«Оқу үдерісіндегі модульдердің үйлесімділігі»

Тақырыбы: «Оқу үдерісіндегі модульдердің үйлесімділігі» Мақсаты: Сабақта 7 модульді қалай енгізіп, пайдалануға болатындығын көрсетіп, жеткізу Міндеттері: Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалану, топтық жұмысты ұйымдастырып, қызығушылықты ояту арқылы табысты нәтижеге қол жеткізу. Күтілетін нәтиже: Сабаққа жаңа әдіс-тәсілдерді еңгізуге құлшынысты ояту, басты идеяларды дұрыс ұғыну, нәтижелі жұмыс көрсету Әдістер мен тәсілдер: Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары: «Болжау», «О...
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коуч:

Аханова Меруерт Ахановна

Тақырыбы:

«Оқу үдерісіндегі модульдердің үйлесімділігі»


Мақсаты:

Сабақта 7 модульді қалай енгізіп, пайдалануға болатындығын көрсетіп, жеткізу

Міндеттері:

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалану, топтық жұмысты ұйымдастырып, қызығушылықты ояту арқылы табысты нәтижеге қол жеткізу.

Күтілетін нәтиже:

Сабаққа жаңа әдіс-тәсілдерді еңгізуге құлшынысты ояту, басты идеяларды дұрыс ұғыну, нәтижелі жұмыс көрсету

Әдістер мен тәсілдер:

Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары: «Болжау», «Ой себеті», «Түйінді сөздер», өзіндік бағалау,

Ресурстар:

Стикерлер, плакат, маркерлер, интеракивті тақта, үлестірмелі материалдар

Қосымша әдебиеттер:

Астарлы әңгімелер, мұғалімдерге арналған нұсқаулық



Жұмыстың кезеңдері

Кезеңнің мазмұны

Қатысушылардың қызметі

Кездесу:

шеберлік сыныбына қатысушы-лармен танысу

Қатысушыларға өз есімі басталатын әріпті жазу ұсынылады.

Бірдей әріптен басталатын есімді қатысушылар кезекпен шығады да, өз есімдерін айтады

Тақырыпты ашу:

Болжамдау арқылы «суретші-лер және суреттер» тақырыбы бойынша қандай жұмыс жасаймыз ( ой тастау)

«Ой себеті» әр топқа қағаз ұсынылады «Миға шабуыл»: Сіздердің ойларыңызша осы тақырып аясында не туралы әңгімелейміз? ойларыңызды «ой себетіне» тастаңыздар

Мұғалімдер «ой себетіне» сабақ тақырыбы жөнінде стикерлерге өз ойларын жазады, одан соң оқиды

Мәтінмен жұмыс:

Мәтінді үзіп оқыту, болжау жасату, әртүрлі деңгейде тапсырма беру, мәтінмен жұмыс жасау болжамын көрсету

1.1 топқа: астарлы әңгіменің мәтінін үзіп бере отырып сұрақтар қою

2 топқа: әр үзінді бойынша мәтіннен сөз тіркестері бар суреттер беріп, болжам жасату

3 топ: тірек сөздері бар суреттерді беру.

2. Әр топтан спикер шығып, өз үзінділерін оқиды

3. Бірінші ойлары мен мәтін үзінділері бойынша өз ойларын бағалау

Мұғалімдер сұрақтарға жауап береді, жауабын «ой себетіне» стикерге жазып жабыстырады, екі топ әңгімелерін жазады.

Ойларын қорғау

Түпнұсқамен салыстыру

Егерде үзінділер түпнұсқамен сәйкес келсе, ой себетіне әр үзіндіге бір алма жабыстырады

Бағалау: Мұғалімдер өз іс-әрекеттерін бағалайды

Жауап беруге өз үлесіңізді қосты-ңыз ба?

Иә

жартылай

жоқ

Өз жауабыңыз мәтіннің мазмұ-нына сай келді ме?

Жауап беру сіз-ден біліктілік, шығармашылық, логикалық ой-лауды талап етті ме?

Тапсырманы орындағанда қиналдыңыз ба?



Мұғалімдер бағалау парақты толтырып тапсырады

Қорытынды: сабақ барысында модульдердің енуіне талдау жасау

«Ой себеттерін» жалғастыра стикерлерге жазу тапсырылады.

Сабақта көрген модульдерге талдау жасап, әркім өз ойын жазып, толтырады.

Рефлексия:

Мұғалімдердің ой-пікірін, ұсыныстарын білу

Суретші ретінде алма ағашын алмамен толтырыңыз

«Екі жұлдыз, бір тілек,» жазып алма ағашына жабыстырады, кейбіреуі оқылады.

Пайдаланылған мәтін:

Атақты көркемөнер орталығы болып саналатын Еуропаның бір қаласында кішкентай бала әдемі бір туындыны көреді. Көркемөнер-дің бұл туындысы өте қымбат екені түсінікті. Бала сурет тұрған витринаның алдында суреттен көзін ала алмай ұзақ тұрады. Ақшасы жетпейтін болған соң, қимай кетеді. Қанағат деп жеген- кигенін азайтып, бір жылда аздап ақша жинайды.

Сұрақтар: -Туынды баланы неге қызықтырды?

- Бала ақшаны жинағанша сурет сатылымда бола ма? Неге?

2) Бір жылдан кейін бала жүгіріп дүкенге қайтып келеді. Суреттің әлі сатылмағанын көріп қуанады да, оған сеніммен кіріп, суреттің авторына: ―Сіз жазған суретті ағамның туған күніне алғым келеді,соны алу үшін ақша жинап келдім, суретті маған сатыңызшы- деп бір уыс ақшасын суретшіге береді.

Сұрақтар: -Суреттің сатылмағаны оның сапасы төмендігінін білдіре ме?

- Суретші оған туындысын сата ма? Неге?

3) Суретші біраз ойланып, суретті әдемі қағазға орап, оны сұрап тұрған балаға сатады. Бала қуанышын жасыра алмай, алғысын айтып, сыртқа шығады. Дүкенде болған басқа суретшілер таңданып: ―Есің дұрыс па?! Oл жұмысың миллионға кетер еді. Неге су тегінге саттың?- деп сұрайды.

Сұрақ: - Суретші өте қымбат туындысын неге аз ақшаға сатып жіберді?

4) Суретші: ―Иә, бұл суретті көп адамға миллионға, не одан да қымбатқа сатар едім. Бірақ солардың ішінен бұл суретті сатып алу үшін бір жыл бойы жиған ақшаның бәрін бере алатын қанша адам шығар еді?-деп жауап береді.



© 2010-2022