Ондық бөлшектерді бөлу ашық сабақ жоспары

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ондық бөлшектерді ондық бөлшекке бөлу

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ондық бөлшектерді ондық бөлшекке бөлуді үйрету, есептер шығару арқылы білімдерін кеңейту, тиянақтау.

Дамытушылық: алған білімдерін дамыту, сана сезіміне сіңіру, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, дамыту.

Тәрбиелік: оқушылардың теориялық білімін практикалық шеберлікпен ұштастыру, ұйымшылдыққа, жинаққылыққа, еңбекқорлыққа баулу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: деңгейлеп оқыту технологиясы

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, ойын элементтері

Барысы:

Жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау

ІV. Жаңа сабақ түсіндіру

V. Оқулықпен жұмыс

VІ.Сергіту сәті

VІІ. Сабақты қорытындылау

VІІІ.Үйге тапсырма беру

ІХ.Оқушыларды бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, түгелдеу, сабаққа даярлығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІОндық бөлшектерді бөлу ашық сабақ жоспарыОндық бөлшектерді бөлу ашық сабақ жоспарыІІ. Өткен тақырыпты қайталау. (мысалдар арқылы).



Ондық бөлшектерді бөлу ашық сабақ жоспары



ІV. Жаңа сабақ түсіндіру.

Ондық бөлшектерді бөлу ашық сабақ жоспарыМысалы: 3,792:7,9=

Бөліндідегі үтірді оңға бір цифрға жылжытамыз.



Ондық бөлшектерді бөлу үшін :

  1. бөлгіште үтірден кейін қанша цифр болса, бөлінгіш пен бөлгіштегі үтірді оңға қарай сонша орынға жылжытамыз.

  2. ондық бөлшекті натурал санға бөлуді орындаймыз.

Егер бөлінгіштегі үтірден кейінгі цифр жеткіліксіз болса, онда бөлінгіштің оң жағына нөлдер тіркеп жазамыз.

Мысалы: 129,47:2,354=55

1Ондық бөлшектерді бөлу ашық сабақ жоспары29470 2354

Ондық бөлшектерді бөлу ашық сабақ жоспары11770 55

Ондық бөлшектерді бөлу ашық сабақ жоспары011770

011770

Ондық бөлшектерді бөлу ашық сабақ жоспары0

V. Оқулықпен жұмыс. (Сыныпта есептер шығару).

№824. «Қояндарды құтқару» ойыны. Тапсырманы дұрыс орындасақ қояндарды тордан құтқарамыз.

1). 3,6:0,4=9 2). 5,5:0,5=11 3). 8,4:1,2=7

1). 2,46:0,6=4,1 2). 4,68:0,9=5,2 3). 1,96:0,04=49

1). 0,522:0,3=1,74 2). 1,414:0,07=2,02 3). 0,275:0,5=0,55

№826, 827.

«Аңшы мен үйрек» ойыны. Бұл ойынға 4 оқушы шығады. Ойынның шарты бойынша аңшы оқушылар бірінші есеп шығарып болса, үйректерді торларына түсіреді. Ал үйрек оқушылар тапсырманы бірінші орындаса тордан құтылып кетеді.

1. Аңшыға:

Салыстырыңдар:

1,8:0,05 және 1,48:0,04

2. Тіктөртбұрыштың ауданы 1,17 см2, ал ұзындығы 1,3 см. Тіктөртбұрыштың енін табыңдар.

1. Үйрекке:

Салыстырыңдар:

3:1,25 және 3,3:1,32

2. Қарбыздың массасы 8,5 кг және ол қауынның массасынан 1,7 есе артық. Қауыннның массасын табыңдар.

№825. «Балық аулау» ойыны. Қазір балалар көктем мезгілі. Балықшылар өзеннен балық аулады. Бізде бүгінгі сабақта балық аулаймыз. Ойыннның шарты бойынша балық аулап, берілген тапсырманы орындаймыз.

2,7:0,09= 30 3,24:0,18=18

4,2:0,21=20 62,5:0,0025=25000

5,72:0,052 =110 0,0869:0,011=7,9

60:0,25=240

18:0,005=3600

12,6:0,042=300

VІ. Сергіту сәті. «Баше ойыны».

VІІ. Сабақты қорытындылау.

Ондық бөлшектерді бөлу ережесін қайталап жіберейік.

VІІІ.Үйге тапсырма беру. №831, 832 есептер.

ІХ. Оқушыларды бағалау.







© 2010-2022