Баяндама, Ұстаз мерейі

Раздел Математика
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұстаз мерейі

Ұстаз - әлемдегі ең ғажайып мамандық. Алдыңда отырған шәкірттер - ертеңгі ел басқаратын, ғылымның тылсым сырын ашатын немесе ақылдың сырымен суарып кітап жазатын еліңнің ертеңгі қожалары емес пе?! Бала тәрбиесі үлкен өнер.

«Жас ұрпақтың өмірін мәпелеген,

Бір саналар ана менен әкеменен

Мен ұстазбын, бірімін, миллиондардың,

Болашаққа ұрпақты жетелеген.»

Ұстаз - бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Мемлекетіміздің дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар, өзгерістер өмірдің барлық саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде. Білім - адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. Білімін тұрақты көтеріп отыру - мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, Мемлекеттің дамуының құралы болып табылады. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. Осы орайда біздің кафедра мұғалімдері үнемі ізденіс үстінде, оқушылардың жүрегіне жол тауып, шығармашыл тұлғаны шыңдап келеді.

Бертисова Тоқан Төлеуовна

«Адам жанын түсіне білу, оны зерттей білу - үлкен өнер» деп З.Фрейд айтқандай әрбір тұлға - жұмбақ. Сондықтан оқушының жеке басының ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан талдап, диагностикасын жүргізу нәтижесінде, білім бере отырып тәрбиелеуді берік ұстанады. Сабағында Ж.А.Қараевтың деңгейлік оқыту техникасын А.А. Еруловтың «Жеке бағытталған оқыту» технологиясын тиімді пайдаланып, оқушы шығармашылығын, ойлау қабілетін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстарының нәтижесінде оқушылар тиянақты білімімен ерекшелінетін жеке тұлға. Әлемдік қауымдастық математикалық білім берудің адамзат өркениетін дамытуда ролінің зор екенін ескеріп, республикалық математика пәні мұғалімдерінің І съезін өткізді. Сол съезге қатысып көтерілген мәселелерге орай облыстық «Жетісу» мен «Огни Алатау» газеттерінде «Особая роль» айдарымен ұсынылған мақалалары, «Елназар» журналы мен «Білім шапағаты» газетінде, «Білімділер kz», «Ұстаздар kz» сайтында іс- тәжірибелері, «Математиканы оқытуда визуалды әдісті қолдану», «Кафедра жұмыстарын шығармашылық жүйеде ұйымдастыру» тақырыптарындағы ой пікірлері көпшілік назарына ұсынылған. Экономикалық білім беру бүгінгі күн талабынан туындап отырған міндет. Осыған орай математика сабақтарында экономикалық білім беруге арналған әдістемелік көмекші құралы баспадан шығарды. Жеке оқушымен жүргізілген жұмыстың нәтижесі шәкірттері «Дарын» ғылыми жобалар жарысында ІІІ дәрежелі дипломмен, 2015жылы Тұрсынбаева Айнұр «Кіші ғылыми академия» жобалар жарысында қаладан І дәрежелі дипломмен , облыстан 2 дәрежелі дипломмен, математикадан халықаралық қашықтық Блиц турнирінде «Жаңа сабақ» проектісі бойынша 12 оқушы, халықаралық қашықтық олимпиадасында «Инфоурок» проектісі бойынша 23 оқушының жүлделі дипломмен марапатталған.

Ибраева Салтанат Нургазиевна - педагогика ғылымдарының кандидаты, Ы. Алтынсарин төс белгісінің иегері. Математика сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалану негізінде оқушы дарындылығын дамыту арқылы, жаңа инновациялық технологиялары басшылыққа ала отырып, сапалы білім беру бағытында сабақты жеке балаға бағыттап ұйымдастыру негізінде оқушылардың іс-әрекетін өздігінен білім алуға бағыттай келе шығармашыл жеке тұлға қалыптастыруда шеберлікпен еңбек ететін тәжірибелі ұстаз.

Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім үшін білім мазмұнын, әр оқушының өзіндік ерекшелігін, оқушылар ұжымының артықшылықтарын, соған сәйкес оқуды ұйымдастырудың формалары мен тактикалары жайлы ақпараттарды ескеріп, қажетіне жарата алу оның басты құндылықтарының бірі болып табылады. Мұғалім өз тақырыбын мектеп проблемасымен ұштастыра отырып өткізген ашық сабақтары: «Тригонометриялық теңдеулерді және теңдеулер жүйесін шешу әдістеріне есептер шығару», «Квадраттық теңсіздіктер» білім биржасы іскерлік ойын сабағы ұстаздың шеберлігін көрсететін өмірмен байланысқан, оқушыларды құзыреттілігін қалыптастыратын сабақтар. Ұстаз жаңашыл ізденімпаз, еңбекқор өз ойын, педагогикалық іс-тәжірибесін республика көлемінде таратып жүрген ұстаз.

1) Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың әдістемелік ұйымдастыру мәселелері Облыстық семинар материалдары «Математикадан бірыңғай ұлттық теске дайындау жүйесі» баяндамасы 2014ж

2) Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған есептер жинағы «Логикалық есептердің шешу тәсілдері» 2014ж

3) «Орта мектепте математикалық анализдің негізгі үғымдарын қалыптастыруда есептерді пайдалану» Оқу-әдістемелік құрал ISBN 987-601-80216-6-4«Дизайн ОТ» 20.04. 2012ж

4) «Математикадағы экономикалық есептер» Мұғалімдерге арналған көмекші құрал ISBN 987-601-80216-7-1 «Дизайн ОТ» 24.04. 2012ж

5) «Математика 5-6»Жеке балаға бағытталған тест тапсырмалары Дидактикалық материал ISBN 987-601-80216-5-7«Дизайн ОТ» 20.04. 2012ж

6) «Алгебра 7» Жеке балаға бағытталған тест тапсырмалары Дидактикалық материал ISBN 987-601-80216-5-7 «Дизайн ОТ» 24.04. 2012ж

7) «Алгебра 8» Жеке балаға бағытталған тест тапсырмалары Дидактикалық материал ISBN 987-601-7443-00-9 «Дизайн ОТ» 28.08. 2013ж

8) «Геометрия 7» Жеке балаға бағытталған тест тапсырмалары Дидактикалық материал «Дизайн ОТ» 2015ж

9) «Геометрия 8» Жеке балаға бағытталған тест тапсырмалары Дидактикалық материал «Дизайн ОТ» 2015ж

2014-2015ж Дарын ғылыми жобалар жарысында қала бойынша 10ә сынып оқушысы Нургазин Алишер 3-орын, облыс бойынша 3-орын иеленді. Математикадан пән олимпиадасыннан Таңірбергенов Элдар қаладан 3-орын, облыстан 3-орын иеленді. Зерде ғылыми жобалар жарысында 7 сынып оқушылары Нургазин Санжар мен Менлыбаева Айнар облыстан 1-ші орын, ал республикадан 3-орын алып дипломмен марапатталды. Кіші ғылыми академиясының ғылыми жобалар жарысында Сапа Бауыржан 1-орын иеленді. «Ломоносов» олимпиадасынан 7 сыныптан Жанатбек Ақерке, Рақымбек Бақытжан, Айнабек Арай -3 орын, 10 сыныптан Сапа Бауыржан, Бауыржанов Сұлтан -3 орын иеленді. «Инфоурок» халықаралық дистанциондық олимпиадан -7-11 сыныптар арасында 1орынды -43 оқушы, 2-орынды -2, 3 орынды -5, 9- сертификатқа ие болды. «Novjurok» халықаралық дистанциондық блиц турнирдан - 7, 10,11 сыныптардан 1-орын -4, 2- орын -7, 3-орын -4 алып жүделі дипломдармен марапатталды.

Мендекина Баян Қабдоллақызы - Қазақстан Республикасы білім беру саласының Құрметті қызметкері» төс белгісінің иегері. «Дарынды және талантты балаларды оқыту» модулі бойынша шығармашылық топ жетекшісі. Бұл модульдің лицей үшін алып отырған орны ерекше. Шығармашылық тобтың басты мәселесі: Дарынды балалармен жұмысты тиімді ұйымдастыру. Оқу үрдісінде дарынды балалардың потенциалының дамуына мүмкіндік жасау мақсатында жұмыс жасап келеді. Шығармашылық топтың ұйымдастыруымен лицей мұғалімдерімен «Дарынды және талантты балаларды оқыту ерекшелігі» және «Дарынды баларды анықтау жолдары» тақырыптарында коучингтер өткізіп отырады. Атқарылып жатқан жұмыстар жайлы «Дарынды және талантты оқушыларды оқыту ерекшелігі» тақырыбында жазылған мақаласы республикалық ПШО орталығына, «Дарын» журналына жіберілді. 8- сыныпта «Екінші дәрежелі теңдеулер жүйесін шешу» тақырыбында өткізілген ашық сабағы бейнефильмге түсіріліп, республикалық ПШО орталығына жіберілді. «Мектептің даму жоспары» тақырыбында ПШО орталығында оқып жатқан І деңгей ұстаздарына коучинг өткізіп өз тәжірибесімен бөлісті.

1) «Білімге бастар құт мекен» лицейдің 20 жылдығына арналған кітабының авторы.

2) 2011жылы Шымкент қаласында өткен семинарда «Дарынды балаларды оқыту жағдайындағы жеке білім бағдарламасы» тақырыбында баяндама жасап іс- тәжірибесімен бөлісіп отырады.

3) «Лицейдегі білім беруді басқарудағы инновациялық тәсілдер» атты мақаласы халықаралық «Атамекен-ай» журналының 2010 жылдың №2 нөмерінде жарияланды.

4) Республикалық «Дарын» журналында «Дарынды және таланты балаларды оқыту ерекшелігі» мақаласы жарияланды.

Мендекина Баян Қабдолдақызы-терең теориялық білімі бар, бүгінгі өмір талабына сай нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінің оқыту әдістемесін жетілдіре отырып, педагогикалық жаңашыл идеяларға, тың ізденістерге жол ашып келе жатқан ұстаздардың бірі. Ұстаз әр сабағын бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерінің дамуына жете көңіл бөледі. Математика пәнін оқыту барысында И.С.Якиманскаяның жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясын негізге ала отырып дамыта оқыту әдісін, проблемалық оқытудың ұжымдық тәсілін пайдалана отырып, оқушылардың танымдық қызметін қалыптастырады. Өзі сабақ беретін сыныптарда психологиялық-педагогикалық диагностика нәтижесі негізінде оқушылардың алгоритмдік, геометриялық, логикалық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы бойында бәсекеге қабілетті білімділікті дарытуда халықаралық PISA,TIMSS тексеру тапсырмаларын сабақта үнемі пайдалану арқылы оқушы құзырлығын қалыптастыруға ұстаз баса көңіл бөледі.

Жаратылыстану-математика бағытындағы бейімді оқытуды жүзеге асыруда жоғарғы математика тарауларынан «Аналитикалық геометрия», «Дифференциалды теңдеулер» таңдау курстарының бағдарламаларын жасап, оқушылар сұранысына қарай жүргізуде. Ол - педагогтік шеберлігі жоғары ұстаз, үнемі тың ізденістерге жол бастаушы, оларды іске асырушы.

Оқу-тәрбие жұмысының ғылыми негізінде саралау әдісімен жүргізілу нәтижесін шәкірттерінің жеткен жетістіктерінен көруге болады. 8 - сынып оқушысы Өмірәлі Алихан 2013-2014 оқу жылында қалалық пән олимпиадасынан жүлделі ІІІ орын иеленсе, 2014-2015 оқу жылында «Дарын» ғылыми жобалар жарысында Казали Ару мен Умирзаков Азат қалалықта 2-орын, облыста 2-орынға ие болды. 8-сынып оқушысы Шәкербек Әсел облыстық пәндер олимпиадасында ІІІ орын жүлдегері болды.

Математикадан халықаралық қашықтық Блиц турнирінде «Жаңа сабақ» проектісі бойынша 10 оқушы, Халықаралық қашықтық олимпиадасында «Инфоурок» проектісі бойынша 10 оқушысы жүлделі дипломмен марапатталды.

Долаева Гүлбаршын Қапышқызы «Өзгелерді үйретіп жүріп, өзіміз де үйренеміз» деп Л.А.Сенека айтқандай өз жұмысын инновациялық бағытта, ғылыми тұрғыда ұйымдастырып, теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтыра отырып, оқу-тәрбие үрдісін жоғары деңгейде жүйелі жүргізетін ұстаз. Жаңа технологияларды қолдана отырып, ашық сабақтар беріп отырады, соның бірі республика көлемінде 20.05.2015 жылы «RNPS_Daryn» бөлмесінде өткізілген «Банктер іс-әрекеті» тақырыбындағы онлайн сабағы. Облыс, республика көлеміндегі семинарларда және мұғалімдердің білім жетілдіру институтының тыңдаушыларына «Экономика және қаржы сауаттылығы», «Банктер іс әрекеті», «Қолданбалы экономика» курстарын, деңгейлік курс мұғалімдеріне «Көшбасшылық түрлері», «Дарынды балаларды оқыту» атты шеберлік сыныптарды өткізді. «Экономикалық тәрбие беру - қоғамдық пайдалы әрекетке ұйымдастыру» атты әдістемелік нұсқаулығы облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының шешімімен облыс, республика мұғалімдеріне таратылды.

2012-13 оқу жылында Алматы қаласында өткен экономика пәні бойынша республикалық олимпиададан оқушысы Байдрахманкызы Жансая І орынды иеленді.

2013-14 оқу жылында Қарағанды қаласында өткен республикалық олимпиададан оқушысы Сакенова Ғалия ІІІ орынды иеленді.

2014-2015 оқу жылындағы республикалық олимпиадада оқушысы Азанбекова Гүлсім Теориядан ең үздік көрсеткішке қол жеткізіп, ІҮ орын алды.

2013-2014 оқу жылында «Жас ұрпақ-2050» қоғамдық қоры ұйымдастырған республикалық олимпиадада Ысқақов Біржан, ал осы олимпиадада 2012-2013 оқу жылында Алтай Бақтияр ІТ университетінің қаржы мамандығы бойынша білім грантын жеңіп алса, 2014-2015 жылы Жабықбаева Сания І орынға қол жеткізді..

Тулеметова Камида Абилдабековна - математиканы оқытудың жаңа озық технологияларын жетік меңгерген, оқушылардың танымдық қабілетін, логикалық ойлау, өздігінен іздену іскерлігін, өзін-өзі бақылау, бағалау әрекетін дамыту, әр оқушының математикалық қабілетіне, білім деңгейіне қарай үйретушілік, алгоритімдік, эвристикалық, шығармашылық тұрғыдағы қалыптан тыс есептердің жүйелі жүйесін тиімді қолдануды мақсат етіп қойған. Құзырлықты қалыптастыруға мүмкіндік беретін технологиялардың бірі - Ж.А.Қараевтың «Деңгейлік оқыту» технологиясы, С.Н.Лысенконың «Түсіндіре оза оқыту», А.А. Еруловтың «Жеке бағытталған оқыту» технологиясын пайдалану арқылы интерактивті тақта сияқты құрал-жабдықтарды қолдана отырып өткізген сабақтар сериясы:

6 - сыныпта «Математикалық сандық», 7 - сыныпта «Бүтін көрсеткішті дәреже», 8 - сыныпта «Іздеген - табар, оқыған - озар», ҮӘЖ технологиясы бойынша «Виет теоремасы», облыстық семинарда 6 - сыныпта «Жазықтықтағы координаталар» іскерлік ойын ашық сабағы жаңа озық технология негізінде оптимальді, жоғары деңгейде өткізді.

5, 6, 7- сыныптар бойынша «Жеке балаға бағытталған тест тапсырмасы» құрастырылып, сабақ үдерісінде қолданып, оң нәтижелерге қол жеткізді. Нәтижесінде, 2012 жылы «Математика 5-6. Жеке балаға бағытталған тест тапсырмалары» кітабы жарыққа шығып, облыс көлемінде таратылды. Білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс - әрекеттегі зерттеудің ереше үлгісі болып табылатын Lesson Study тәсілін 9 ә сыныбындағы «Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдікті қолдану», PISA тапсырмаларын, «Әр оқушының даму динамикасын анықтауда критериалды бағалаудың мүмкіндігін пайдалануды» өз сабақтарында қамтиды.

Инновациялық технологияларды қолдана отырып, жеке балаға бағытталған оқу технологиясының оқушының білім деңгейін арттыруда оқытудың тиімді жолдарын зерттеуде мұғалімнің сабақтары үлкен ізденіске толы. Үнемі өз білімін жетілдіріп, әдістемелік жаңалықтармен танысып, өзінің ой-өрісін кеңейтіп, рухани байлығын молайтуда білімін толықтырып отыратын ұстаз. Өз тәжірибесін әріптестерімен бөлісіп отыратын білікті маманның 2014. №2 жылғы «Математика информатика физика» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында «Жазықтықтағы координаталар», 06.05.2014 №6 «Мұғалім мінбері» Алматы обылыстық қоғамдық- педагогикалық газетінде «Бүтін көрсеткішті дәреже», 2014 жылғы №3 «Мектептегі мерекелер» республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналында «Әдептілік-тәрбие бастауы» ашық тәрбие сабақ, «Ұстаз.kz» сайтында «Түркістанға саяхат», «[email protected]» сайтында «Квадрат теңдеулер» тақырыптарындағы тәжірибесін көпшілік назарына ұсынды.

Дарынды оқушылармен ізденіс жұмыстары нәтижесін беруде 2014 ж. Алмас Кәрім қалалық пән олимпиадасында ІІІ орын, 2014 ж. Павлодар қаласында К.И.Сәтбаев атындағы III халықаралық олимпиадасының жаратылыстану ғылыми бағыты бойынша Джумаков Арман III орын, 2014 жыл Өмірбекова Аяжан, Жабықбаева Сания қалалық КҒА ІІ орын. 2015 ж. Мустажапова Алия қалалық КҒА ІІ орын, 2015 ж. Джумаков Арман, Мұрат Аяжан қалалық КҒА ІІІ орын иеленді. Математикадан халықаралық қашықтық Блиц турнирінде «Жаңа сабақ» проектісі бойынша 54 оқушы қатысып 20-І орын, 20-ІІ орын, 14-ІІІ орын, халықаралық қашықтық олимпиадасында «Инфоурок» проектісі бойынша 66 оқушының: 59-І орын, 7-ІІ орын алып ,жүлделі дипломдармен марапатталуынан көрінді.

Буланов Мұрат Даданбекұлы - ізденімпаз, жаңашыл математика пәні мұғалімі, математика "Білім магистрі".

"Математика пәнінде ақпаратты оқыту технологияларын пайдаланып, оқушылардың танывмдық белсенділігін айқындау жолдарын дамыту" мәселесі бойынша шығармашылық ізденіс тақырыбында жұмыс істейді. 2013-2014 оқу жылының облыстық "Жылдың үздік мұғалілімі" байқауының 1-орын иегері. Қалалық семинарда "Туындының физикалық мағынасы" тақырыбында физика пәнімен кіріктіріліген сабақ өткізді.

ЖМУ хабаршы халықаралық журналында ф.м.ғ.д, профессор Бопаев Каден Балапановичпен бірге "Устойчивости разностных динамических систем (РДС) в случаях близких к критическим" тақырыбында мақаласы жарық көрді.

"Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы мен Кембридж университетінің білім беру факультеті бірлесіп әзірлеген деңгейлік бағдарламалар бойынша Педагогикалық шеберлік орталығының 2 деңгей курсын оқып аяқтап, курс бойынша 8-сыныпта "Құрамында квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру", "Рационал теңсіздіктерді шешу" тақырыптарында ашық сабақтар берді. Осы курс мағынасына сәйкес "Диалогтік оқыту арқылы сөйлеу тілдерін қалай дамытуға болады?", "Дарынды және талантты баланы қалай анықтаймыз?" тақырыптарында мұғалімдермен коучинг жұмыстарын ұйымдастырды. Қазіргі күнде 2 әріптесіне курс бағдарламасы бойынша тәлімгерлік етуде.

Сонымен қатар дарынды оқушылармен жұмыс істеуде де аянбай еңбек етуде. Оның нәтижесі ретінде биылғы оқу жылындағы жетістіктерін айтуға болады.

2014-2015 оқу жылында қалалық пән олимпиадасында 8-сынып оқушысы Лазар Шыңғыс 3-орын, 9-сынып оқушылары Бейсетбаева Зуфра 1-орын, Туриспаев Жәңгірхан 3-орын, 11-сынып оқушылары Танашов Нұржан 2-орын, Сагитжанов Сұңғат 3-орын иеленді.

Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінен 11-сынып оқушысы Сагитжанов Сұңғат 3-орын иеленді, 11-сынып оқушысы Танашов Нұржан 3-орын, Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінен сертификатпен марапатталды.

Облыстық пәндер олимпиадасынан 11-сынып оқушысы Танашов Нұржан 2-орын, 8-сынып оқушысы Лазар Шыңғыс 3-орын.

11-сынып оқушысы Танашов Нұржан РФМСШИ-да өткен О.А.Жәутіков атындағы халықаралық олимпиадасында сертификат иегері, "Жібек жолы" халықаралық олимпиадасының сертификат иегері, республикалық пәндер олимпиадасының сертификат иегері.

2014-2015 оқу жылында "Инфоурок" халықаралық олимпиадасының күздік жобасында 11-сынып оқушысы Сагитжанов Сұңғат 3-орын, қыстық жобасында 5-сынып бойынша 27 оқушы 2-орын, 1 оқушы 1-орын, 6-сынып бойынша 28-оқушы 1-орын, 7-сынып бойынша 1-оқушы 1-орын, 8-сынып бойынша 14-оқушы 1-орын, 9-сынып бойынша 8 оқушы 1-орын, 11-сынып бойынша 19 оқушы 1-орын, жалпы 71 оқушы 1-орын, 27 оқушы 2-орын, барлығы 98 орын иеленді.

2014-2015 оқу жылында Математика-физика пәндері бойынша облыстағы дарынды балаларға арналған пән олимпиадасында 8-сынып оқушысы Умирзаков Азат 3-орын алды.

Абилова Зиялы Алтаевна - ізденімпаз ұстаз. Шәкірттерге тиянақты білім беруге, сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға әр қашан ұмтылады. Оқушылармен жұмыс істеуден шаршамайды.

Қала ҚҒА Кәрім Гүлім ІІІ орын 2015 жыл, облыс 4 орын, халықаралық "Пони" интеллектуалды байқауы Хасен Е. І орын, Даркембаева А. ІІІ орын 2015 жыл, "Зерде" ғылыми жобалар байқауында Арғынбек І. ІІІ орын, Абугалиев А. ІІІ орындарымен марапатталды. Сонымен қатар халықаралық «Инфоурок», «Новый урок» олимпиадаларына қатысып оқушылар белсенді қатысып І орын - 15, ІІ орын - 15, ІІІ орын - 10 орындарын алды.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және даму деңгейін критериалды бағалау жүйесі арқылы өлшеуіш - тапсырмалар» жинағында, «Алгебралық өрнектер», «Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану» сабақтары енді. Алматы 2014 жыл.

«Білім шапағаты» газетінде 14.02.2015 жыл «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» мақаласы жарық көрді «Мир учителя» сайтында «Lesson study» әдістемелік мақаласы шықты, 21.10.2013 ж. «Трапеция» ашық сабағы «Ystaz kz» сайтында жарияланған, ақпан 2015 жыл.

Байзулин Айдын Айдарович - жаңа ақпараттық технология құралдарын жетік меңгерген, шығармашалық жігері мол, әр ісіне жауапкершілікпен қарайтын ұстаз.

Жаһандану дәуірінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастыруды жүзеге асыру ұстаздың өзекті мәселесі болып табылады.

Байзулин А.А. ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты - оқушылардың оқу материалын толық меңгеруі үшін оқу материалының практикалық жағынан тиімді болуына басты назар аударады. Өткізген әр сабағы электрондық оқулықтар, оқыту-тексеру бағдарламалары, интерактивті тақта, тестілеу, мультимедиялық жабдықтар сияқты мол көрнекіліктермен ерекшеленеді. Интерактивті тақтаның көмегімен, электрондық оқулықпен қатар түрлі презентациялар, флипчарттар жасап, анимациялық эффектілер қосу, тестілеу, фильм түсіру сияқты тәсілдерін математика сабақтарында қолдана отырып, оқушылардың жаңаша ойлау қабілетін ашуға өз үлесін қосуда.

Республикалық «Білім шапағаты» газетінде №7 (280) 14 ақпан, 2015 жыл «Логикалық есептер арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мәселелері» атты мақаласы, 2012ж «Ақсу өңірі» газетінде «Педагогикалық шеберлікті жетілдіру - білім сапасының кепілі» мақаласы, ғаламторда сабақ жоспарлары, баяндамасы, шебер-сыныптары жарық көрді.

2014 жылы Алматы-Қаскелең қаласында өткен «Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді оқытудың әдіс-тәсілдері» атты республикалық оқу әдістемелік семинарына қатысып, сертификатқа ие болдым. 2014-2015оқу жылында Астана қаласында өткен республикалық «Жас ғалым» атты ғылыми жұмысы бойынша Сейтай Ернар ІІІ орын иеленді. халықаралық "Пони" интеллектуалды байқауы Бейсбек Яна. 1 орын, Салимгереев Қ. 3 орын 2015 жыл. Сонымен қатар 20 оқушысы инфо сабақ, жаңа сабақ жарысынан І орынға қол жеткізді.

Мухаметқазы Камелбекович Есенгулов - өз мамандығын сүйетін, информатика пәнін оқытуда модульдік, деңгейлік саралап, ақпараттық-коммуникациялық оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін пайдаланатын білімі жетік ұстаз.

Әр сабағын бүгінгі күн өзгерістерімен байланыстыра отырып, әр оқушының жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, оқушылардың дағды, икемдіктерін, қабілеттерін және интеллекті ерекшеліктерін зерттеу нәтижесін негізге алып, олардың білімін тереңдетуге көп көңіл бөледі. М.В. Клариннің «Толық меңгеру» және А.А. Яруловтың «Жеке бағытталған оқыту» технологиясын пайдалану арқылы интерактивті құрал-жабдықтарды қолдана отырып өткізген сабақтар тобы білік, дағды және ойлау әрекеттерін сатылап қалыптастырудың әдістерін жүйелі пайдаланатынын көрсетті.

Ғылыми-зерттеу жұмысының барысында оқушылардың алған білімдерін жинақтауға, жүйелеуге, білік пен дағды, білім жиынтығы - құзырлықты қалыптастыруға мүмкіндік беретін технологияның бірі - «Саралап-деңгейлеп оқыту» технологиясының элементтерін пайдаланудың негізінде - әр оқушының жеке қабілетін, ерекшелігін, танымдық мүмкіндігін іске асыруға көмектесетін «Деңгейлік есептер» атты деңгейлік есептер жинағын құрастырған.

1) 2012-2013 жж. Талдықорған қаласы тамыз конференциясы «Объектілі-бағытталған бағдарламалау тілдері бойынша практикалық жұмыс тапсырмаларын құрастыру» баяндама;

2) 2013-2014 жж. Талдықорған қаласы тамыз конференциясы «Объектілі-бағытталған бағдарламалау тілі негізінде жоба құру жұмысының маңызы» баяндама;

3) «Білім шапағаты» республикалық газетті, №23 15.05.2012 ж. «Адам және оның еңбегі» рубрикасында «Жақсы ұстаз - жан азығы» атты өзім туралы мақала

«Жақсы мұғалім, жақсы шәкірт жасайды» деген ғұламалар тұжырымы Мухаметказы ағайға қарап айтылғандай. 2013-2014 жж. оқушылары Бурумбай С. облыстық олимпиада да - І, республикалық олимпиада да - ІІІ орын, Қойшыбаев Е. Облыстық КҒА жобасында - ІІІ орын жеңімпазы атанды. 2014-2015 жж. оқушысы Бурумбай С. облыстық олимпиада да - ІІ орын, республикалық олимпиада да - ІІІ орын, 10 сынып оқушысы Абылайхан А. Информатика және ақпараттық технология бойынша "Bebras" - 2014 халықаралық ойын-конкурсында - ІІІ орын жеңімпазы атанды.

Оралова Ардак Сайрамхановна - өзекті мәселесі «Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану» арқылы, нәтижеге бағытталған білім беру мақсатында ақпараттық-комуникативтік технологияны пайдалану негізінде, өз жұмысын болашққа бағыттай алатын тұлға даярлау, шәкірттеріне терең білім беруде әр түрлі әдіс-тәсілдерді, оқытудың инновациялық технологияларын қолдана отырып, оқушының шығармашылық қабілетін жеке тұлғалық өзіндік идеясын көзқарасын қалыптастыруда, оларға қазіргі заман талабына сай, сапалы білім мен саналы тәрбие беруде шеберлікпен еңбек ететін тәжірибелі ұстаз.

Тәжірибесі мол ұстаздардың бірі ретінде ғылыми - зерттеу жұмыстарымен айналысатын шығармашылық топтың көшбасшысы. Шығармашылық топтың жылдық жұмыс жоспары бекітіліп, жүйелі жұмыс жүргізуде. Атап айтсақ ұжым мүшелерімен өткізген коучинг сессиялары «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдары », «Оқушыларды ынталандыру мақсатында сабақта формативті бағалауды қолдану», «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану» тақырыптарында өткізген коучингі қатысқан ұстаздарға пайдасын тигізді.

2014ж. «Оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану» 2015 ж. тақырыптарында баяндамалары тыңдалды. Педагогикалық шеберлік орталығынмен бірлескен жұмыс, республика мектептерімен желілік қоғамдастықта болу мақсатында әртүрлі «Мастер класс», «Тренинг сабақ» педагогика шеберлік орталығының сайтына жарияланды, 2013ж-2014ж. Ұстазбол.kz сайтына ашық сабақ жарияланды, тақырыбы «Векторлық графика. CorelDRAW графикалық редакторының ішкі ортасымен танысу». Ұстаздың тәжірибесі баспасөз бетінде жарықтандырылды: «Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік журнал, 2012 жыл №2 «Оқушылардың білімдік жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесін қолдану», «Ел-назар» Республикалық журналына №11 2014 жыл АКТ-ның пайдасы әдістемелік мақаласы жарияланды. Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының ХХІІІ облыстық ғылыми тәжірибелік конференциясының тезистер жинағына 4 наурыз 2014ж «TURBO PASCAL» программалау тілінде есептер жинағын құру бағдарламасы атты жұмысы жарияланды.

2014-2015 оқу жылы Облыстық пән олимпиадасында Ақашаев Мақсат 10 сынып ІІІ орын, Түкебаев Серік 9 сынып ІІІ орын, Альбосынов Элдар ІІІ орынға қол жеткізді. Облыстық «Дарын» жарысында Тоқсеитов Әсет 9сынып, ІІІ орын, МАН қалалықта Абдрахим Мақсат, Сыдық Дінмұхамет 9 сынып оқушылары ІІ орын, облысқа жолдама алды.

Абдолла Жаркынгул - өзекті мәселесі «Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы қандай?» осы сұрақ төңірегінде әр түрлі формативті бағалау түрлерін сабақта қолданып, оның оң нәтижелері мен кейбір кемшіліктерін сараптап, «Оқушының оқуына бағалаудың әсері қандай?» атты баяндамасын Sabaqtar.kz сайттында жариялады.

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының негізгі деңгейін сәтті аяқтап, қазір тәжірибесі мол ұстаздармен бірлікте шығармашылық топ құрып, жұмыс жүргізуде. Нәтижесінде 6 сынып информатика пәні бойынша ұзақ және қысқа мерзімді сабақ жоспары жүйеленді. Sabaqtar.kz және Ustaz.kz сайттарында «Алгоритм және моделдеу» тарауының алгоритмдер тақырыпшасы бойынша тізбектелген сабақтар жоспары жарияланды. Бүгінгі өмір талабына сай оқыту әдістемелерін терең меңгере отырып, үнемі жаңа технологияларды барынша ізденіп, сабақтарымен байланыстыра білетін ұстаз. Оқыту мен оқуда жаңа технологияларды тиімді қолданып, Кембридж бағдарламасы негізгі қағидаларына сүйене отырып, оқушыларға сапалы білім беруде. Абдолла Жаркынгул информатика пәнінің түрлі байқау, жарыстарына өзінің үкілеген оқушыларын қатыстырып, жүлделі орындардан көрінуде. 2014-2015 оқу жылы «Дарын» информатика пәнінен Олжабай Дархан 9А сынып оқушысы қаладан ІІ орын, қалалық пән олимпиадасында 8 сынып бағдарламасы бойынша қатысып, Долаев Тоқтар мен Тұрысбаев Арын 7А сынып оқушылары ІІІ орынға ие болды. Осы оқу жылында «Ақпараттық технологиялық Bebars» интеллектуалды ойын конкурсына Долаев Тохтар, Тұрысбаев Арын, Серік Әли 7 сынып оқушылары қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2013 -2014 оқу жылында КИО қашықтық олимпиадасына 10 оқушы қатысып, 8 ерекше сертификатқа алса, 2 оқушы сертификат ие болды.

Апарбаева Гульмира - өзекті мәселесі «Жобалау технологиясын информатика пәнін оқытуда пайдалану» арқылы, нәтижеге бағытталған білім беру мақсатында технологияны пайдалану негізінде, өз жұмысын болашаққа бағыттай алатын тұлға даярлау, шәкірттеріне терең білім беруде әр түрлі әдіс-тәсілдерді, оқытудың инновациялық технологияларын қолдана отырып, оқушының шығармашылық қабілетін жеке тұлғалық өзіндік идеясын көзқарасын қалыптастыруда, оларға қазіргі заман талабына сай, сапалы білім мен саналы тәрбие беруде шеберлікпен еңбек ететін тәжірибелі ұстаз. Гульмира Асылхановна информатика пәнінің мұғалімі республикалық және халықаралық деңгейде ұйымдастырылатын қашықтық интернет-олимпиадалар байқауларына оқушыларын үнемі қатыстырып келеді. Халықаралық «Бобер» ойын-конкурсы -Мұқан Ислам , 8А сынып, ІІІ орын, 2014ж; Халықаралық «Бобер» ойын-конкурсы -Тәңірберген Ерхат , 8А сынып, ІІІ орын, 2014ж; Халықаралық «Бобер» ойын-конкурсы - Абдыхамитов Әлішер , 8А сынып, ІІІ орын, 2014ж;

Халықаралық «Бобер» ойын-конкурсы -Кушеров Мади , 7А сынып, ІІІ орын, 2014ж;









© 2010-2022