8


  1. Бірінші жүйектегі бүлдірген түптерінің саны екінші

жүйектегі бүлдірген түптерінің санынан 2,5 есе артық. Бірінші жүйектегі 12 түп бүлдіргенді алып, екінші жүйекке отырғызғанда, екі жүйектегі бүлдірген түптерінің саны бірдей болды. алғашқыда екінді жүйекте неше түп бүлдірген болды?


Бақылау жұмысы, 5 сынып

«Натурал сандардың бөлінгіштік белгілері»

І - нұсқа

  1. 25; 897; 864; 1244; 3024; 8888; 1991 сандарының қайсысы тақ, қайсысы жұп?


  1. 2485; 1056; 3455; 13484; 20550; 12048 сандарының ішінен 1) 2-ге; 2) 5-ке; 3) 10-ға бөлінетін сандарды теріп жазыңдар.


  1. 1) 9; 3; 6; 2) 2; 3; 7; 3) 2; 7; 9; цифрларының әрқайсысын бір рет қана пайданалып, 3-ке, 9-ға бөлінетін сандар құрастырыңдар.



  1. Натурал санның 2-ге, 3-ке, 5-ке, 9-ға бөлінгіштік белгілерін пайдаланып, дәлелдеңдер.

1) 117, 122, 205, 219 сандарының құрама сандар екенін;

2) 17, 23, 43 сандарының жай сандар екенін.

ІІ-нұсқа

  1. 13; 16; 28; 441; 4345; 4164 сандарының қайсысы тақ, қайсысы жұп?


  1. 262; 8955; 3489; 4580; 8730 сандарының ішінен 1) 2-ге; 2) 5-ке; 3) 10-ға бөлінетін сандарды теріп жазыңдар.


  1. 1) 2; 7; 9; 2) 9; 3; 9; 3) 8; 7; 3; цифрларының әрқайсысын бір рет қана пайданалып, 3-ке, 9-ға бөлінетін сандар құрастырыңдар.


  1. Натурал санның 2-ге, 3-ке, 5-ке, 9-ға бөлінгіштік белгілерін пайдаланып, дәлелдеңдер.

1) 393, 422, 535, 927 сандарының құрама сандар екенін;

2) 67, 89, 103 сандарының жай сандар екенін.




Бақылау жұмысы, 5 сынып

«Ондық бөлшектерді қосу және азайту»

І нұсқа

  1. Бөлінділерді ондық бөлшек түрінде жазыңдар:

27 : 10; 81 : 100; 319 : 100; 919 : 100;


  1. Есептеңдер: 1) 2,83 + 15,2; 2) 45,6 + 7,35;

3) 19 - 5,86 ; 4) 15,7 - 9,95;


  1. Көйлек 2,35 м матадан тігілді, ал жейде одан 1,2 м кем матадан тігіледі. Жейде неше метр матадан тігіледі?


  1. Теңдеуді шешіңдер: х + 7,04 = 14,86


  1. Ондық бөлшектерді салыстырып, тиісінше «Бақылау жұмысы, 5-6 сынып»Бақылау жұмысы, 5-6 сынып

а) 9,86 және 9,09 ә) 8,71 және 8,9 б) 0,3 және 0,30


  1. Жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазып, есептеңдер:


  1. 12,35 +6Бақылау жұмысы, 5-6 сынып; 2) 6,09+ 4Бақылау жұмысы, 5-6 сынып

ІІ нұсқа


  1. Бөлінділерді ондық бөлшек түрінде жазыңдар:

29 : 10; 91 : 100; 461 : 100; 817 : 100;

  1. Есептеңдер: 1) 3,18 + 17,3; 2) 54,8 + 8,25;

3) 18 - 4,15 ; 4) 16,7 - 8,95;

  1. Жол жөндеушілер бірінші күні 4,85 км жолды жөндеді, ал екінші күні одан 1,26 км артық жөндеді. Жол жөндеушілер екінші күні неше километр жол жөндеді?

  2. Теңдеуді шешіңдер: у + 8,03 = 13,56

  3. Ондық бөлшектерді салыстырып, тиісінше «Бақылау жұмысы, 5-6 сынып»Бақылау жұмысы, 5-6 сынып

а) 8,74 және 8,07 ә) 6,85 және 6,9 б) 0,7 және 0,70

  1. Жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазып, есептеңдер:


  1. 18,05 +5Бақылау жұмысы, 5-6 сынып; 2) 6,1+ 3Бақылау жұмысы, 5-6 сынып



© 2010-2022