• Преподавателю
  • Математика
  • Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп

   А - Тізбектелген сабақтар топтамасына  Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп                Тыңдаушының жазбалары Тренердің пікірі        Біліктілікті арттыру жүйесінде соңғы уақыттарда отандық педагогикалық технологиялармен қатар шет елдік, олардың ішінде әлемдік озық идеялар негізінде жасалған жобаларды қолдану жақсы нәтижелер беруде. Сыни ойлау- адам өмірінің бір саласы. Олай дейтініміз- бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен өздері үшін ненің маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәс...  
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кенжеева Тоғжан Абдуллаевна мұғалім портфолиосы А есебі

№10 топ 2013 жыл ІІІ деңгей

Шымкент қаласы


А - Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі

қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп

Тыңдаушының жазбалары

Тренердің пікірі

Біліктілікті арттыру жүйесінде соңғы уақыттарда отандық педагогикалық технологиялармен қатар шет елдік, олардың ішінде әлемдік озық идеялар негізінде жасалған жобаларды қолдану жақсы нәтижелер беруде. Сыни ойлау- адам өмірінің бір саласы. Олай дейтініміз- бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен өздері үшін ненің маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы- білімнің дайын күйінде берілмеуі. Бұл жобаның мақсаты- демократиялық қоғамда өз көзқарасы, пайымдауы бар, өз-өзін жетілдіріп отыратын, айналадағы үдерістерге сыни көзбен қарап жауап бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыру (Қазақ тілі мен әдебиеті-8/2010ж.135-бет)7 Мектептегі практика кезеңінде Бағдарламаның жеті модулін байланыстыра отырып, оқушының сыни тұрғыдан ойлау дағдысын жетілдіру мақсатында қандай жұмыстар жасадым және оларды қалай жүзеге асырдым,сол жұмыстар өз жемісін берді ме? Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? Мен сыни оқытуды сабақтарда дұрыс пайдалана алдым ба? Оқушыларда сыни ойлау дағдысы қалыптасқан жағдайда сындарлық көзқарасын өзінің өмірінде тиімді пайдалана ала ма? Тиімді пайдалану үшін мен не істеуім керек ? - деген сұрақтар төңірегінде зерттеу жүргіздім.

Мен Кембридж тәсілі негізінде оқып үйренгенім бойынша және осы педагог- ғалымдардың сөздерін негізге ала отырып, өз сабақтарымда оқушыларды сыни тұрғыдан ойлантуға, өзім де сыни тұрғыдан оқушылар ойланатын сұрақтар қоюға тырыстым.Сын тұрғысынан ойлау әдісінің жаңа сабақты түсіндіру барысында берері мол.Сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.Мұндай сабақтардың дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі де - осында.Сабақ кезінде мұғалім назарынан тыс қалатын оқушы болмайды. «Сын тұрғысынан ойлау» жобасының 100-ден астам стратегиясы бар. Мен өз сабақтарымда оқушыны жан-жақты дамыту мақсатында бірнеше технологияларды іс жүзінде қолданудамын. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларының әрқайсысының өзіндік мәні бар.Осындай әдістерге Мозайка әдісі арқылы іздендіру, зерттету, талдату, сұрақ-жауап, Семантикалық кесте, Венн диаграммасы, «Топтастыру» әдісі, INSERT стратегиясы, «Эссе» және т.б стратегияларды қолданамын.

Дәстүрлі оқытуда оқушыға білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыру бірінші кезекте тұрса, ал бүгін жеке тұлғаны жан-жақты дамыту,олардың дарыны,қабілеті,талантын дамыту алғы кезекке шықты.Қазақстан Республикасының «Орта білімді беруді дамыту тұжырымдамасында» : «Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу,мүмкіндіктерін,өмірдегі мәнін көрсету арқылы оның тереңірек ұмтылуына,сондай-ақ ізденісіне,бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және осылайша оған түпкілікті өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру-білім берудің түпкілікті мақсаты»,делінген (Қазақ тілі мен әдебиеті,8/2010,5-бет).

«Қашықтықтан оқыту» кезеңінде мектептегі іс- тәжірибеден өту барысында 7 «Ә» сыныбындағы әдебиет пәнін таңдап алдым. Себебі ғұламалар: «Әдебиет-халықтың санасы,оның рухани өмірінің бояуы мен жемісі»-деп бағалаған әдебиетті талапқа сай деңгейде оқыту арқылы баланың рухани әлемін қалыптастыру,ізгілікке,биік адамгершілікке тәрбиелеу,ең бастысы,адам ретінде баулу-әдебиетші ұстаздың аса мәртебелі міндеті екенін өзіме басты мақсат етіп алдым.Өйткені жаһандану дәуірінің лебі ескен,әлемді ақпараттар ағыны жаулаған,батыстық мәдениет өмірімізге дендеп енген қазіргі кезеңде ұлттық қасиетті,сын-сипатты сақтап қаларлық рухани күш-қуат беретін бірден-бір құдірет-туған халқымыздың көркем-әдеби мұрасы болмақ.

Абайдың алыптығын сезінген,мұңын ұққан,Мағжанның сұлу жырына сұқтанған,Мұхтардың дарын қуатына таңданған,Махамбеттің қасіретіне жүрегі сыздаған, Мұқағалиды жаны елжіреп жақсы көрген бала бөтенге еліктемейтін,өз асылының қадір-қасиетін ұғып,бағалай білетін ,өзін-өзі сыйлай білетін азамат болып өсері анық.

Мектептегі тәжірибе кезеңінде өткізетін тізбектелген төрт сабағымның да Ұлы Абайға арналуының мәні де осында жатыр.Қазанның 10 жұлдызында «Абай Құнанбайұлы «Қансонарда бүркітші шығады аңға» тақырыбы бойынша өтілген сабақта диалог арқылы сыни тұрғысынан ойлау әдісін қолдануды жөн көрдім. Бұл әдістің тиімділігі - баланың ойлау , сөйлеу және жазу қабілетінің қай деңгейде екеніне көз жеткізіп, кездескен кемшіліктерді дер кезінде жеңуге мүмкіндік береді.Сабақ барысында оқушы мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйренді.Ең бастысы өз түйгенін айтуға дағдыланды. Бұл тізбектелген сабақтарды өтудегі мақсатым-оқушыларды Абай Құнанбайұлының өмірі,шығармашылығы туралы тың деректермен танысуға талпындыру, Абай шығармалары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.Абай өлеңдерінің мағынасының мәнін терең ұқтыру, өлеңді құрамына қарай талдау,негізгі идеясын анықтау арқылы сыни тұрғыдан ойлай білуге жетелеу.

Сабақты «Өзіңе тілегенді басқаға тіле» интерактивті әдісі арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырудан бастадым.Абайдың жыл мезгілдеріне арнаған өлеңдері бойынша таңдап алынған суреттерді мозайкалап қиып,сол арқылы төрт топқа бөлдім.Үйге берілген тапсырма Махамбеттің Исатайға арнаған «Тарланым» өлеңін мәнерлеп оқып,өлеңдегі метафораларды табу болатын. Азаттық күрестің басшысы Исатай өлгеннен кейін шыққан бұл өлеңде жоқтау әрі мақтау үлгісі басым. Ақын Исатайды таудан ұшқан тарланға,арыстанға балап,құлжаға теңейді. «Оны өздерің қалай елестетесіңдер, кімнің бейнесінде қабылдайсыңдер,соның жобасын салып, оған түсініктеме жазыңдар» деген тапсырма бердім. Бірінші кезеңде оқушылар толғаудағы Исатайдың сөзбен берілген тұлғасына барлау жасайды. Екінші кезеңде оны өз ойы, қиялына ерік бере отырып, бір нәрсеге ұқсатады. Бұл үрдіс оқушының дүниетанымы,сезімі,ой-өрісіне де байланысты болып келеді.Үшінші кезеңде,оқушылар ұқсатуын қағазға түсірді немесе оны сөзбен жеткізуге тырысты.ы.Әр топта бір-бірінің жұмысын тексеріп шығып,салыстырып,толықтырулар енгізді.

Сабақтың тақырыбы «Қансонарда бүркітші шығады аңға» болғаннан кейін әрі балаларға қызықты болсын деп формативті бағалауды өзіміздің ауылда орналасқан «Ақсу-Жабағылы» қорығын мекендейтін аңдардың суреті бар қима қағаздар бойынша алдым,бағалауды топ басшылары жүргізді.Топ басшылары топ мүшелерін бағалап шықты. Осы орайда, Аружан мен Аяулымның пысықтығын айтып өткім келеді.Тобындағы оқушылардың жауаптарын әділ бағалады.

Сосын қазақ эпосының қаһарманы Алпамыс батыр мен Исатай батырдың сырт бейнесін,жан дүниесін,батырлығын Венн диаграммасы бойынша интерактивті тақтада салыстырды.Үй тапсырмасын бекітуге «2 минутты мемо» әдісімен Махамбет пен Исатайдың достығын негізге ала отырып,достық туралы қысқаша эссе жаздырдым.Эсселерін оқытып,жақсы жазылған екі жұмысты мадақтап өттім.Бандура теориясы бойынша жеке тұлғаның тиімділігін арттыратын қалыптастыруға ықпал ететін фактордың бірі-«Жанама тәжірибені» іске асырудың бір жолы деп мадақтауды пайдаландым.

Жаңа сабақты меңгертуге дайындық ретінде топтық тапсырма бердім. Абай туралы не білесіңдер,не білдіңдер, соны постер жасап, көрсетіңдер дедім.Бұрын мұндай тапсырма орындап көрмегендіктен,балалар постер жасауға көп уақыт жұмсады.Абайдың ұлы ақын екенін, сазгер,ойшыл, дана екенін көрсете алыпты.Табиғат лирикасы,ғылым-білімге шақырған өлеңдері бар,аудармашы дегенді де сурет арқылы,жазумен де айтыпты.Постер қорғауда Нұрдәулет,Лаура өз ойларын нақты жеткізуге тырысты.Бірақ тіл байлықтары, еркіндіктері жетіспей жатты. Нұрсұлтан да қолынан келгенше намысқа тырысып бақты.

Жаңа сабақты Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдатып, «Болжау» стратегиясы арқылы бұл әнді не үшін тыңдатқанымды сұрадым. Оқушылар шамалары келгенше сыни тұрғыда ойланып жауап беріп жатты.Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйінен түсірілген бейнероликті көрсеттім. Оқушылар сол кездегіыдыс-аяқтар мен тұрмыстық бұйымдарды, Абай тұтынған заттарды көзімен көріп, мұқият тамашалап,түсінбеген нәрселерін сұрады,ой-пікірлерін білдірді.

Енді топтық тапсырма бердім.Абай туралы не білесіңдер,не білдіңдер,соны постер жасап,көрсетіңдер дедім.Бұрын мұндай тапсырма орындап көрмегендіктен балалар постер жасауға көп уақыт жұмсады. Әр топтан шыққан оқшылар өздерінің жасаған постерлерін шамалары келгенше қорғап шықты.

Сергіту сәтінде « Абайдың қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер,кім нақышына келтіре мәнерлеп жатқа оқып береді?»- дедім.Бұл жерде әрине жақсы оқитын оқушылар шығып айтып берді.Басқа оқушылар түгел қамтылатын басқа нәрсе дайындауым керек екен келесі сабақта деген ой келді.

Сабақты бекітуге берген тапсырмам «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін оқып,өлеңнің идеялық мазмұнын ашу еді. Балаларға әр топ келесі топқа сұрақ дайындайды дегем,қарасам олардың қолданып жатқандары ашық сұрақтар еді.Мысалы: «Қансонар» деген сөздің мағынасы қандай?», «қазақтар саятшылыққа қандай құстарды баулыған?», «құстарды аңшылыққа баулитын адамдарды кім деп атаймыз?», «бүркіттер қандай аңадарды аулайды?» деген сұрақтар қойып жатты.

Сабақты қорытындылауға « Бес жолды өлең»(синквейн) әдісін қолдандым. Ақын деген сөзге

І жол - зат есім (1сөз)

ІІ жол - сын есім (2сөз)

ІІІ жол - етістік (3сөз)

IV жол - сезіну( з сөз)

V жол - синоним (1 сөз) - бұл стратегия оқушыларға таныс болғандықтан, қиналмастан орындап шықты.

Үйге тапсырма : жақсы оқитын оқушыларға Абай шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері туралы қысқаша зерттеу жазуды,ал қалғандарына өлеңнің мазмұны бойынша сурет салып келуге тапсырдым.

Рефлексия кезеңінде Insert әдісі арқылы оқушылар Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді? деген сұрақтарға жауаптарын стикерлерге жазып, оқып, плакатқа жапсырды.Топ басшылары әр оқушының жауап беру барысында жинаған суреттерін санай отырып,бағалады.

Бірақ осы сабағымда үй тапсырмасына көбірек тапсырма беріп қойыппын,уақыт жетпей қалды.

Келесі сабағымның тақырыбы Абай Құнанбайұлы « Қараңғы түнде тау қалғып», « Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» .Сыни тұрғыдан ойлау модулін бұл сабақта да қолданып отырдым. Шаттық шеңберін құрып, «Жылы лебіз» әдісімен жағымды психологиялық аура қалыптастырып алғаннан кейін түрлі түсті фишкалар арқылы топтарға бөлдім. Үйге берілген тапсырманы тексеріп,бағалауды өзін-өзі бағалау парағының арнайы графасына қою керек екенін ескерттім де, шығармашылық деңгейдегі оқушыларға берілген тапсырма бойынша Абай шығармашылығы туралы жазып келген зерттеулерін оқыттым.Тыңдап,бір-біріне сұрақтар қойып отыруын ескерттім.Оқушылар сыни тұрғыдан ойланып жауап беруге,ойланып сұрақ қоюға тырысып бақты.Интерактивті тақтадан саятшылық туралы слайдтарды көрсетіп,топтардың арасында сұрақ-жауап-диалогі арқылы үй тапсырмасын қорытындыладым.

Жаңа сабақты Досмұқасан ансамблінің орындауындағы «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін тыңдаттым.Абайдың аудармашылығы туралы диалогін құрғыздым.Алдыңғы сабақтан кейінгі рефлексияда бір оқушылар Абай туралы бейнекөрініс ұнады,тағы да тың деректері бар көрініс бар ма деп жазған екен.Соған байланысты интернеттен алынған Абайдың 150 жылдығына арнап қайта жаңғыртылған Балшақпақ жайлауындағы мавзолейлер кешені туралы бейнероликті көрсеттім.

Топтық тапсырма «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» өлеңін оқып,мазмұнын топ ішінде әңгімелеп,идеясын анықтап,флипчартта өлең құрамына талдау жасау еді.Топқа бөлгенде жарыстыру мақсатында бөлді деп ойлаған балалар жұмыстарын жарыса отырып,тез аяқтауға тырысып жатты. Әр топтан сабаққа онша араласпай отырған оқушыларды таңдап,орындықтарының артына белгі қойып кеттім.Кімнің орындығының артында белгі бар болса сол топтың жұмысын қорғайды дедім.Оқушылар жапа-тармағай орындықтарын қарап шықты.Таңдау түскен оқушыларды топ мүшелері көп алдында сөйлеуге дайындады.Сандуғаштай сайрап тұрмаса да өз тобын ұятқа қалдырмауға тырысқан балалардың іс-әрекетіне сүйсіндім.Сергіту сәтінде А4 форматтарын таратып беріп,сүйікті жемістерінің суреттерін салдырып, салған суреттеріне қарап мінездеме бердім.Мысалы үлкен алма салған Ұлбануды ақкөңіл,пейілі кең,т.б. Осыдан кейін өзіндік жұмыс орындаттым. «Екі жақты түсініктеме күнделігі» арқылы Абай өлеңдерінен алынған үзінділерге өз сөзімен түсінік берді.Бұл да оқушыларды сыни тұрғыда ойлануға жетелейтін тапсырма болды.

Сабақты «Сиқырлы таяқша» әдісі арқылы қорытындылады.Мұнда оқушылар таяқшаны бір-біріне беріп тұрып бүгінгі сабақтан алған мәліметтері мен әсерлерін,ой-пікірін бір-бірін қайталамай жеткізуін ескерттім.Бұл жердегі мақсатым оқушылардың тіл байлығын,сөйлеу мәдениетін дамыту болатын. Оқушылар бағалау парағына баллдық жүйе бойынша бір-бірін бағалап,жария етті.

Үйге Абайдың «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» өлеңін негізге ала отырып «Әннің де естісі бар,есері бар» тақырыбына қазіргі әндер туралы эссе жазып келіңдер дедім.

«Екі жұлдыз,бір тілек» бойынша рефлексиясын стикерлерге жазып,апарып флипчартқа ілді.Бұл сабағымның барлық бөлімдерінде берілетін тапсырма түрлері, ақпаратты оқушылардың толық тануы ескерілді. Оқушылар тақырыпты түсінді, әрі өз сөзімен жеткізді. Осы сабақ барысында біраз нәрселер қамтылды.

Үшінші сабағымның тақырыбы : «Абай Құнанбайұлы Жиырма тоғызыншы қарасөз». Бұл сабағымда түрлі түсті кәмпиттерді таңдату арқылы топтарға бөлдім. Топқа бөлудегі мақсатым: оқушылар бір-бірімен пікір алмастырады, ынтымақтастықта болады,бір-бірінің ойын дамытады.

Үйге берілген эссені топ ішінде оқытып,үздік жазылған бір эссені сыныпқа оқыттым.Басқа оқушылар олардың жұмыстарын мұқият тыңдап отырып,сұрақ қоюға дайындалып отырды.Ән туралы Аяулым өз пікірін тамаша жазып келіпті.Аида интернеттен жазып алыпты,оны өзі де мойындады.Тапсырманы орындаудағы еңбегін ескердім,бірақ келесі жолымұндай әрекеттің қайталанбауын ескерттім.

Абайдың қарасөздері деген не? Олардың әдебиеттің басқа жанрларынан қандай айырмашылық-тары бар? деген сұрақтарды барша оқушының ортасына тастадым.Әр түрлі жауаптар алып жаттым.Жауап ретінде Қарасөздер,олардың айырмашылықтары,тақырыптық,көркемдік ерекшеліктері туралы слайд материалдарын көрсеттім.

Үнтаспадан Абайдың қарасөздерінен үзінді тыңдаттым.

Жиырма тоғызыншы қарасөзін топта оқып,Жигсо әдісі бойынша басқа топқа барып түсіндіруі керек екенін айттым.Оқушылардың іс-әрекеттерін бақылап отырдым.

Осы тапсырмадан кейін сергітуге социаграмма құрғыздым.Бұл оқушыларға өте ұнады.

Сабақты қорытындылауға өзіндік жұмыс бердім.Жиырма тоғызыншы қарасөзінде Абай сынаған қазақ мақал-мәтелдерін теріп алып,біреуі бойынша өз пікірлерін жазғыздым.

Бұл сабақтағы бағалауда топ мүшелері ақылдаса отырып келесі топты критерийлер бойынша бағалады.

Үйде Абайдың қарасөздерінен үзінді жаттап келуге тапсырма бердім.

Рефлексияны «Блоб ағашы» бойынша жүргіздім.

Бұл сабақта оқушылар белсенділік көрсетіп,қызығушулықпен атсалысты,жаңа сабақ бойынша жетелеуші сұрақтар мен бағыттаушы сұрақтар қойып отырдым. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып,жауап берді. Жалпы осы екі сабақтан кейін оқушылардың топтасып жұмыс жасау,сыни тұрғыдан ойлану дағдылары қалыптаса бастағаны байқалды.

Тізбектелген сабақтардың соңғысын қорытынды сабақ ретінде жоспарладым.Тақырыбын «Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы,ерінбе!» деп алдым.Бұл сабаққа жеке де,жұптық та,топтық та жұмыс түрлерін енгіздім.Алдымен оқушыларды алма бейнесінде қиылған түсті қималарға жазылған мақал-мәтелдердің сыңарын табу арқылы жұпқа бөлдім.Мақалдың бірінші бөлігін алған оқушы Абайдың қара сөзінен алынған үзіндіні жатқа оқиды, аяқтайтын оқушы соны мазмұндап берді. Екінші жұпта рөлдерін ауыстырып отырдым.

Келесі тапсырма топтық жұмысқа арналғандықтан оқушыларды қатарынан бес саусақтың атын айтқызу арқылы бес топқа бөлдім.

І топ-Бас бармақ

ІІ топ-Балан үйрек

ІІІ топ -Ортан терек

ІV топ- Шылдыр шүмек

V топ-Кішкене бөбек

Әр топ бір-біріне Абай,оның шығармалары туралы сөзжұмбақ,басқатырғыштар дайындады.Осы жерде әр топта араласпай қалған оқушы болмады.Өзара келісе отырып тапсырманы дайындады және шешімін тапты.

Сабақтың келесі бөлімін

« Қуат алып Абайдың тіл,күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен» -деп атап, шығармашылыққа арнадым.Оқушыларға өздері қалаған тақырыпқа өлең құрастыруға тапсырма бердім.

Сергіту сәтін «Жемістер салаты» ойыны бойынша ұйымдастырдым.Бірақ жемістердің атының орнына Абай жырына қосқан бес асылды: Талап,Еңбек,Терең ой,Қанағат,Рақым атауларын енгіздім.Ойын балаларға өте қызықты болды. Ойын ойнау арқылы жылдам қимыл жасап, бойларын сергітеді,есте сақтау қабілеттері шыңдалады.Сондықтан дене қимылдарына негізделген ойындарды ойнатып тұру керек екен ғой деген ой түйдім.

Тарау бойынша алған білімдерін қорытындылау мақсатында Ассоциациялық картамен жұмыс жасаттым.Топтар бір-бірін толықтырып отырды.

Соңғы тапсырма жеке оқушыға арналған жұмыс еді.«Ақпаратпен толықтыр» атты өзіңдік тапсырманың орындалу жолын түсіндірдім.Тапсырманы өз беттерінше орындауын қадағаладым. Топ басшылар өз тобының мүшелерін бағалап,не себепті қойғанын дәлелдеп беру керектігін айттым.Топ басшылары өз тобының мүшелерін бағалап,әр бағаның қойылу себебін түсіндіріп өтті.

Тарау яғни тізбектелген төрт сабақты қорытындылау рефлексиясына Алан Лэйкеннің «Бес саусақ» әдісі бойынша әр саусақта берілген сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап берулерін сұрадым.

1.«Абай туралы нелерді білдің?»

2.«Қандай шығармаларымен таныстың?»

3.«Абай шығармалары қандай қасиеттерге үндейді?»

4.«Ерекше есіңде қалған мәлімет»

5.«Өтілген сабақтарға көзқарасың»

Түрлі түсті қағаздардан қиылған бес саусақ бейнесіне өз тұжырымын жазу арқылы бүгінгі сабақты бағалады,олардан флипчарттарға түрлі бейнелер құрастырды.

Абай-күрделі ойдың,сан қырлы танымның ақыны.Заманынан озып туған Абайдың өлеңдерін оқушының түсіне алмау себебін,Абай ойының күрделілігін ұлы ғалым Ах мет Байтұрсынұлы «Қазақтың бас ақыны»атты мақаласында «Не нәрсе жайынан жазса да Абай түбірін,тамрын,ішкі сырын,қасиетін жазады.Нәрсенің сыры,қасиетін біліп жазған соң,сөзінің бәрі де халыққа тіреліп,оқушылардың біліміне сын болып,емтихан болып табылады» деп жазды.Бұл пікір бүгінгі мектеп оқушысына да қатысты.Абай дүниетанымын Ахаң айтқандай «баяндап ұқтырып қана қоймай,оқушыны «Абайды түсінерлік дәрежеге жеткізу,ұлы ойшылдың даналық дариясына бойлату,терең ойларымен сусындату,дүниетанымдық көзқарасын айқындауда Абайша дүниеге сыншыл көзқараспен қарауға үйрету-бүгінгі сабақтың да,ұстаздың да міндеті деп білемін.

«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулінәдебиет пәнінде қолдану тәжірибесі мұндай сабақтарда оқушылардың сабақ барысындағы бнлсенділігі мен әрбәр оқушының сабақта өздерін ыңғайлы,еркін сезінетіндіктерін көрсетті. Мұндай сабақтарда әрқашан өзара түсіністік пен қолдаушылық және шығармашылық ізденімпаздық бірінші орында тұрады.Сонымен қатар сыни ойлау әдістері қолданылған сабақтарда мұғалімде әрбір оқушыны жекелей саралауға мүмкіндіктер болады.Бұл мұғалімнің барлық оқушыны қызықтыруына жол ашады.

Әрбір сабақта оқушының қызығушылығын оятатындай етіп ұйымдастыруға болады,тек сонда ғана шығармашылық ойлау мен қиындықтарды шешудегі ойлану дағдысы қалыптасатын болады.

Сабақ қалай өтті? Бұл сабақтың ұтымды жері мен мүлдем сөйлемедім десем де болады. Барлығында оқушылар өздері ерекше қызығушылықпен ізденіп, материал жинап, сол жинаған материалдарын ортаға салып,топта талқылап, белсенді түрде орындап шықты.

Түйіндеп келгенде,бәрі мұғалімнің қолында.Бәрі де мұғалімнің біліміне,біліктілігіне,кәсіби шеберлігіне барып тіреледі.Бүгінгі мәдени-әлеуметтік жағдайда бәсекелестікке қабілетті,сан-салалы өмірлік мәселелерде дербес шешім қабылдай алатын мектеп түлегін тек жоғары білікті мұғалімдер ғана даярлай алады.

Не сәтті өтті? Топқа бөлу сәтті өтті. Оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, ынтымақтастық атмосферасын орнатты. Оқушылар өздері ортақ ережелер мен қағидаларға ұсыныс білдіріп отырды.

Не сәтсіз өтті? Менің жоспарлаған уақытым жетпей қалып, қиындық тудырды. Себебі, топтық жұмыс барысында уақыт ұзап қалып жатты; Нәтиже: Оқушылар өз бетінше ізденуге, зерттеуге, ойын ашық айтуға,сыни тұрғыдан ойлауға,бір-біріне көмектесуге үйренді, дағдыланды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті журналы




© 2010-2022